Сандар қатарының негізгі қасиеттері туралы білімдерін бекіту, + -1


с. 1
65-сабақ Күні: 10.01.13 ж

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : Сандар қатарының негізгі қасиеттері туралы білімдерін бекіту, + -1,+-2 кестелік жағдайын орындау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Адамгер шілікке, мейірімділікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар.

Сабақтың әдісі: ізденіс, сұрақ -жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Оқу құралдарын түгендеу

II.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім:

-Сабаққа дайындығымызды білдірейікші.

Оқушылар:

«Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз,

Отыруға түп –түзу,

Дайындалық бәріміз»



ІII Жаңа сабақ

Сандар қатарын пысықтау,өсу,кему ретімен санау.

1-тапсырма. Бос торкөздерге тиісті санды қойып өрнектің мәнін табу.

6+1= 9-1= 3+5=

6+ = 8 9- =7 8- =6
2-тапсырма.

Есеп сұрағын толықтырып,оны шығар.

Алмаста 3 алмұрт,Олжаста 4 алмұрт бар. Барлығы неше ?

Шарты:


Алмас-3

Олжас-4 ? алмұрт


3-тапсырма. Салыстыру

5*3 6*8-2 7-2*6

6*10 9*7-1 5+2*9

7*8 2*6-2 3+2*5



Сергіту сәті

«Қол көтерсем солтүстік,




Экватор белде деп,

Белді бұрай қозғасаң.

Сағат тілі батысқа,

Жер айналар шығысқа»


Топ-топ бассам оңтүстік.

Қолды созсам жан-жаққа,

Көрсетеді бағытты.

Батыс пенен шығысты,

Иіліп сәлем берейік,

4- тапсырма «Кім жылдам?» ойыны

Екі оқушы жарысқа шығып,өрнектепдің мәнін табады.

7-2 4+2 0+8 2+5

6+2 7+0 7-7 2+7

8-2 1+9 1+9 6-2

5-тапсырма

Бұрыштарға қарағанда қай фигуралар артық,қай фигуралар кем?


6- тапсырма Сурет бойынша жұмыс 10 айырмашылығын тап



IY.Сабақты қорыту

Қызықты тапсырмалар шешу

1.Бір-бірімен жарысқан ,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қоян,бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді? /8/

2.Ала шапан киініп,

Қарбыз жатыр үйіліп.

Қарбыздарды шетінен,

Санап шықтым екіден,

Бесеу болды жұп саны,

Нешеу болды түп саны.? /10/
YI.Бағалау

YII.Үйге тапсырма 4-тапсырма қалғаны


66-сабақ Күні: 11.01.13 ж

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : Сандар құрамы туралы білімдерін пысықтау.

Өрнек,теңдік,теңсіздік құрастыра білуін бекіту, + -1,+-2 кестелік жағдайын орындау.



2.Дамытушылық: Өрнек,теңдік,теңсіздік құрастыра білу дағдыларын,

шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, ой-өрісінтерін дамыту.



3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,сандар карточкасы

Сабақтың әдісі: ізденіс, сұрақ -жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Оқу құралдарын түгендеу

Психологиялық дайындық:

«1» деген – жаман баға, Алады оны жаман бала. «2» деген – нашар баға, Інішегім нашарлама. «3» деген – орта баға, Сапасы да орта ғана. «4» деген – жақсы баға, Алады оны жақсы бала, 5» деген – үздік баға, Оқитын бол үздік



II.Өткенді пысықтау

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Ауызша есептеу. «Доп лақтыру» ойыны

III. Жаңа сабақ

Сабақты «Мақсатыңа жет» ойынынан бастау

1-тапсырма 10 санының құрамына пысықтау
2-тапсырма Суреттер бойынша теңдіктер құрастыр,олардың мәнін тап.

а) 4+5 ә) 4-3

б) 9-5 в) 4+3
3-тапсырма

5+ = 8 5 = +4 3+4= +5

5+ >8 5 > +4 3+4 > +5

5+ < 8 5 < +4 3+4< +5



Сергіту сәті

1,2,3 бойға жинап күш,

4,5,6 отыр,тұр,шалқы.

7,8,9,10 орындығына қон

4-тапсырма Қай өрнек артық? Неге?
3+5 4+4 9-1 2+6 6+4
5-тапсырма Теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр
2+3=5 2<3

3+1=4 3>1


6-тапсырма Қолсандықта не бар? Не артық?

Оқушылар заттардың атын атап,санап, не артық екенін табады.


IY. Сабақты қорыту

Сандар құрамына байланысты ауызша есептеулер жүргізіледі.



Y. Бағалау

YI. Үйге тапсырма 1-тапсырманы жазбаша орындау

67-сабақ Күні: 14.01.13 ж

Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : 3 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру,(қолданылатын тәсілдер;сандар құрамы туралы білімдеріне сүйену,сандар қатарының қасиеті)

2.Дамытушылық: Қосу және азайту тәсілдері туралы білу дағдыларын,

шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.



3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың әдісі: ізденіс, сұрақ -жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Оқу құралдарын түгелдеу

II.Өткенді пысықтау


  1. Үй тапсырмасын тексеру №1

  2. Ауызша есептеу. «Кім жылдам?»

III. Жаңа сабақ

1 3 санын қосу және азайту тәсілімен таныстыру.практикалық іс-әрекеттер орындату арқылы құрылады.3 санын қосу мен азайтуды әртүрлі тәсілмен жүргізуге болатыны туралы қорытынды жасалады.Осы мақсатта «Моншақ тізейік» ойынын өткізу.

2+1+1+1=5 10-1-1-1=

2+2+1= 10-2-1=

2+3= 10-3=

№2 3 санын қосу және азайту кестесін жаз және жатта.


+3= -3=
№3 Білімді бекітуге арналған тапсырма.


6

4


7

9

5

2
44 +3 -3
-3

+3


+3 -3
Сергіту сәті.

1,2,3 бойға жинап күш,

4,5,6 отыр,тұр,шалқы.

7,8,9,10 орындығына қон.

№4 Есепті шығар.

Айырманы (қалдықты) табуға арналған есеп шығарады.

Әйгерім 5 есеп шығару керек.Ол 3 есепті шығарды.Әйгерім енді неше есеп шығаруы керек?

Шарты:

Шығару керек-5 есеп



Шығарды-3 есеп Шешуі:5-3=2

Қалды -? есеп Жауабы:2 есеп қалды


№ 5 Салыстыру

3*5 9-2*9

7*9 6-1*5

10*8 4+2*2

6*4 7-3*4

№6 Артық затты тап. Суреттерден артық затты табады.



IY. Сабақты қорыту

3 санын қосу және азайтуға пысықтауға ауызша есептеулер



Y. Бағалау

YI. Үйге тапсырма №5 қалғаны

68-сабақ Күні 15.01.13 ж.

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : 1,2,3 сандарын қосу мен азайту дағдыларын бекіту;қалдықты табуға арналған есепті шығаруды қайталау;қосудың компоненттерін білу;

2.Дамытушылық: Өрнек,теңдік,теңсіздіктер құрастыра білу дағдыларын,

шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.



3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке баулу.

Сабақтың типі:білімді бекіту

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер

Сабақтың әдісі: ізденіс, сұрақ -жауап,

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару



2.Оқу құралдарын түгендеу

II.Өткенді пысықтау

  1. Үй тапсырмасын тексеру

с. 1

скачать файл