«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін


с. 1


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банк

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде» 2000 жылғы
24 мамырдағы № 243 қаулысының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу» мемлекеттік қызметтер стандартының (бұдан әрі-Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісімді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.




2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызметтер құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап бір ай ішінде көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бас тарту негіздемелері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

8. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметтерді алу үшін сұратуды алған сәттен бастап және мемлекеттік қызметтер нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері:

өтініш беруші мемлекеттік қызметтерді алу үшін Комитетке Стандарттың
11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді;

бұл ретте құрылтай құжаттарына тазартып өшірілген не артық жазылған жерлері, сызып тасталған сөздер және өзге де айтылмаған түзетулер бар өзгерістер және толықтырулар қарау үшін қабылданбайды;

қажетті құжаттар пакеті құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабардың мазмұнын алдын ала зерделеген және оны тіркеген соң ол электрондық құжат айналымы шағын жүйесі арқылы Комитет төрағасының немесе оның орынбасарларының қабылдау бөлмесіне беріледі;

Комитет басшылығы құжаттарды олар келіп түскен күні қарайды;

Комитет басшылығы электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта құжаттарды қараған және оларға тиісті бұрыштама қойған соң бұрыштама қойылған құжаттар оларды одан әрі орындау үшін Лицензиялау департаментіне беріледі;

Лицензиялау департаментінің басшылығы орындаушыны белгілейді;

өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келісім алу үшін ұсынған құжаттарды Лицензиялау департаментінің орындаушысы қарайды, одан кейін заң бөлімшесіне жіберіледі;



заң бөлімшесінің басшылығы орындаушыны белгілейді;

заң бөлімшесінің уәкілетті қызметкері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келісім алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына ескертулердің болуы/болмауы туралы тиісті хат дайындайды және оларды Лицензиялау департаментіне қайтарады;



заң бөлімшесінің қорытындысын алған соң Лицензиялау департаментінің орындаушысы өтініш берушінің атына тиісті хат дайындайды;

құжаттар келіп түскен соң күнтізбелік отыз күн ішінде Лицензиялау департаментінің орындаушысы өтініш берушінің атына ұсынылған құжаттар бойынша келісу немесе ескертулердің бар болуы туралы тиісті қорытындыны жіберуі тиіс;

құжаттарды қараудың нәтижесі оң болған кезде орындаушы өтініш берушінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі атына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың Комитетпен келісілгені туралы хат дайындайды;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулары қоса берілген хат Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жіберіледі және қол қойылған соң оларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың Комитетпен келісілгені туралы мөртабан қойылады;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ескертулер болған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі;

мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитеттің жауапты бөлімшесінің хатшысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне тиісті журналда қол қойдыра отырып, қолма-қол береді.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почта жіберілімі арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең төменгі саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкер болады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы іс-әрекеттердің

(өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау
10. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, өтініш берушінің қолына өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазып береді.

Тұтынушы құжаттарды почта жіберілімі арқылы жіберген немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.



Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде қабылдауды, ашуды және тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесін беруді жүзеге асырады.

11. Ақпарат қауіпсіздігіне талаптар қойылмайды.

12. Мыналар мемлекеттік қызметтер көрсету барысына қатысады:

1) құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті


қызметкерлер – қызметті тұтынушы ұсынған құжаттарды оларға мөртабан қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу;

2) Комитет басшылығы – бұрыштама қою және тиісті құжаттарға қол қою;



3) Лицензиялау департаментінің басшысы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімше басқармасын белгілеу, тиісті құжаттарға бұрыштама қою және қол қою;

4) Лицензиялау департаментінің қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісуге дайындау;

5) заң бөлімшесінің басшысы – тиісті бұрыштаманы қою, құрылымдық бөлімшенің тиісті басқармасын белгілеу, құжаттарды келісу;

6) заң бөлімшесінің қызметкерлері – ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін талдау.

13. Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік
іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігі мен өзара іс-қимылын мәтіндік кестелік сипаттау әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы әкімшілік


іс-әрекеттердің қисынды жүйелілігі мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің
2-қосымшасында көрсетілген.

15. Өтініш берушінің атына жіберілетін хат еркін нысанда жазылады.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барысы туралы ақпаратты Лицензиялау департаментінің хатшысынан
8 (727) 2788-008 телефоны бойынша алуына болады.



  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер

мен толықтыруларды келісу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-қосымша

1-кесте. Іс-қимылдарды сипаттау.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу бойынша мемлекеттік қызметтерінің регламенті





Негізгі үрдістің (жұмыс барысының, легінің) іс-қимылы




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, легінің) №

1

2


3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкер

Комитет төрағасы орынбасарының немесе тиісті бөлімше басшысының қабылдау бөлмесі

Лизенциялау департаментінің басшысы

Лизенциялау департаменті- нің уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Комитеттің заң бөлімшесінің басшысы және уәкілетті қызметкері

Төрағаның жетекшілік ететін орынбасары


Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесі

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оларды сипаттау



Тұтынушы ұсынған құжатты оларға мөртабан қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу. Электрондық құжат айналымы

шағын жүйесінде тіркеу



Құжаттың мазмұнымен таныстыру және басшылықтың электрондық құжат айналымында және қағаз тасымалдауыш- та оларға бұрыштама қоюы және Лизенциялау департаментіне жіберу

Лизенциялау департа-менті басшысының құжаттар-ды қарауы және орындаушы-ға тапсырма

Құжаттарды қарау және оларды заң бөлімшесіне келісу үшін жіберу

Құжаттарды келісу және жауапты бөлімшеге қайтару

Құжаттардың орындалуы-ның негізділігін тексеру және құжаттарға электрондық құжат айналым шағын жүйесінде және қағаз тасымал-дауышта қол қою


Құжаттарға мөр қою

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитетке беру

Құжаттарды тиісті жауапты бөлімшеге беру

Келіп түскен құжаттар-ды

жауапты бөлімшенің басқармасы-на беру



Заң бөлімшесіне беру

Тиісті жауапты бөлімшеге қайтару


Құжаттар-ды тиісті жауапты бөлімшеге беру

Дайын құжатты тіркеу және тұтынушы-ға беру

5

Орындау мерзімі

1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


3 жұмыс күні

10 жұмыс күні


1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2- баған.

3-баған

4-баған

5-баған

6-баған

7-баған

8-баған


1-ші кестенің жалғасы


1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, легінің) №

8

9


10

2

ҚФБ атауы

Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы.


Құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкер

Құжаттар-ды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкер

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оларды сипаттау



Дайын құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкерге жіберу.


Құжаттарды тіркеу, мекенжай мен қосымшаларды тексеру. Құжаттарды почта бойынша немесе көрсетілген мекенжай бойынша жіберу.


Дайын құжаттар-ды беру

(өтініш білдіруге қарай 1 күн ішінде)




4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Құжаттарды оларды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкерге жіберу.


Құжаттарды почта бойынша немесе көрсетілген мекенжай бойынша жіберу.


Дайын құжатты тұтынушы-ға беру


5

Орындау мерзімі

1 жұмыс күні


1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

9- баған.

10-баған

-

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер

мен толықтыруларды келісу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

2-қосымша



Өзара іс-қимылдың жұмыс істеу схемасы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу бойынша

мемлекеттік қызметтерінің регламенті


3. Лицензиялау департаменті

Келіп түскен құжаттарды тексеру және құжаттарды лицензиялау және рұқсат беру басқармасына беру

(2 күн)
)


4. Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы

Құжаттарды қарау және оларды заң бөлімшесіне келісуге жіберу

(3 жұмыс күні)







    







- +




6. Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы

орындалған құжаттың орындалу сапасын тексеру және қол қою және Төрағаның/ Төраға орынбасарының қабылдау бөлмесіне жіберу

(1 жұмыс күні)










8. Лицензиялау және рұқсат беру басқармасы
Дайын құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкерге жіберу.

(1 жұмыс күні)











с. 1

скачать файл