Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты


с. 1



Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің

2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

І. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің миссиясы мен пайымдауы

Миссиясы

Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.



Пайымдау

Қазақстанның халықаралық туристік қоғамдастыққа Орталық Азия өңіріндегі туризмнің көшбасшысы ретінде бірігуі және бәсекеге қабілетті спорттық ұлтты қалыптастыру.


ІІ. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі қызметінің нәтижесін талдау

2007 жылы министрліктің қызметі Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталды.



Туризм саласында

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2007 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 12,8 %-ға өсті және келушілердің жалпы санынан 5310,6 мың адамды құрады (38,5 %). 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 23,2 %-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан 4544,4 мың адамды немесе 33,0 %-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5 %-ға өсті және 3932,6 мың (28,5 %) адамды құрады.

Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1,9 есеге өскенін дәлелдейді.

Есептік кезеңде 1007 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 51 жеке кәсіпкер 567,0 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл 2006 жылдың деңгейінде 105,1 %-ды құрады.

Туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2007 жылы 63,0 млрд. теңгені құрады және бюджетке аударылған салық сомасы 9 млрд. астам теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 36 %-ға артық.

Республикада қызмет ететін 992 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2640,2 мың адамға 40414,1 млн. теңгеге қызмет көрсеткен. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 26225 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 58367 жатын орынды құрайды.

Елімізде қазақстандық және шет елдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды – техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды. Бұл ретте әлемдік деңгейдегі «Жаңа Іле» туристік орталығын құру жөніндегі «серпінді» жобаны іске асыру маңызды мәнге ие болып отыр.

Алайда, еліміздегі туризмнің жағымда даму тенденциясына қарамай, әлем экономикасындағы қолайсыз жағдай туристік ағымға кері әсерін тигізді, нақты айтсақ, - әкімшілік дерек көздер мен жүргізілген статистикалық зерттеулер дерегі бойынша туристік қызмет 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша республика аумағында ішкі туризм алдыңғы 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 % (3 370,3 мың адам келеушілердің жалпы ағымының 30,9 % құрады), келу туризмі 10,3 % кеміді (3851,0 мың адам немесе келушілер ағымының 32,8 % құрады). Осы жағдай туризм индустриясы даму көрсеткіштерінің сандық және сапалық жоспарланған көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.


Туризм және спорт саласының аясында ерлер және әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін көптеген әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр. Бұдан басқа, бүгінде бірқатар проблемалық мәселелер туындап отыр, олардың шешу көзделген мақсатқа - Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығы ретінде қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  1. Туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлер халықаралық талаптарға сай емес.

2. Қызмет көрсетудің төмен сапасы және Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде таңбалы тарихи орындардың қиындық тудыруы қазақстандық та, шетелдік те туристердің үрейін туғызады. Біздің тарихи мұрамыздың туристік бағдарларларын халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы маңызды проблемаға айналып отыр.



3. Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы

Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.



4. Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы

Бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу, шетелдік туристерді тіркеу процедураларына, кедендік және паспорттық бақылау мерзімдеріне қатысты.



5. Туризм елі ретінде Қазақстанның жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы

Елдің оң туристік имиджін жылжыту жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер – Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың қызметін қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін куәландырады.

Қазақстан туризмінің әлемдік туристік нарықтағы қалыптасқан бәсекеге қабілеттігі сақталған жағдайда отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндігі өмір деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдайлар жасау үшін жеткіліксіз болады.

Спорт саласында

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында 2007 жылы спорттың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

2007 жылы спорт ғимараттарының саны жалпы республика бойынша 29 307 бірлікті құрады, олардың ішінде 19092 бірлік ауылдық жерде орналасқан, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 211 бірлікке (0, 8 %) артық, оның ішінде:

спорт кешендерінің саны 14 бірлікке артты (2007 жылы – 187, 2006 жылы - 173). Жүзу бассейндерінің саны 12 бірлікке артты (2006 жылы – 174 болса, 2007 жылы – 186 болды);

2007 жылы Жамбыл және Қарағанды облыстарында екі стадион салынды (2006 жылы – 238 бірлік болса, 2007 жылы – 240 болды);

спорт залдарының саны 68 бірлікке көбейіп, 2007 жылы – 6 715-ті құрады, 2006 жылы – 6 647 бірлік болды (Жамбыл облысында – 22 бірлікке көбею байқалады);

5 бірлікке теннис корты көбейді, егер 2006 жылы олардың саны – 216 болса, 2007 жылы – 221-ді құрады (6 – Алматы облысында және 2 – Қарағанды облысында);

хоккей корты 2007 жылы 58 бірлікке көбейді, егер 2006 жылы олардың саны 217 бірлік болса, 2007 жылы – 275-ті құрады (31 – Павлодар облысында және 11 – Шығыс Қазақстан облысында).

Министрлік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесе отырып республикалық бюджеттен жалпы сомасы 33 230 мың теңгеге типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобаларын 2008 жылы әзірлеуді көздеп отыр. Алдағы жылдары аталған кешендерді республикалық және облыстық маңызы бар барлық аудандар мен қалаларда салу жоспарланып отыр.

Астана және Алматы қалаларындағы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау мен өткізу шеңберінде заманауи спорт объектілері салынатын болады.

«30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасына енген «Медеу – Шымбұлақ» «серпінді» жобасын іске асыру мақсатында спорт инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

Дамудың оң тенденцияларымен қатар, отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар:



1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі

1) қазіргі қызмет ететін олимпиадалық даярлық орталықтары мен олимпиадалық даярлық резерві орталықтарындағы жоғары жетістіктер спортында өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ;

2) ауылда спортты дамыту проблемасы бәрінен бұрын материалдық-техникалық базаның жоқтығынан айрықша өткір болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4069 спорт залының 3639-ы жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт ғимараттарының тек 10,5 %-ында ғана барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар.

Спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұратын жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың да жетіспеуі сезіледі. Республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының өзіндік спорттық базалары жоқ. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорттық базалары да талаптарға сәйкес келмейді.

Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің проблемалары да осы деңгейде - оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру жеткілікті қаржыландырылмайды, соның салдарынан жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, үй-жайларды жалдауға қаражат жетіспейді.

Республикадағы көптеген спорттық ғимараттар жеке мүкәммал мен жабдықтарды сатып алуға, оларды тиісті деңгейде ұстауға қызығушылық танытпайтын коммуналдық немесе жеке меншікте. Қазіргі қызмет ететін спорттық ғимараттардың басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу ережелеріне сәйкес келмейді.



2. Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы

1991 жылдан бастап дене шынықтыру және спорт саласында біршама өзгерістер болды, олар республикалық ерікті дене шынықтыру-спорттық қоғамдары, дене шынықтыру ұжымдары, балалар мен жасөспірімдер мектептері, тұрғылықты жері бойынша жеткіншектер клубтары желілерінің күрт қысқаруына әкелді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта республиканың мектеп жасындағы балаларының 6 %-ының ғана айналысуына мүмкіндік тудыра алады. Төмен деңгейдегі материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтың болмауы спорт резервін жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Халықтың тұрғылықты жері бойынша да жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары жоқтың қасы. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өткір болып отыр. Елдің алты облысының ауылдық жерлерінде бір де бір жүзу бассейні жоқ, республиканың 13 ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жоқ, соған байланысты ауылда спортпен айналысушы балалар мен жеткіншектердің саны жалпы республикалық көрсеткіштен екі есе төмен.



3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы, білікті мамандар тапшылығы

1) спорт саласында білікті мамандардың өткір жетіспеуі байқалады. Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының көпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің 25 %-ның дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушылық құрамының 30 %-ның арнаулы білім жоқ;

2) спорттық ғимараттарды техникалық пайдалану мамандары жоқ, Спорт және туризм академиясының спорт түрлері бойынша түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.

Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалыпқа келтіру әдістемесіндегі барлық жаңаша әзірлемелер стратегиялық материалдар болып табылады, оларды басқа елдердің иеленуі мүмкін болмайды.

Бүгін біздің жаттықтырушылар Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 – 85 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Қазақстан өзінің ғылыми базасын құрмай, бүгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр.
ІІІ. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Туризм саласында

1-стратегиялық бағыт. Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру

1-мақсат. Аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

Нысаналы индикаторлар.

1. Туристік қызметтен түсетін кірісті 2007 жылғы 63,0 млрд. теңгеден 2011 жылы 70 млрд. теңгеге дейін көбейту.

2. Туризмнің басым түрлері бойынша туристік ағындар көлемін көбейту:

сырттан келушілер туризмінің көлемі 2007 жылғы 5,3 млн. адамнан 2009 жылы 5,6 млн. адамға, 2010 жылы 5,9 млн. адамға және 2011 жылы 6,2 млн. туристке көбейеді;

ішкі туризм көлемі 2007 жылғы 3,9 млн. адамнан 2009 жылы 4,0 млн. туристке, 2010 жылы 4,1 млн. туристке және 2011 жылы 4,2 млн. туристке өсетін болады.

1- міндет. Туризм инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету

Көрсеткіштер. Туристік орталықтарды салу: Алматы облысында «Жаңа Іле» туристік орталығын салу» (серпінді жоба), Ақмола облысында «Бурабай», Маңғыстау облысында «Ақтау Сити» әлемдік деңгейдегі туристік орталықтарын және «Кендірлі» демалыс аймағын салу жөніндегі серпінді жобаларды іске асыру - көрсетілген облыстардың әкімдіктерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе (жеке инвестиция есебінен);

ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде туризмді дамытудың шебер жоспары – ҚР МАМ, ҚР БҒМ; ҚР ККМ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктерімен бірлесе (жеке инвестиция есебінен) зерттеулер жүргізу;

жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің саны – ҚР ККМ және тиісті әкімдіктермен бірлесіп;

жетекші туристік және табиғи объектілерге апаратын жөнделген және жаңа жолдардың ұзақтығы – ҚР ККМ және тиісті әкімдіктермен бірлесіп;

2 МҰТП-да жайластырылған экологиялық соқпақтар саны – ҚР АШМ бірлесіп.
2-міндет. Туристік қызмет көрсетулердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету

Көрсеткіштер. «UNWTO-Tedqual» туристік білім беру сапасының халықаралық жүйесін енгізу – ҚР БҒМ-мен бірлесіп (жеке инвестициялар есебінен);

«Жедел желі» анықтамалық туристік қызметтер саны – облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесе;

қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру жөніндегі курс енгізу нәтижесінде туристік қызмет сапасын арттыру – Ақмола облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерімен, Қазақстандық туристік ассоциациясымен және басқа мүдделі ұйымдармен бірлесе (жеке инвестиция есебінен).

3-міндет. Қазақстандық туристік өнімді халықаралық және ішкі нарықта жылжыту

Көрсеткіштер. Қазақстан қатысатын халықаралық туристік көрмелердің географиясын кеңейту;

шетелдік БАҚ өкілдері мен туроператорлары үшін ақпараттық турлар саны;

жетекші телеарналарда Қазақстанның туристік әлеуетті туралы бейнероликтің шығу саны;

дайындалған және шығарылған жарнамалық-ақпараттық өнімнің қағаз және электрондық жеткізгіштегі саны;

ішкі туризм бойынша туристік іс-шаралар санын көбейту.

4-міндет. Халықаралық қоғамдастыққа кірігу

Көрсеткіштер. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) өткізетін іс-шараларға қатысу – ҚР СІМ-мен бірлесіп;

2009 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-сессиясын өткізу – ҚР СІМ-мен бірлесіп.

Спорт саласында

2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1-мақсат. Спортшылардың сапалы дайындығы және халықаралық аренада сапалы өнер көрсетуі үшін жағдайлар жасау

Нысаналы индикаторлар. Қазақстанның әлемнің отыз спорттық державасының қатарына енуі 2011 жылы 30 орын (2007 жыл – 56 орын).

1-міндет. Халықаралық стандарттарға жауап беретін материалдық-техникалық базаны және спорт инфрақұрылымын дамыту

Көрсеткіштер. Қайта жаңартылған және жаңадан салынған спорт ғимараттарының санын 2011 жылы 15 бірлікке өсіру (2007 жылы – 1 бірлік);

спорттық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды материалдық техникалық жарақтандыру;

спорттық ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ғимараттарын, үй-жайларын және кешендерін күрделі жөндеу санын 2011 жылы 3 бірлікке өсіру (2007 жылы – 2 бірлік).

2-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

Көрсеткіштер. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің санын 2011 жылы 20 %-ға арттыру (2007-268)

3-міндет. Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жасау

Көрсеткіштер. Жас спортшыларды шет елдерде жыл сайын 28 спортшыдан оқыту;

спорт проблемалары жөніндегі мәселелерді шешуге арналған ғылыми зерттеулер саны.

4-міндет. 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу

Көрсеткіштер. 7-қысқы Азия ойындарында өнер көрсетудің қорытындысы бойынша Қазақстанның мықты үш команданың қатарына кіруі (2007 жылы – 6-қысқы Азия ойындарында (Қытай) жалпы командалық есепте 4 орын).



2-мақсат. Бұқаралық спортты және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалысын дамыту

Нысаналы индикаторлар. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың барлық жас ерекшеліктерінің үлесін 2007 жылғы 15 %-дан 2011 жылы 21,5 %-ға дейін арттыру.

1-міндет. Қазақстан Республикасының азаматтарын дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылдануға тартуға жәрдемдесу

Көрсеткіштер. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жас ерекшеліктерінің үлесі 2011 жылы 21,5 %-ды құрайтын болады (2007 – 15 %);

дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 6-дан 18 жасқа дейінгі адамдардың үлесі 2011 жылы 10 %-ды құрайды (2007 - 8 %) – ҚР БҒМ-мен бірлесіп.

2-міндет. Мүгедектердің дене шынықтыруы мен спортын дамытуды қамтамасыз ету

Көрсеткіштер. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектер санын 2011 жылы елдегі мүгедектердің үлес салмағын 7 %-ға дейін арттыру (2007 жылы – 4,5 %).


ІV. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі қызметінің нәтижелілігі

  1. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері

Министрліктің қызметін жетілдіру мақсатында құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар арасында функциялар мен жауапкершілікті айқын бөле отырып жаңа ұйымдастыру құрылымын бекіту жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1367 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережелерге сәйкес министрлік құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізетін болады.

Министрлік қызметінің барлық салаларында қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру үшін (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру) әрбір қызметкердің жұмысының тиімділігін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін қолайлы еңбек жағдайлары жасалатын болады.

Туризм және спорт салаларында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету, министрліктің Ұлттық туристік әкімшіліктермен және спорт саласындағы халықаралық ұйымдармен халықаралық байланыстарын одан әрі дамыту мен нығайту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Қазақстан қосылған халықаралық актілерге сәйкес ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін, сонымен қатар министрліктің қызметі саласында шешімдер қабылдау процесіне және азаматтық қоғамның тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне тең қатысуын іске асыру қамтамасыз етілетін болады.

Атқарушылық тәртіптің сапасын және мониторингін арттыру үшін құжаттаманы өткізудің барлық кезеңдерінде ақпараттық бағдарламаларды функционалдық қолдану кеңейтілетін болады және мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.



  1. Ықтимал қауіп-қатерлер

Министрлік өз қызметі процесінде бірқатар қауіптерге кездесуі мүмкін. Қауіптердің типі мен негіздеріне қарай оларды басқару үшін стандарттық және ситуативтік арнаулы шаралар іске асырылатын болады.

Төменде ықтимал негізгі қауіптердің тізбесі берілген:



Қауіптің атауы

Алдын ала және (немесе) уақтылы ден қою шараларын қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар

Басқару тетіктері мен шаралары

Жаһандық

Көмірсутектерге әлемдік бағаның өсуі немесе әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы

1. Туризмнің барлық түрлерінен туристік өнім және туристік қызметтер құнының артуы

2. Қызмет көрсету саласында халықтың еңбекпен қамтылу деңгейінің төмендеуі

3. Туризм және спорт инфрақұрылымын дамытуға тартылатын инвестициялардың қымбаттауы


1. Туристік қызмет субъектілері үшін салық ауыртпалықтарын төмендету бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде шаралар қабылдау

2. Қолайлы инвестициялық климат үшін және инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру, соның ішінде АЭА құру, инвестжобаларды іске асыру мерзімдерін ұзарту және т.б. үшін жағдайлар жасау



Ел ішілік

Инфляцияның өсуіне байланысты бағаның күрт өсуі

1. Туристік қызметтердің қымбаттауы салдарынан ішкі және сырттан келушілер туризмі көлемінің құлдырауы

2. Туристік және спорттық объектілер құрылысы қарқынының төмендеуі



1. Туристік қызмет субъектілері үшін салық ауыртпалықтарын төмендету бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде шаралар қабылдау

2. Қолайлы инвестициялық климат үшін және инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру, соның ішінде АЭА құру, инвестжобаларды іске асыру мерзімдерін ұзарту және т.б. үшін жағдайлар жасау



Эпидемияның пайда болуы (құс тұмауы және т.б.)

Сырттан келушілер туризмі көлемінің төмендеуі және ҚР кірісінің азаюы

Профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру және ҚР ДСМ-мен бірлесе Ескерту және жедел ден қою шаралары жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу

Табиғи және техногендік апаттар

Сырттан келушілер туризмі көлемінің төмендеуі және елдің төлем балансының «Сапарлар» бабының кіріс бөлігінің азаюы

1. Сақтандыру жүйесін жетілдіру

2. ҚР ТЖМ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен Құтқару жұмыстарын және апатты жағдайларды жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу



Институционалдық

Елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын сапасыз іске асыру

Салалық және өңірлік дамудың тапсырылған параметрлеріне қол жеткізбеу

Тиісті мемлекеттік органдар басшыларының стратегиялық жоспар міндеттерін іске асыруға және олар бойынша адекватты шараларды уақытылы қабылдауға дербес жауапкершілігін арттыру

Жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу шеңберінде серпінді жобаларды сапасыз іске асыру

Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің болмауы себепті теріс нәтижелер алу

Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жасау және бағалау жүйесін құру және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында олардың қорытындылары бойынша тұрақты түрде кеңестер өткізу

Министрліктен білікті мамандардың кетуі

Министрліктің кәсіби мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және оның туризм мен спортты дамытудың негізгі міндеттерін орындауға қабілетсіздігі

Мыналар бойынша шараларды қамтамасыз ету:

(1) жұмыс күні ұзақтығын қалыпқа келтіру

(2) қызметкерлердің еңбек ақысының деңгейің кәсіптік шеберлігіне қарай арттыру

(3) қызметтік мақсаттарда көлікпен қамтамасыз ету

(4) біліктілігін арттыру

(5) моральдық тұрғыдан ынталандыру.




Нысаналы көрсеткіштер (индикаторлар)

Министрлік қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасында айқындалған. Аталған бағдарламаларға сәйкес алға қойылған мақсаттарға бес жыл ішінде қол жеткізу мерзімдері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына сәйкес екі кезеңге бөлінген: І кезең – 2007 – 2009 жылдар, ІІ кезең – 2010 – 2011 жылдар. Осыған орай, 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр.



Туризм саласында:

2009 жылы сырттан келушілер туризмінің көлемі 5,6 млн. туристі құрайды, 2010 жылы – 5,9 млн. туристі және 2011 жылы – 6,2 млн. адамды құрайды;

ішкі туризм бойынша туристер саны 2009 жылы 4,0 млн.-ға, 2010 жылы – 4,1 млн.-ға дейін және 2011 жылы – 4,2 млн.ға дейін көбейеді.

Мыналар бойынша шаралар қабылданатын болады:

Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бөлігінде инфрақұрылымды дамыту;

туристерге арналған ақпараттық деректер базасының тұрақты негізде қызмет етуі (министрліктің веб-порталы, веб-сайты);

ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыру.

Мыналар үшін жағдайлар жасалатын болады:

мемлекет экономикасының шикізаттық емес салаларының ішінде кірісті сектор ретінде туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

халықаралық маңызы бар үш туристік орталықтың («Жаңа Іле», «Бурабай», «Ақтау Сити - Кендірлі») құрылысы жөніндегі жұмысты бастау үшін жеке инвестицияларды тарту;

«Қазақстан – планетаның бірінші ғарыш айлағы» жобасын іске асыру шеңберінде Байқоңыр қаласының маңында жаңаша технологияларды пайдалан отырып, ойын-сауық индустриясы бар туристік кешенді (планетарий, мұражай, сапарларды басқарудың кіші орталығы, кәдесыйлар сату жөніндегі сауда орталығы және т.б. ашу) салу үшін жеке инвестицияларды тарту.

Спорт саласында:

дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жас ерекшеліктерінің үлесі 2011 жылы 21,5 %-ды құрайтын болады (2007 жылы-15%);

дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 6-дан 18 жасқа дейінгі адамдардың үлесі 2011 жылы 10 %-ды құрайды (2007 - 8 %) – ҚР БҒМ-мен бірлесіп;

спорт саласының кадрларын даярлау жүйесін және жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасын жетілдіріу;

жаттықтырушы-оқытушылық құрамның біліктілігі және республиканың ұлттық құрама командаларына мүшелеріне кандидаттардың дайындық деңгейі және халықаралық дәрежедегі спортшылардың саны арттырылады;

Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін спорт объектілері қайта қалпына келтірілетін және салынатын болады.


V. Оның негізінде Стратегиялық жоспар әзірленген нормативтік құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексі

2. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы

3. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы

4. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы Жарлығы

5. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығы

6. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы Жарлығы

7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығы

8. «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығы

9. «Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығы

10. «Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы

11. «Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы Жарлығы

12. «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдегі Жарлығы

13. «Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007 – 2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы

14. «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007 – 2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы

15. «Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы

16. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы

17. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысы



18. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 – 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысы
VI. Бюджеттік бағдармалар (қоса беріліп отыр)



с. 1

скачать файл