Тарихты оқыту әдістемесі


с. 1
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж

ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы

Павлодар

Кереку


2011
ӘОЖ 372.893(07)

КБЖ 74.266.3

Т21
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжінің оқу-әдістемелік кеңесімен

басуға ұсынылды

Пікірсарапшы

тарих ғылымдарының кандидаты К. К. Батталов



Құрастырушы Г. С. Кизатова

Т21 Тарихты оқыту әдістемесі : Жоғары оку орындарының тарих

мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы

/ құраст. Г. С. Кизатова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 33 б.


Жоғары оқу орындарының тарих мамандықтарында оқытылатын "тарихты оқыту әдістемесі" курсының типтік бағдарламасы негізінде дайындалған оқу құралы дәріс баяндар жинағы түрінде берілген. Оқу курсында тарихты оқыту әдістемесінің теориялық негіздері жан-жақты қамтылып, оқушыларға тарихи білім берудің әдістері мен тәсілдері, олардың оқу икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, тарих сабағын ұйымдастырудың тәсілдері және оқу процестерінде жаңа технологияларды қолдану сияқты мәселелер теориялық және әдістемелік тұрғыдан баяндалады.
ӘОЖ 372.893(07)

КБЖ 74.266.3

© Кизатова Г. С., 2011

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011


Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Алғыс сөз

Оқу құралы тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерін қамтиды. Мұғалімдер мен әдіскерлердің ұзақ жылғы бай тәжірибесіне сүйеніп, тарихи білім мазмұнынын игерудің дәстүрлі әдіс, тәсілдері мен қазіргі заманғы сабақ техналогиясы тұтас бірлікте қарастырылады.

Тарихи білім мазмұнының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдіс, тәсілдерін де жанартуды қажет етеді. Осы мақсатқа сәйкес оқу құралының бөлімдерін,тақырыптарын жаңа мазмұнмен байытуда педагогика мен психалогия ғылымындағы концептуалдық жаңа бағыттар, идеялар басшылыққа алынды. Бұл жағдай оқу құралына теориялық сипат береді.

Тарихты оқытудың әдістемесі пені бойынша қазақ тілінде жоқары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік кешен осы кезгедейін жасала қойған жоқ. Оқу процессінде пәнді жетік игеру үшін дайндалған осы оқу құралы аталған оқу-әдістемелік кешеннің алғашқы теориалық бөлігі. Алдағы уақытта тарихты оқытудың әдістемелік, практикалық сипаттағы көмекші құралдары жарық көретін болады.

Автор осы оқу құралы жоғары оқу орындарында білікті тарихшы-мұғалімдер дайындауға көмек жасайды деп үміт артады.

1 Тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мен қалыптасуы
1.1 Тарихты оқытудың әдістемесі-педагогикалық пән

Мазмұны:

1) Тарихты оқыту әдістемесі пәні;

2) Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары;

3) Тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен рөлі.



Тарихты оқыту әдістемесі пәні

Әдістеме дегеніміз- "Методика" сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда-"таным тәсілі", "зерттеу жолы" деген ұғымдарды береді.Әдіс дегеніміз-нақты міндетті шешудің,әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл әдістер жиынтығы,кешені. Тарихиты оқыту әдістемесі-тарихты оқытудың міндеттері,мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы.Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйоенуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.

XX ғасырдың басындағы көрнекі әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міңдеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолқа қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.

Осылайша әдістеме пәні- педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысаны- оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.

Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты ►оның мазмұны ►білім беру жәме оны игеруге басшылық жасау ►оқушылардың оқу әрекеті ►оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістсрінің арасында пайда болады.

Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңгыртып пайдаланады.

Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мүғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.

Қазіргі кезенде тарихи білім берудің мақсаттары былай айкындалған:


  • оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;

  • тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен откізе алу қабілетін дамыту;

  • отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;

  • халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.

Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.

- ұлттық және жалпыадамзатгық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттаң, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;



  • оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;

  • қазіргі қоғамға кіріккен және оны жегілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;

  • тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;

  • әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін тандау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;

- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдан жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан алу дағдысын қалыптастыру.

Әдістеменің маңызы тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін

  • белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен дағды денгейін анықтау

  • сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;

  • оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;

- оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдерімен

ұштастыруға;

- тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;

- оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға;

- оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.

Тарихты окыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудын мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты - тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу

Тандап алу оқушылардың танымдылық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым окушылар танымы мен танымдык әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Онын үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялык және педагогикалык зерітеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні окытудың бір саласы ретінде педагогикамен де тығыз байланысты. Педагогика - окыту, ғылыми зерттеу әдістемесі мен тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.

Ғылыми - зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалык бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабак) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі "эксиериментум" сөзі тәжірибе, сынақ дегенді біддіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады.

Педагогикалық бакылау- оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.

Қалыптастырушы эксперимент жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті қүрамы - дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді кажет ететін болжанған нетиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың бірізділігін өзгертсе; ә) оқытудың жаңа құралдарын, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса; б) таным әрекетін баскаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.

Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.


1.2 Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып – үйрену
Мазмұны:

1) Тарихи кұжаттар және олардын түрлері;

2) Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттар мен жұмысы;

3) Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау.
Тарихи кұжаттар және олардын түрлері

Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы.

Тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалан - оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды.

Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М. М. Стасюлевич 1863 жылы оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (кұжаттармен) танысудың маңызы зор екендігін айтқан еді. Ол осылайша түпдеректермен жұмыс істеуге негізделген практикалык әдіс бойынша сабақ жүргізуді ұсынады Осы әдістемеге негіздеп "Жазушылар мен ғалымдардың жазуындағы орта ғасырлар тарихы" деп аталатын үш томдық хрестоматия жазып, жарыққа шығарды.

Ал, кейбір ғалым, әдіскерлер (М. Н. Коваленский, А. Ф. Гартвич, Н. А. Рожков) тарихи құжаттар негізінде оқушылардың дербес жұмыс істеуіне негізделген зертханалық сабақ өткізуді ұсынады.

Дегенмен, көптеген әдіскерлер мектептегі оқуды бірыңғай құжатгармен жұмыс жасауға құруды негізсіз деп есептейді. Олардың пікірінше, тарихи кұжаттарды тек негізгі білім көзі болып табылатын мұғалім әңгімесі мен оқулыққа қосымша ретіңде қолдану тиімді болмақ. Құжаттар оқушылардың білімін терендетіп, нақтылап, сабақтың корнекілігін арттырады.

Құжаттың атқаратын роліне қарай оның сабакта қолданатын орны белгіленеді. Зертханалық әдісті қолданғанша кұжатты оқып-үйрену оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын атқарылуы тиіс. Ал құжаттану әдістемесін қолдаушылар оқулықтың тиісті параграфымен танысқаннан соң барып оқушылардың тиісті құжатпен танысқаны дұрыс деп есептейді.

Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы неде? Құжаттың сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқытудың көрнекілік қағидасы іске асады. Құжат мұғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған тұжырым сенімді шығады. Құжаттың маңыздылығының бір қыры – ол тарихи материалды нақтыландырып, откен уақыттың жарқын бейнесі мен суретін көз алдыңа келтіріп, дәуір тынысын сезуге көмектеседі. Қадырғали Қосымұлының "Жамиғ-ат Гауарих" еңбегінің бастапқы азатжолын мысалға келтіруге болады. Ескі құжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, тұрмыс-салт ерекшелігі туралы көрнекті безендірме береді.

Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи білімді игеруі және тарихи санасының дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; құжатты оқу, талдау және қажетті ақпаратты теріп алу, бұрынғы және қазіргі құжаттардың маңызын бағалап, талқылау. Оқушылар сабақ барысыңда құжаттардың тарих ғылымы үшін маңызын танып, олардан бір кездері өмір сүрген аламдардың ізін аңдай алады.

Тарихи құжатардың түрі және оларды сабаққа таңдап алудың өлшемдері. Тарихты оқытуда қолданылатын құжаттарды топтастыру тәсілі тарих ғылымында қолданылатын зерттеу тәсілімен салыстырғанда әлдеқайда оңай. Ол құжат мәтінінің сипатына негізделеді. Ол сипат бойынша барлық құжаттарды екі топқа топтастырамыз. Бірінші –баяндау-суреттеу құжаттары: екінші — өз кезінде практикалық маңызы болған актылық сипаттағы құжаттар. Бұл құжаттар бірін-бірі толықтырып отырады. Ал коркемсөз ескерткіштері құжаттардың қосымша тобын кұрайды.

Актіліқ құжаттар – заңдық, шаруашылық, саяси, бағдарламалық кұжаттарды құрайды (грамоталар, заң, жарлық, келісім-шарт, статистикалық, және тергеу кұжаттары, бағдарламалар, сөздер). Баяндау – суреттеу құжаттары - жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат, саяхатжазбаларын құрайды. Көркемсөз ескерткіштері ежелгі және ортағасырлар тарихындағы халықтың ауызекі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар,жоқтау жырлары, эпос).

Сабақта қолдану үшіп, ғалымдардың пікірі бойынша, кұжаттар мынадай болуы-керек:

- тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы;

- сол дәуірдің негзгі, барынша түрпаттық деректері мен оқиғаларын қамтуы тиіс;

- бағдарламалық материалмен тығыз байланыста болып, тарихи білімінің өзектілігін арттыруға ықпал жасауы керек;

- мазмұны мен көлемі оқушыларға ауырлық түсірмеуі тиіс; тарихи құбылыс, оқиға туралы оқушылардың білімін нақтылап терендететіндей құжат мазмұнында түрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы; оқушыларға белгілі бір сезімдік ықпал жасауы тиіс.



Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы

Құжатты оқып – үйрену әдістемесі. Тарих сабағында құжаттарды оқушылар да, мұғалімдер де қолдануы мүмкін. Құжат тым күрделі болса мұғалім оның мазмұнын оқушыларға түсіндіріп береді; құжатқа сілтеме жасап, дәйексөз келтіреді (әңгімелеудің дәлелділігін күшейту үшін); өз әңгімесін нақтылау және қызықты ету үшін кұжаттан үзінділер пайдаланады. Әңгімені жандандыру үшін құжат үзінділерін төл сөз ретінде қолданып, тарихи тұлғаға мінездеме беріледі.

Оқушылардың құжатпен жұмыс жүргізуі оларды жасына, танымдық мұмкіндігіне және дайындық деңгейіне қарай күрделене берсді. 5-6 сьптығарда баяндау - суреттеу сипатындағы қарапайым материалдар пайдаланылады; оның көлемі 10-15 жолдан аспауы тиіс; ал 7-8 сыныптарда талдау жасалатын заңдық және шаруашылық құжаттардың саны арта түседі; 9-11 сыныптарда саяси бағдарламалық құжаттар кеңінен қамтылады.

Құжаттармен жұмыс істеуге үйрету мынадай кезендерден тұрады:

1) Мұғалім кұжатты талдаудың үлгісін береді;

2) Оқушылар мұғалімнің көмегімен құжатты талдайды;

3) Мұғалімнің жетекшілігімен жеке дербес жұмыс жүргізеді;

Құжатты өз бетінше сынынта және үйде оқып үйренеді. Мұғалім сыныпта оқушыларды кұжатпен таныстырып, тапсырманың мазмұнымен хабардар етеді. Оқушылар үйде құжат негізінде қысқа хабарлама, суреттеме дайындап, оқулықтың мәтіні, безендіру бойынша шығармашылық мазмұндама дайындайды. Әрине дербес жұмыс жасау үшін құжат барлык оқушыға жеткілікті болуы керек.

Құжаттармен жұмыс жүргізу мынадай дағдыларды да меңіеруді талап етеді; құжатты оқып әңгімелеу және ол бойынша жоспар кұру, құжатты дербес талдап. ол бойынша сұрақтарға жауап беру; бірін-бірі толықтыратын ұқсас кұжаттарды салыстыра талдау; құжатқа сыни баға беру. Осы дағдылардың барысында оқушыларға кұжаттағы қисындық түйінді, негізгі идеяны анықтап, белгілі бір ережелерге дәлел тауып үйренеді. Мұғалім оқушыларға "бұл туралы кұжатта не жазылғанын оқындар", "кұжат мәтіні негізінде.....дәлелде", "өз пікірінді құжат негізінде тиянақта" деген мазмұнда тапсырма береді.



Жоғары сынып оқушыларының құжаттармен жүргізетін жұмысы күрделене түседі. Оларға ендігі кезекте күрделі тапсырмаларды орындауға тура келеді. Ол тансырмалар мына мазмұнша болуы мүмкін:

құжат мазмұнының бастысын, екінші кезектісін таңда; өз тандауынды негізде;оқып үйренетін оқиғаның себебін, қай кезеңге тән екендігін анықта;оқиғаның іске асуына қандай тарихи алғышарт немесе идея, бастама нсгіз болды;жағдайларды салыстыр; қажетті дереккөзінен мәліметгерді таңдап ал;саяси және мемлекеттік қайраткерлерге мінездеме бер; түпдерек бойынша хабарлама дайында;

оқып үйренген құжаттар қазіргі қоғамдық құбылысты тани білуге қалай көмектескенін ойлап көр.

Мұғалімнің түпдеректі сабаққа пайдаланар алдында оны алдын ала електен өткізіп, педатогикалық екшеу жасайды. Ол неғұрлым екшелген сайын оны оқушылардың дербес игеруі, қабылдауы оңайлай түседі. Педагогикалық еклеу дегеніміз -сабақка пайдаланатын құжаттың мазмұнын тандау дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда мұғалім кұжат авторының стилін озгертпей-ақ кұжатты еркін пайдалануы мүмкін. Одан әрі мұғалім оқушылар үшін жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіріп, құжатпен жұмыс істеудің тапсырмаларын анықтайды.

Жинақталған өлкегану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын іске асыру үшін мұғалім мынадай жүйеленген таблицаны қолдануына болады.

Мұғалім сабақ барысында құжатты қолданар алдында оған қысқаша сипаттама береді; құжат қайда, қашан қандай мақсатта, кім жазды; бұл құжаттан оқушылар не біледі?


Сабақтың тақырыбы, рет саны

Жергілікті материалды қолдану мақсаты

Жергілікті материалдың қысқаша мазмұны

Жергілікті материалды пайдалану тәсілі

Оқушыларға арналған әдебиеттер

Түркістан-Қазақ хан-дығының астанасы

Қалалардың рөлінің

артуын нақтылау, олкетану дерегімен

бекіту

Түркістан қаласының сауда, қолөнер діни орталықтан саяси орталыққа айналуы

Оқушының қала туралы буклет, хабарлама,

баяндама дайындауы.



"Түркістан тарихы мен мәдениеті". Түркістан, 2000 ж.

ұра"


Мұғалім "Жеті Жарғы" туралы әңгімелеп отырып, оның алдында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғандығын хабарлап, ол зандарда меншік түрлері, қылмыс деңгейлері, оларға салынатын қүш өлшемдері жазылғандығын баяндайды. Оқушылар одан әрі "Жеті Жарғының" мәтінін талдауға кіріседі: 1) Мәтін бойынша ауызша дәлелдеу; 2) Қүн өлшемдерін анықтау; 3) Құжаттың жекелеген тармақтарын бөліп алу; 4) Құжаттың мазмұнын анықтауға көмектесетін сұрақтар түзу.

Оқушылар құжатты жеке беліктер бойынша оқиды, ал мұғалім жекелеген сөйлемдерді түсіндіріп, құжат мазмұнын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін "Үзіндіде не туралы айтылған?" "Мына сөйлемнің мазмұнын қалай түсінесің?" Содан соң барып құжатты қайталап оқып, жекелеген бөліктер бойынша талдауға кіріседі. Оқушылардың жауабы толық және дәл болып, тұжырымдар құжатқа сілтеме жасау арқылы негізделуі тиіс.

Орта буын оқушыларымен өткізілген сабақтарда құжатты тарихи дерек пен әдеби шығарманың арасындағы айырмашылық туралы ұғымдар қамтылуы тиіс. Мысалы, түркі халықтарының мифтері туралы әңгімелегенде олардың қайсысы рас, қайсысы ойдан шығарылғандығын түсіндіреді.

Сабақ барысында тарих курсымен хронологиялык байланысты, тақырыпқа қатысты оқушылардың отбасы тарихының құжаттары ретіңде отбасы мүшелерінің жазбаларын, фотосурсттерін де қолдану тиімді. Бұған қатысты мынадай тақырыптарды атауға болады: "Менің отбасым XX ғасырдың 30-жылдарында", "Ұлы Отан соғысы біздің отбасы өмірінде", "Біздің отбасының еңбектегі және соғыстағы наградалары".

Құжаттың көрнекілігі оның мазмұнын көрнекілік қағидасымен ұштастырғанда тиімді бола түседі.

Құжатты талдау нәтижесінде оқушылардың санасында тарихи ұғымдар қалыптаса бастайды. Ол ұғымдар дайын білім түріндс емес, оқушылардың логикалық ойлау қызметінің барысында қамтылуы тиіс. Белгілі бір мәселені құжаттар арқылы нақты адамдардың көзқарастарындағы қайшылык. айқындалады, ол жағдай, процестер мен құбылыстардың мәнін ашуға көмектеседі. Бір мәселені әр түрлі ұстанымдарда қамтылған құжаттарды салыстыру барысында оқушылар бір мәселе туралы бірнеше көзқараспен таныса алады.

Құжаттарды оқу материалында орын алған кайшылықтарды шешуге де тиімді қолдануға болады. Оған байланысты құжаттармен жұмыс жүргізуге берілетін тапсырмалар оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескеріп беріледі. Құжаттарды оқып үйренуге байланысты тапсырманың сұлбасы мынадай: құжатты талдау — одан деректерін теріп алу - оларды ауызша әңгіме, ролдік ойын, жазбаша шығарма түрінде баяндау. Бұл жерде құжаттарды баяндау мен карта; зандық құжат пен күнделік жазбасы; жеке түлғаның естелігі, хаттары мен портреті деп жұптаған орынды.

Оқушылар құжат бойынша сұрақтар дайындап, сөзжұмбақ құрастырады, оқиғаны баяндап, мәтіндер дайындайды. Талқылап, талдап, толықтырғаннан соң мәтін оқулықтың тақырыбына қосылады. Бұл мәтін оқушыларға барынша түсінікті, өйткені оны өздері түзді ғой. Осы жолмен қалыптасқан тарихи ұғым барынша тұракты болмақ

Мұғалімнің құжаттарды тандауына мектеп хрестоматиясы көмектеседі. Кейбір хрестоматиялар тек құжаттарды біріктірсе, ендігі бірі — құжаттар, оларға түсіндірмелер, ғылыми-көпшілік әдебиеттердің үзінділерін құрайды, ал үшіншілері — көркем немесе басқа әдеби шығармалардан тұрады. Сабактың мақсатына қарай мүғалім аталған хрестоматиялардың бірін тандайды.

Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау

Дереккөздерімен жұмыс жоғары сыныптарда ұйымдастырылады. Мұндай дерек көздеріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың ғылыми еңбектері мен қолбасылардың, мемлекет басшыларының, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің естеліктерін қосуға болады.

Мұғалім сабақтағы қысқаша кіріспе сөзінде бұндай еңбекпен жұмыс жасаудың міндеттеріне тоқталады. Онда құжапың жасалған уақыты, мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаты антылады. Одан әрі еңбектің құрылымы, негізгі идеясы сөз болып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға берудегі маңызына тоқталады. Алғашқы ксзде бүкіл сынып ғылыми еңбекті термин, ұғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды. Мұғалім мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Кейін тек күрделі мәтіндер түсіндіріліп, өзгесі оқушылардың өздігінен оқуына беріледі. Олар мәтіннен негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады.

Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар жасауға, одан әрі еңбектің қисындык күретамыры тесис жасауға ауысады. Тезис - дерек көзіне ешқандай сілтеме, түсіндірме, безендірме жасалмай баяндалған қысқаша негізгі мазмұн. Тезисте жалпы ой желісі басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен, кейін дербес жағдайда еңбектің тезисін дайындайды. Бір құжатың негізінде олар тезис дайындап, конспект жасауға үйренеді.

Конспектілеу - мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қыска етіп жазбаша баяндау. Оқушылар құжаттың жоспары қалай жасалып, ол қалай тезиске айналып, сонымен деректер және үлгілермен қалай толықтырылғанын (конспектіге айналғанын) жетік білуі тиіс. Конспектілеу арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.

Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:



1) Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құру; 2) Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету; 3) Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс; 4) Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен далелдер толық жазылуы тиіс; 5) Конспекгілегенде цитата қолданылуы керек; 6) Конснектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп.

Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагменг түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.


Қайталау және бекіту сұрақтары


  1. Тарихи құжат деген не? Оның қандай түрлерін білесіз?

  2. Тарихи құжаттармен жұмысты қалай үйымдастыруға болады?

  3. Құжаттар мен дереккөздерін қалай конспектілеуге болады?

  4. Тезис дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?

  5. Оқулық пен хресгоматиядағы тарихи құжатты салыстыр.


Өзіндік жұмыстардын (курс, бақылау. реферат, баяндама) тақырыптары:

1) Тарих сабағында оқунылардың құжаттар және дереккөздерімен жұмысын үйымдастыру;

2) Тарихи құжаттың конспектісін дайындау жолдары;

3) Құжаттар мен дереккөздерінін түрлеріне сипаттама;



4) Тарих пәні сабағында құжаттар мен дереккөздерін қолдану.
1.3 Тарихты оқытуда көркем әдебиетті қолдану
Мазмұны:

1) Көркем шығармаларды топастыру;

2) Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері;

3) Оқушыларға сезімдік-адамгершілік ықпал жасау.

Көркем шығармаларды топтастыру

XIX ғасырда әдіскер ғалымдар оқушылардың тарихи мазмұндағы кітаптарды оқуына баса мән берген. Олардың пікірінше тарих ғылым ретінде оқушыларға тірі бейне сияқты барлық сипатты белгілері және бөліктері арқылы көрінгенде ғана толық танылады. Тарихи әдебиеттерді оқу оқушыларды осындай сипаты белгілермен қамтамасыз стеді.

Көркем әлебиетті сабақта қолдану оқушылардың тарихи түсініктерінің құрамды бөлігі болып табылатын өткен кезең туралы тарихи білімдерін нақтыландыра түседі. Сонымен бірге көркем әдебиет оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, зейінін аударуға көмектеседі. Мұғалім шығарма үзіндісін таңдағанда дәуір тынысын, тарихи жағдайды немесе портреттік бейнені қалпына келтіру міндетін басшылыққа алады.

Көркем әдебиетті шартты түрде үлкен екі топқа белуге болады. Ол оқып-үйренетін кезенің әдеби дерегі және тарихи беллетристика. Тарихи білім көздері авторы жазылған оқиғаның тікелей қатысушысы немесе куәгері болған шығарма. Олар өткен күнді тануға комектесетін дәуірдің өзіндік құжаттарын құрайды. Ондай дереккөздерінің бәрі бірдей оқушыларға түсінікті бола бермейді, сондықтан да сабақта олардың мұғалім таңдап алған үзінділері пайдаланылады. Әдеби ескерткішттердің қатарына Күлтегін, Тоныкөк жырларын, Жүсіп Батасағұнныңұтадғу білік" еңбегін, С. Сейфуллинің Тар жол тайғақ кешу" романын, М. Шоқайдың "Кеңестер билігіндегі Түркістан" еңбектерін атауға болады.

Тарихи беллетристикаға зерттелген кезең туралы ксйінгі деуір жазушыларының жазған шығармаларын қосамыз. Тарихи беллетристика тарихи шындықты қалпына келтіруде түпнұсқа дереккөздері, ғылыми зерттеулер мен монографиялардың қорытындыларына негізделеді. Тарихи білімдермен қаруланған автор еткен күнді тарихи шығарма түрінде жаңғыртады.

Тарихи беллетристика қатарында мынадай еңбектерді атаймыз. I. Есенберлиннің "Алған Орда", "Көшпснділері", Б. Жандарбековтің "Сақтары", М. Мағауиннің "Аласапыраны", Д. Досжанның "Жібек жолы" шығармалары. Осындай еңбектердің қатарында В. С. Пикульдің сериялы тарихи романдарын атауға болады.



Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері

Мұғалім жазда тақырыптық жоспар жасау кезінде-ақ мектеп кітапханасының қоры негізінде сыныптан тыс оқу үшін курс бойынша көркем әдебиет шығармаларының жасайды. Таңдау кезінде кітаптың ғылыми, тарихи құндылығы мен көркемдік деңгейі басты өлшем болып табылады. Сонымен бірге кітаптың оқушы жасына сай келуі, оқуға жеңілдігі және тәрбиелік маңызы да ескерілуі тиіс.

Мұғалім оқушыларды ұсынылған көркем әдебиеітін тізімімен таныстырып, кейбіріне қысқаша түсінік береді. Сосын барып тізімді тарих кабинетіне іліп қоюға болады.

Мұғалімнің сабакта көркем әдеби шығарманы қолдануының тәсілаері көп. Мұғалім көркем әдебиеттен үзінді жасайды немесе жеке өзінің кітабы болса, шетіне белгі соғады. 5-6 сынып оқушылары үшін сюжеттік және картиналық, тарихи тұлғаға сипаттама беретін үзінділер тандалып, оқиғаларды шиеленістіру және тұлғаландыру мақсатында қолданылады. Шығарманың игеруге қиындығы және көлемінің молдығы кедергі болған жағдайда мұғалім одан үзінділер алып, өз әңгімесінде пайдалуы мүмкін.

Көркем шығарманың мәтінін сабақта қолдануға дайындағанда қандай қысқартулар жасау, қалай байланыстыру қажеттігі үнемі ойда болуы тиіс.

Көркем шығарманың үзіндісін оқу немесе әңгімелеу тым ұзаққа созылып кетсе, ол оқушыларды негізгі идеядан ауытқытады. Сондықтан үзінділер барынша қысқа болтаны жөн.

Оқушыларға әдебиет пәні сабағынан белгілі кітаптарды қолданудың да маңызы зор. Мысалы, Шоқанның Қашқарияға сапарын әңгімелеуде мұғалім С. Мұқановтың "Аққан жұлдыз" диалогиясынан үзінділер келтіруі сабақты кызықты ете түседі. Сол сиякты "Ежелгі Үндістан" тақырыбында Р. Киплингтың "Маугли" повесіндегі табиғат көріністерін қолдануға болады.

Мұғалім сабақ үстінде көркем кітапты дәйексөз келтіруге немесе жеке үзінділерін әңгімелеп беруге пайдаланады (әдеби безендіру ретінде). Кітап сюжетіне тоқталмас бұрын мұғалім кітап авторын таныстырып, қажет болған жағдайда кітаптың қысқаша мазмұнын баяндайды. Содан соңғы кезекте оқушыларга сұраулар мен тапсырмалар беріп, әңгіме жүргізеді. Одан әрі қарай көркем шығарма үзіндісін қайталау және оқушылар білімін тексеру жүйесіне өтеді.

Көркем сөз ескерткіштсрінің қатарында аңыз, ертегі, шешендік сөздер, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар сияқты ауыз әдебиеті жанрларын да атауға болады. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", "Абысын тәту болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп" деген мақалдардың ынтымаққа шақырған идеясын оқушылар аңғара білуі керек.

Оқушылардың тарих сабағында кітаптарды қолдануының да тәсілдері көп. Ол ең алдымен кітап үзінділерін тарихи білім көзі ретінде пайдаланудан туындайды.

Сабақ үстінде оқушылардың кітап үзінділерін пайдалануына қойылатын талап, мәтінді дауыс ырғағын реттеп, көркем оқи алу, оқығанда асықпай, дауыстап (бірақ бақырмай) оқу керек. Дауыс қуаты сыныптың көлемімен үйлесксні жөн. Оқу барысында бірыңғай ырғақта емес, дыбыс жиілігін өзгертіп, үзіліспен, әрбір тыныс белгісіне мән беріп оқу керек. Әрине, үзілістер қисынды бөлшектеу және тындаушылардың материалды игеруі үшін жасалатындығы әрдайым естен шықпауы тиіс.

Оқушылар тарихи шығарманы тарих ғылымы позициясы тұрғысынан талдайды; пікір жазады, кітап мәтінімен дербес жұмыс жүргізеді, мысалдар тандап, андатпа құрастырады. Аңдатпада мыналар ескерілуі тиіс:

1) Шығармада көрініс тапқан дәуір, құбылыс;

2) Шығармадағы ең маңызды және жарқын оқиға;

3) Тарихи және типтік кейіпкерлер, олардың арасындағы қарама-қайшылықтар;

4) Автордың суреттеген оқиғаға және кейіпкерлерге көзқарасы;

5) Кітап туралы жеке өз пікірің? Сенің ойыңша кітаптың басты көркемдік құндылығы неде?

6) Оқырман шығармадан не біледі?

Сол сияқты кітаппен жұмыс істеуге арналған арнайы жаднамалардың бірі мынадай:

1) Кітап өзіңнің жеке меншігің болса, онда оны қолыңа карандаш алып оқы. Қызықты немесе күмәнданған тұсқа ұқыпты түрде белгі сал;

2) Жылдам, бірақ ыждаһатпен оқы;

3) Кітапты оқып болып, оның негізгі идеясы, онда жазылған оқиғалар, деректер туралы ойла.

Оқыған кітаптың маңызы, артықшылығы мен кемшілігі туралы жазбаша белгі жаса.

Оқушылар барлық кезге бірдей көсемсөздік және көркем әдебиетке сын көзімен қарай бермейді. Соңдықтан сабақ барысында I. Есенберлиннің "Қаһар" романы мен Е. Бекмахановтың монографиясындағы Кенесары Қасымұлы бейнесін салыстыру сияқты тәсілдерді де қолданудың манызы зор.

Оқушыларға сезімдік-адамгершілік ықпал жасау

Адамгершілік тәрбие. Оқушыларға адамгершілік тербие беруде көркем шығарманың маңызы зор. Тарихи тұлғалардың түрлі қылығын таныған оқушылар өзін оның орнына қойып, кейіпкердің ахуалын бастан кешкендей болады. Сондай сүйікті кейіпкердің бірі — Ежелғі Римдегі құлдар көтерілісінің көсемі гладиатор Спартак. P. Джованьолидің "Спартак" романынан үзінді келтіре отырып, оның ерлікке, қайсарлыққа, сонымен бірге биік адашершілік мұраттарға толы тұлғасы арқылы окушыларды" нәзік сезімдерін оятып, тербие міндеттсрін іске асыруға болады.

Тәрбиелеу және оқыту мақсаттарын іске асыру үшін қайталау сабақтарында көркем-тарихи кітаптарды кеңінен қолдану тиімді. Мысалы, отандық тарихтағы отаршылдыкқа қарсы үлт-азаттық күрес тақырыбын қайталағанда мынадай бетлетристикалық еңбектерді қолдануға болады:

1) Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес (Қ. Жұмаділов. "Дарабоз");

2) Патшалық Ресей отаршылдығына қарсы күрес (I. Есенберлин. "Қаһар");

3) Қоқаңдықтарға қарсы күрсс (3. Шүкіров. "Жанқожа").

Мәтінді жаттап алудың тәртібі оқушылар жақсы меңгеруі тиіс. Есте сақтаудың негізі - ойлау болғандықтан, алдымен мәтінді толығымен, кейін азатжолдар бойынша оқып, негізгі мәнін түсініп алу керек. Талдау санадағы түсініктер мен бейнелерді қалпына келтіруте көмектеседі. Мағыналық байланыстарды нығайту үшін тұтас мәтінді бірнеше беліктерге боліп, жатталатын негізгі ұғымдарға баса мән бері, оларды бір – бірімен байланыстыру, салыстыру керек.Түсінікті нәрсе тез әрі жеңіл есте сақталады.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Тарих сабағында көркем шығармаларды қолданудың қандай маңызы бар?

2. Көркем шығармаларды қалай топтастыруға болады?

3. Көркем шығармалармен жұмыс істеудің қандай әсдістермен түрлерін білесін?

4. Көркем шығармалардың қандай тәрбиелік ықпалы бар?


Өзіндік жұмыстардың (курс, бақылау. реферат, баяндама) тақырыптары:

1) Көркем шығарма – тарихи кезеңнің әдеьи дерегі;

2) Тарихи беллетристика және тарихи шындық;

3) Тарих сабағында көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері;

4) Көркем шығармалардың тәрбиелік міндетері;

5) I. Есенберлиннің тарихи романдары – аса құнды әдеби дерек.



1.4 Жоғары сыныптардағы оқу сабақтары
Мазмұны:

1) Семинар, зерханалық сабақтар, мектеп дәрісі;

2) Баяндамалар мен рефераттар;

3) Оқытудың эвристикалық түрлері;

4) Ықпалдастыру сабақ. Байқаулар.
Семинар, зертханалық сабақтар, мектеп дәрісі

Семинаржоғарғы сыныптар арасында кең тараған оқу түрі. Оқудың бұл түрі оқушылардың диалогтық сөйлеуін дамытуға көмектесіп, түпдернктермен дербес жұмыс істей алуын қалыптастырады. Әдетте, семинарлар тұтастай жаңа материалды оқып – үйренуге арналады. Мұғалім бір апта бұрын семинардың тақырыбың, жоспарын, қаралатын мәселелер мен әдебиеттер тізімін хабарлайд. Қабілетті окушыларға күрделі мәселелерді ұсынып, қысқа хабарлама дайындауға тапсырма береді. Хабарламалар тыңдалып, талқылау біткен соң мұғалім басты мәселелерді қорытып, оқушылардың еңбегін бағалайды.

Зертханалық сабақтар – окушылардың алған білімдерін қолдану икемділігі дағдыларын қалыптастыруға арналады. Бұл сабақ түрі негізінен оқушылар үшін жаңа білім көзін игнруге арналады.

Дәрістер – мұғалімдер соңғы уақытта жоғары сыныптарда дәріс оқуға әуестеніп алды. Дегенмен, әдістеме ғылымы классиктерінің мектеп дәрісі мазмұндау нысаны емес, тарих сабағының бір түрі, оны жүргізүдің ерекше әдісі деген тұжырымы естен шықпауы керек. Сондықтан мектеп дәрісі ерекше әдістемені қажет етеді. Өйткені айтылғанды жазып отыру үшін дәріс тындау нәтиже бермейді. Дәріс барысында кітап оқығанда және кітапты конспектілегенде атқарылатын жұмыстар жасалуы тиіс. Дәрістің мақсаты – тыңдау, талдау, басты мәселені бөліп алу, конспектілеу ептілігін дамыту. Сол үшін бастапқы кезде окушыларды тарих оқулығын конспектілеуге үйрету қажет.

Келесі кезекте оқушыларды ауызша сөзді конспектілеуге үйретуге болады. Түсіндірудің алдында мұғалім оқушыларға түсінікті және жазбаларының бірізді болуы үшін қысқаша жоспарды айтып жаздырады. Материалдың белгілі бір бөлігін баяндаған мұғалім окушылардың қатысуымен негізгі ойды айқындайды, жазатын мәтіннің нобайын жасайды. Материалды баяндау барысында окушылардың жазу жылдамдығын қадағалау қажет. Оқушылардың қалай жазып отырғанын да әр кез қадағалау орынды, қажет болса жазған мәтінін оқыту, қатесі болса түзету, тіпті жазу барысында қандай сөздерді қысқартуға болатындығы ескертіледі. Олар келесі сабақта өз жазбаларын оқи отырып, басты мәселенің қайсысы назардаң тыс қалғандығын, екінші кезектегі қандай деректерді жазбай қоюға болатындығын көз жеткізеді. Мазмұны және диктантикалық міндетіне байланысты мектеп лекциясы мынадай түрге бөлінеді. 1) курс бөлімінің негізгі мәселелерімен алғаш рет таныстыратын кіріспе лекция; 2) теориялық материал және негізгі деректерді қамтитын тақырыптық дәріс; 3) тарих курсы бойынша негізгі мәселелерді оқушылардың жадында жаңғыртатын қайталау- жинақтау дәрісі. Кейде дәріс мазмұны оны таңдау барысында жаңа тарихи деректер, жаңа ұғымдар мен есімдерді арнайы кестеге енгізіп отыруға

мүмкіндік береді.
Баяндамалар мен рефераттар
Баяндама. Оқушылардың баяндамасымен нақты бір тақырып бойынша жоспарластырып өткізген орынды.Осындай жағдайда баяндамашылар тобының жұмысқа отрақ қызығушылығын артады және ол баяндамалар сынып оқушылары арасында белсенді түрде талқыланатын болады.

Баяндамен жұмыс жүргізуге арналған жаднамен оқушылар орта буын сыныптарында танысады. Оның мазмұны мынандай:

1) берілген тақырып бойынша оқулық материалдарымен таныс;

2) әңгіменің жоспарын жаса;

3) тақырып бойынша қосымша әдебиеттер іздертір;

4) баяндамаға көрнекті материалдарды, диафильм акдрларын, картина т.б. пайдалан;

5) жасаған қортындыңыңның келтірілген дерекке сәйкестілігін тексер;

6) баяндама алдында тақтаға тақырыптың жоспарын , әдебиеттерін жазып , қажетті , диаграмма , кестелерінді іліп қой;

7) сөйлеген кезіңде сөзіңнің дұрыстығын қадағала;

8) тақырыптын мазмұның баяндаудан ауытқырмай көрнекті құралдарды пайдалана біл .



Реферат жазуды ең алдымен бір шығармадан бастап, біртіңдеп әдебиеттер мен дерек көздерін кеңейтуге тиімді. Қазіргі кезде реферат дайындауға байланысты мынандай жаднама ұсынылады: Тақырыпқа сәйкес жазылатын реыераттың мақсатын айқында; жоспарын құр; кітапты оқу барысында рефератта көрініс табатын негізгі идеялар мен ережелерді, дәлелдер мен дәйектерді бөліп ал; жинақталған материалдарды талдап, қорытынды пікір жаса; рефератты безендір.

Аяқталған реферат белгілі бір тақырыптағы хабарлама болып шығады, оқушы оны дайындауда мектепте алған білімдерді, іскерлігі мен дағдыларын қолданады.

Мектеп практикасында бітіру емтиханында реферат қорғаудың біршама тәжерибиесі жинақталған. Мұндай рефераттарға мынандай талаптар қойылады:

1) реферат оқушының тарихтан басқа да қоғамдық пәндерден білімін танытуы керек;

2) реыератта ғылыми әдебиеттпен жұмыс істеу дағдысы танылуы тиіс. Оқушы ең кемі бес түпдеректі оқып үйренуі керек;

3) рефератты безендіру дерек көзіне сілтеме жасаудың және библиографиялық талабына сай безендірілуі керек;

4) оқушы рефератпен жұмыс барысында мұғалімнен, ктапханашыдан кеңес алуға құқылы, ол кенес жөнінде қосымшада хабарлануы тиіс;

5) қосымша бөлімде автор рефератпен жұмыс барысында кездескен қиындықтарды қалай жеңгендігі, алған өнеге- тәлім туралы айтуы тиіс;

6) рефераттың тезистерін автор алдын ала қорғау ретінде емтихан комиссиясының мүшелері қатысқан қортынды мәслихатта баяндайды және рефераттың соңғы нұсқасын дайындағанда автор емтихан комиссиясы мүшелерінің ескертпелерін ескеруге міндетті.

Оқытудың эвристикалық түрлері
Сабақ-ойталастар.Пікірталас. Жоғарғы буын оқушыларымен мұғалім ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік дамуы деген тақырыпта ойталас- сабақ дайындап, өткізе алады. Онда мұғалім Қазақстанда саяси қозғалыстардың дамуына кімдердің ықпалы күшті болады: ұлттық демократтар ма, әлде социал- демократтар ма? Өз жауабынды негізде деген мәселені алға тартады.

Ойталастың алдында оқушылар оны жүргізудің тәртібімен танысады. Ол тәртіптің негізгілері мынадай: ең басты нені дәлелдейтініңді біл; ең мықты дәлел нақты дерек; қисынды және сабақтастықпен сөйле; өзің жақсы білетініңді ғана айт; қарсыласыңды құрметте және оның ойын бұрмалама; өзіңе және дауыс көтерме.



Пікірталасқа оқушылар үйде алдын- ала дайындалады. Олар теориялық тұжырымды қалай теріске шығаруын немесе белгілі бір ұстанымды қорғай отырып, оқушылар дауысын, мимикасын, жүріс- тұрысын құбылтып, тұлғаның кейпіне енуге тырысады.

Пікірталастағы мұғалімнің рөлі пікірталасты ұйымдастырып, оны бағыттап, өз пікірін күтеп таңбай, оқушылардың еркін пікір айтып, қорытынды жасауына жағдай туғызу болмақ. Ал оқушылар пікірталас барысында тарихшылардың еңбегімен танысып, қажетті дәйексөздер жинақтап, дерексөздерін зерттейді.

Баламалы жағдай. Ойталас- сабақта нақты өмір сүріп тұрған тарихи шындыққа баламалы жағдайды үлгілеуге және оны талқылауға болады. Баламалы жағдайға талдау жасауда оқушылар мынандай жаднаманы пайдаланады.

1) ұсынылған әрбір дамуы жолының мәнін анықта;

2) олардың тарихи шарттылығын айқында;

3) оларға өз көзқарасыңды анықта;

4) таңдалған даму жолының артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндір;

5) жоққа шығарған таңдауды бағала;

6) жасалған таңдауды бағала.

«Қазақ жеріні» Ресей қол астына өте бастаудың тақырыбында баламалы жағдай тәсілін қолдануға болады. Бұл сабақта Ресейге қосылу жөнінде екі түрлі қарама- қарсы көзқарасты ұстанған Әбілхайыр хан мен Барақ сұлтан бастаған екі саяси күш- сынып оқушыларының екі командасын құрайды. Олар өз көзқарастарын дәлелдеу үшін ғылыми деректерге, батыл болжамдарға жүгінеді.

Пікірталаспен бірге диспут- диалог түріндегі тәсілді қолданудың дидактикалық жемісі мол. Бұл тәсілде тарихи тұлғалардың ойталас-диалогы көрініс табады. Мысалы, М. Шоқай- А.Ф. Керенский, А. Байтұрсынов- В.И.Ленин, Ә. Бөкейхан- Ә. Жангелдин, Т. Рысқұлов- И. В. Сталин арасындағы ойталас- диалогтар.
Ықпалдастық сабақ, байқаулар
Пәнаралық сабақ. Тақырыптары тарих, география, әдебиет, адам және қоғам пәндерімен тығыз байланысты сабақты ықпалдастық деп айтамыз. Ол әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір сабақты тарих пәні мұғалімі бастап, өз кезегінде оны әдебиетші мұғалім жалғастырады да оқушылар өз хабарламаларында бірін- бірі толықтырады. Осы тәсілмен ХҮІІ ғасырдағы Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы саяси- эканомикалық байланыстар өз кезегінде М. Мағауиннің «Аласпыран» диалогиясындағы көркем образдарымен ұштасады.

Мысалы, А. Құнанбаевтың шығармашылығын оқып үйренгенде ықпалдастық сабақ түрін қолдануға болады. Болашақ тарихшы Абайдын өміріндегі маңызды оқиғаларға тоқталса, әдебиетші М. Әуезовтың Абай жолы эпопеясы мен оның өмірбаянын салыстыра әнгімелейді, ал болашақ суретші ұлы ақынның суреттері мен мүсіндерінің бейнелеу ерекшеліктерін тілге тиек етсе, орыс тілі бойынша аударма еңбектерге сипаттама беріледі.



Блоктық оку. Оқытуды ұйымдастырудың жаңа түріне шоғырландырып оқыту техналогиясы жатады. Оның мәні тақырыпқа, мақсатқа топтастырылған оқу әрекеті. Онда жаңа оқу материалын оқып-үйрену процесі ішкі өзара әрекет пен білімнің ұлғаюы жағдайында өтеді.

Тарих пәні бойынша бір күнде бірнеше сабақ өткізу тәсілін де қолдануға болады. Онда сабақтар дәріс, жаңа материалды игерудегі оқушылардын дербес жұмысы, пактикалық сабақ болып түрленуі мүмкін. Бұл тәсілдін кемшілігі- сабақ кестесінде тұрақсыздық туғызады.

Блогтық немесе тақырыптық оқуды арнайы жоспар бойынша түрлі сабақ формаларын блогқа біріктірік жүргізуі. Ол көбінесе тарихи мазмұны ұқсас тақырыптарды 6-10 сағатқа топтастыру арқылы іске алады.

Жинақтау- сабақты орта буын оқушылары арасында жоғарғы сынып оқушылары жүргізе алады. Бұндай топтық әңгімелесуге жоғары сынып оқушылары қызығушылықпен және жаупкершілікпен дайындалады тіпті сабқта оларға оқушылардың білімін бағалауды да сеніп тапсыруға болада, тек қорытынды бағаны блог бағасын ескеріп қою керек.

Оқудың сынықтық жүйесі соңғы кезде мектеп практикасында кен қолданыс табуда. Сабаққа белсенді қатысатын оқушылар автоматты түрде сынақталады. Тек білімінде оқулықтар байқалп, оны жоюға тиісті оқушылар ғана сынақ тапсырады сынақталған оқушылар арасынан мұғалімге көмекшілер тағайындауға болады. Мұғалім оларға сынақты өткізудің сұрақтарымен тапсырмаларың береді немее оны оқушылардың өдері дайындайды. Соңғы жағдайда мұғалім ол сұрақтар мен тапсырмаларды қарап шығып, түзету енгізеді.

Жоғарғы сынып оқушыларына тарих пәнін оқыту оқу әрекетін ұйымдастыру мен оны өткізу әдістерінің көп түрлілігін қажет етеді. Сондықтан олармен жұмыс жүргізетін пән мұғалімнің теориалық, әдістемелік және дикдактикалық дайындығы жоғары деңгейде болуы тиіс.


Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Жоғары сыныптарда өтілетін сабақардың қандай ерекшіліктері бар?

2. Семинар, зертханалық сабаққа қойылатын талаптарды ата.

3. Мектеп дәрістерін қойылатын талаптар. Бір тақырыпқа дәріс конспектісін жаса.

4. Баяндама, реферат қалай дайындалады?

5. Оқытудын қандай эврестикалық түрлерін білеміз?

6. Ықпалдастық сабақ дегеніміз не?


Өзіндік жұмыстардың (курс, бақылау, реферат, баяндама) тақырыптары:

1) Тарих пәнінен симинар, зертханалық сабақ жүргізудің әдістері;

2) Жоғары сыныптарда тарих сабағың өткізудін әдістемелік ерекшеліктері;

3) Сабақ оқытудың эвристикалық түрлерін қолдану әдістемесі;

4) Тарих пәнінен өткізілетін мектеп дәрісі және оны ұйымдастырудың жолдары;

5) Жоғары сынып оқушыларын тарих тақырыбында баяндама, реферат дайындауға үйрету.




    1. Тарих пәні мұғалімінің сабаққа дайындығы


Мазмұны:

1) Тарих сабағына қалай дайындалу керек?

2) Оқу материалына құрылымдық- функциалық талдау.

3) Конспект және сабақ жоспары.


Тарих сабағына дайындалу керек?
Тарих сабағына қойылатын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім көздерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені таңдап ала білу; оқушылардың жоғарғы деңгейдегі дербес ойлай білу мен танымдық белсенділігін қалыптастыру; сабақ типін, оны өткізудің құралдары мен әдістері дұрыс таңдай білу; таңдап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына сай келуі; мұғалім мен оқушы әрекетінің біртұтастығы.

Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемлекеттік стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. Осындай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақтыемес, тұтас тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға ретінде қалыптасуы барысында тереңдеп, нақтылана түсетін деректер мен ұғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяндалуы сипатын, оның құрылымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының қандайлығына көз жеткізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік стандарт, оқулық және бағдарламамен жеке танысу оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу- тәрбиелік мақсаттарын айқындауға көмектеседі.

Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. Оның мәні – сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру.

Мұғалім мазмұнын өзі ашатын және оқушылардың дербес игеруіне оңай тиетін тақырыптарды белгілейді. Нақты сыныптағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтап барып мұғалім тақырыптық жоспар негізінде сабақ жоспарын түзеді.

«Б.д.д. V-IV ғасырларда эллинділік мәдениетінің гүлденуін тақырыбындағы сабақ былацша жоспарлануы мүмкін:

1) Б.д.д. V-IV ғасырларда элладаның сәулет, сұңғат және сурет өнері (Афина Акрополіне оәша саяхат);

2) Ежелгі грек театры (көрініс-сабақ);

3) Ежелгі Грецияның ғылымы мен мектебі (ойын-сабақ);

4) Олимпиядалық ойындар (репортаж-сабақ);

5) Қорытынды сабақ (викторина-сабақ).

Оқытуды материялды мазмұндаумен шатастыруға болмайды. Оқыту мұғалім қызметінің сабаққа дайындалудан оның тәжіребиесін талдауға дейінгі барлық кезенін қамтиды.

Сабаққа дайындалу функциялары (міндеттері, қызметтері). Сабаққа дайындалудың әр кезеңінің атқаратын өз фцнкциялары бар.

1) Тексерушілік функция сабаққа дайындықтың мынадай негіздерін қамтиды:

а) оқу материалының мазмұнын ой елегінен өткізу; - тақырыпты, бөлімді оқып-үйренудің мақсатына сай дидактикалық мақсатты тұжырымдау;

б) сабақ типін анықтау;

в) сабақ құрылымын белгілеу.

Бұл кезеңде қажетті іскерлікті қалай қалыптастыруға, қандай сезімдерді ояту қажеттігі айқындалады. Білім көзін таңдаған мұғалім оның іске асыруға көмектесетін тәсілдерді таңдайды. Бұл жерде білім көзі ретінде оқулық мәтіні, оқу картинасы, мұғалім дәрісі, оқу телефильмі қарастырылады.

Жаңа сабаққа дайындық өткен сабақтың үйге берілген тапсырмасын талдауды да қарастырады. Өткен сабаққа қатысты сұрақтар жаңа тақырыптық мазмұнына байланысты болуы шарт:

1) құрастырушылық функция:

а) нақты сыныптағы оқушы құрамының ерекшеліктеріне талдау жасау;

б) оқушы әрекетінің басым сипатын айқындау. Оқушының таным деңгейі еске түсіруші, өзгертуші және шығармашылық-іздецшілік болып бөлінеді. Еске түсірушілік таным деңгейіндегі оқушы сабақ барысында мұғалімнің айтқанын, жасағанын қайталап отырады. Ал, өзгертушілік таным деңгейіндегі оқушы дәрісті тыңдай отырып, оны қорытады; оқулықтың бірнеше параграфы бойынша кесте құрастырады; ауызша бейнелеу бойынша картадан нысанды көрсетеді. Ең күрделісі – шығармашылық-іздеушілік деңгейде оқушы құжаттарды талап, дербес қорытынды жасайды; тарихи оқиғаның дамуына баламалы жағдай ойластыра алады.

Оқушылардың талдаған әрекет деңгейі мұғаллімнің сабақтағы жұмыс әдісіне тікелей байланысты. Нақтылай айтқанда, мұғалім дайындығы төмен сыныпта түсіндіруге мол уақыт бөліп, дайындығы жоғары сыныпта іздену бағытында жұмыс жүргізуге баса мән беруі тиіс:

1) ұйымдастырушылық функция алдындағы функциялармен тығыз байланысты. Оларды талдай отырып, мұғалам: сабақты қалай бастау керек; оқушылар сабақта немен айналысады; жаңа материалды игеруге оларды қалай жұмылдыруға болады; барлық оқушыларды қандай жұмысқа жегуге, қандай тапсырма беруге болады деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап қарастырады.

Мазмұны бірдей сабақтар оны өткізуде сынып оқушыларының танымдық мүмкіндігін ескеріп қолданған әдістеме бойынша бір-бірінен едәуір ерекшеленуі мүмкін.

Оқушылардың оқу іскерлігі жетілген сайын алға қойған оқу процесінің міндеттерін іске асыруда оларға дербестілік берілуі тиіс;


  1. Ақпараттық немесе мазмұндаушылық функция сабақтың оқу

мазмұныныа қатысты, ол оқу мазмұнын баяндауда қандай тәсіл қолдануға болады дегенді білдіреді. Оқу мазмұнын талдау жасай отырып, мұғалім оны қандай көлемде, қандай түрде беруді айқындап, сабаққа қажетті оқу құралдарын таңдайды.

Мұғалім сабақ үстінде оқулық материалын жалаң баяндап қоймайды, оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтарды кеңінен түсіндіріп, тақырыптық басты мәселелерінің мәнін ашады. Мқғалім бағдарламалық материалдан нені алып тастауды, нені қысқа немесе жан-жақты мазмұндау керектігін белгілейді. Оқулықтағы нақты фактілермен жаңа ұғымдардың мәнін ашып, оқулық материалын көркем және бейнелі етіп мазмұндайды:



  1. Бақылау-есепке алу функциясы білімді қалай тексеріп, бекітуді;

оқушылардың тақырып бойынша өз пікірін білдіруді; білімді қалай бағалауды алдын ала ойластыруды қарастырады. Осыған байланысты оқушылардың білімін бағалаудың мынадай өлшемдерін атауға болады: а) объективтілік (әділдік); б) бағалаудың жан-жақтылығы; в) баға қоюдағы айқындық және жариялылық;

2) Түзетуші функция сабаққа қорытынды жасайды. Ол материал дұрыс жинақталды ма, деректер маңызды ма; сабақтың дидактикалық мақсаты дұрыс қойылды ма және оған қаншалықты қол жетті; сыныптың ерекшелігі ескерілді ме; қолданған оқу әдістері, тәсілдері, түрлері талапқа сай келе ме; тапсырмалар орынды және қызықты болды ма; білімді игеру деңгейін қалай бағалауға болады деген сұрақтарды қамтиды.

Түзетушілік функцияны мұғалім жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, әрбір сабақтан соң пайдаланады. Конспект немесе сабақ жоспарына « Сабақтың теориялық бөлімін кеңейту », « артық деректерді алып тастау » деген сияқты қысқа жазбалар түсіреді. Ол ескертпелер келер оқу жылында ескерілуі тиіс.
Оқу материалына құрылымдық- функциялық талдау
Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды П. В. Гора құрылымдық- функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау дегенде мұғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой елегінен өткізіп, оның мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндіреді. Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулықтың мазмұнынан анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында жасырын түрде кездесу мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін айқындауға бағытталады.

Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал жасаған деректер. Олар сабақ мазмұнының фатологиялық негізін құрып, тарихи даму процесіндегі маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі талдаудан негізгі қорытынды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің мазмұны мен байланыстарының оқушылардың дүниетанымдық идеялары мен ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық мағұлматтар болуы мүмкін. Ториялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып келеді.

Басты деректердің арасында маңызды теориялық мазмұн арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйренуі оқушылардың сезімдік толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және шығармашылық қиялын дамытады.

Сабақта басты деректкрден басқа қосалқы оқу материалдары – қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық және басқа да деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін, қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К. Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз аттың үстінде қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгендігін, ал оның ұрпағы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсенттін Римдегі олимпиадалық ойындарда чимпион болғандығын екенің бірі біле бермейді.

Деректік материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тәжірибелік және териялық деңгейде оқытылады. Тарихи материалды Тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құблысты «дайын күйінде» ұсынуға негізделеді. Бұндай таным нысаннаның сытрқы белгілерін қабылдап, ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң барып теориялық таным басталады. Деректі танудан теориялық қорытындыға өту процесі онша күрделі емес. Ал бір теориядан екінші теорияға өту процесі барынша күрделі сипат алады, ол теориялық деңгейдегі таным деп аталады. Бұл білім тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну және түсіндіруде қолданылады.

Сабақ мақсатын айқындау. Тәжірибелі мұғалім оқу курсымен алдын ала танысқанда немесе тақырыптық жоспар түзгенде тақырыптарды немесе бөлімдерді оқып-үйренуге келешек мақсатын айқындайды. Ал жас мұғалім әдетте жалпы мақсаттарға емес, нақты сабаққа дайындық кезңінде нақты мақсаттарға көңіл бөлгені орынды.

Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционалдық талдау кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды, ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады.

Құрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады.

Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша болжау дегенді білдіреді.

Мақсатты айқындауда жалпыадамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы және т.б.) және мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін.

Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеру керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар; сабақтың адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі (қайырылымдылық, кішіпейілдік, адалдық, еңбексүйгіштік ) үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу әдебиеті барысында, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысында іске асатындығы ескерілуі тиіс.

Дамытушылық мақсаттары; оқу материалына сүйеніп қандай дағаылар дамытылды (жоспар құра білу, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің қисындық бірізділігін игеруді және т.б ). Сонымен бірге дамытушылық мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылар мен шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық қызығушылық ) дамуын да жатқызуға болады.

«Ежелгі Рим» тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты – мәдени, шаруашылық тұрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты – қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты – жекелеген бөлшектер негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау.

Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю. К. Бабанский былайша жүйеленеді:

1) тақырыптың оқу мазмұнынан (тақырыптық жоспарластыру кезінде) және сабақтан (әр сабаққа сабақ жоспарын жасау барысында) туындайтын нақты мақсаттарды жоспарластыру керек;

2) жоспарластыру кезінде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын біртұтас бірлікте және өзара байланыста қарастыру керек;

3) мақсаттарды жоспарластырғанда сабақ тақырыбы оның негізгі мазмұнын талдауына және пәншілік, пәнаралық, курсаралық байланыстыруға сүйену керек;

4) оқу материалын талдау барысында осы сабақтың жалпы тарихи білім міндеттерін шешуге қосатын үлесі айқындалуы тиіс.

Сабақ жүргізудің тиімділігі мұғалімнің күткен нәтижені болжай алу, оны сабақ үстінде іске асыру, оқушылармен кері байланыс ортату (оқыту мен оқудың бірлігі) шеберлігіне тәуелді. Белгілі әдіскер Н. В. Кухарев сабақты ұйымдастыру мен өткізудің төрт деңгейін бөліп қарастырады. Жоғары деңгейдегі сабақта мұғалім оқушыларға түсетін ауыртпалықты ескере отырып, сабақтағы оқу нәтижесін алдын-ала құрастырып, оған қол жеткізе алады. Биік деңгейдегі сабақта мұғалім қол жеткен нәтижелердің себеп-салдарын нақтылап, сабақта тиімді жұмыс тәртібін қйымдастыруға қабілетті деп танылады. Орта деңгейдегі сабақта мұғалім тексеру кезінде оқушылардың білімдері мен дағдыларын айқындауға шамасы келсе, төменгі деңгейдегі сабақта мұғалім нәтижеге қол жеткізу жолдарына басын ауыртпай, тек қана сабақ жоспарын жазумен шектеледі. Соңғы екі деңгейде мұғалім тек оқушылардың білімі туралы ақпарат жасап, сабақ үстінде олардың тәртібін сақтауға бар күш-жігерін жұмсайды


Әдебиеттер
1 Амонашвили Ш. А. Воспетательная и образовательная функция оценки учения школьников. – М., 1984. – 345 с.

2 Апперович Н. И., Полторок Д. И. Кабинет истории и обществоведении в средней школе. – М., 1982. – 328 с.

3 Аманжолов К. Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану. – Алма-Ата, 1989. – 269 с.

4 Бабанский Ю. К. Оптиматизация учебно-воспитательного процесса. – М., 1982. – 245 с.

5 Бап-Баба С. Жанату негіздері. – Алматы, 2002. – 198 с.

6 Боголюбов Л. Н. К вопросу о методологических основах методики обучения истории. Сов. Педагогика. – М., 1975. – № 12. – 175 с.

7 Вагин А. А. Методика обучения истории. – М., 1972. – 168 с.

8 Гора П. В. Методические примеры и средства наглядного обучения истории в срндней школе. – М., 1991. – 177 с.

9. Гора П. В. Повышение эффективности обучения истории в срндней школе. – М., 1988. – 208 с.

10.Годер Г. И. Ежелгі дүние тарихына арналған методикалық құрал. – Алматы, 1980. –148 с.



Мазмұны




Алғыс сөз................................................................................................3

1

Тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мен қалыптасуы......................4

1.1

Тарихты оқытудың әдістемесі-педагогикалық пән............................4

1.2

Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып – үйрену.............7

1.3

Тарихты оқытуда көркем әдебиетті қолдану....................................14

1.4

Жоғары сыныптардағы оқу сабақтары..............................................19

1.5

Тарих пәні мұғалімінің сабаққа дайындығы.................................... 25




Әдебиеттер........................................................................................... 32

























Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы



Павлодар


с. 1

скачать файл