Оқу-өндірістік практиканың мақсаты


с. 1
Ф КГМУ 4/4-02/01

ПП КГМУ 4/04


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Биологиялық химия кафедрасы

Қоғамдық денсаулық сақтау,медбике ісі,

фармация және стоматология факультетінің

Ғылыми советі отырысында

бекітілді

«__________________» 2010 ж

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу- өндірістік практика

СОТ-ХИМИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

Мамандығы: 051103 –Фармация

Сағат көлемі – 45 (3 кредит)

Курс : ІҮ

Семестр:ҮІІІ


Қарағанды 2010

Фармация-051103 мамандығы бойынша ҚР ГОСО 3.08.390-2006 негізінде жұмыс бағдарламасы құрастырылды және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инновациялық Республикалық орталықпен және Астана,Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетерімен «Аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптама» оқу кәсіби тәжірибе бойынша типтік бағдарлама құрастырылды 5.11.2009 ж.

Жұмыс бағдарламасы кафедра жиналысында қарастырылды

_____________хаттама 2010ж., №

Каф.меңгерушісі,проф. Л.Е.Муравлева

Жұмыс бағдарламасы медико-биологиялық және фармацептика пәндерінің профилдік әдістемелік комиссиясында талқыланды

_____________хаттама 2010 ж., №

Төрайымы,доц. Н.А.Тимченко

ҚММУ Әдістемелік Кеңесімен мақұлданды

_____________хаттама 2010 ж., №10

Төрайым,проф. Р.С.Досмагамбетова

Бастық КЖБ және ТП проф. Б.Н.Кошерова

_________2010 ж.

Әдіскер КЖБ және ТП

_________2010 ж. М.А.Коршукова
Кіріспе

Бұл тәжірибе токсикологиялық-химияның теориялық білімдерін меңгеру үрдісінде алған тәжірибелік дағдыларын және біліктілігін бекіту үшін қажетті сот-химигі мен химик-токсикологтың тәжірибелік қызметіндегі нақты есептерді шығару үшін тағайындалған.



Оқу-өндірістік практиканың мақсаты: химик-сарапшысы (химик-токсикологы) қызметінде студенттердің білімін тереңдетіп бекіту және кәсіптік дағдыларды қалыптастыру.

Оқу-өндірістік практиканың міндеттері:

-Зертханалық және эксперттік зерттеулер құжаттарын рәсімдеуі үшін алған білімімен тәжірибелік дағдыларын келесілерді қолдана тереңдетіп бекіту.(GLP принциптерімен талаптарына сәйкес):

-Адам тіндерімен биологиялық сұйықтарынан улы заттарды аналитикалық және сот-химиялық диагностикалау орталықтандырылған зертханалары жұмысын ұйымдастырудағы негізгі бұйрықтарды, ҚР ДСМ талаптары мен БӘДСҰ ұсыныстарын;

-Биологиялық материалды тандау, оларды тандау түрлері,рәсімдеу, орамдау және консервілеуді;

-Тандалып алынған биологиялық материалдың жолдама құжаттарының түрлері мен формаларын;

-Тандалып алынған биологиялық материалды аналитикалық диагностика зертханасына жеткізу жолдарын;

-Биологиялық материалды аналитикалық диагностика зертханасына қабылдау тәсілдері, қабылдау ерекшеліктері, қабылданған биологиялық материалды құжаттауды;

-Биологиялық материалды зертханада сақтау тәсілдерін;

-Аналитикалық диагностика зертханасындағы құжаттарды есепке алу тізімін;

-Құжаттарды есепке алу формалары мен түрлері, есепке алуды жүргізуді;


GLP принциптерімен талаптарына сәйкес, токсикологиялық мәні бар заттарға (дәрілік,наркотикалық заттар,пестицидтер,металдық және ұшқыш улар, қышқылдар,сілтілер,тұздар,газдар), химия-токсикологиялық талдау жүргізу схемасын құру бойынша алған білімі мен тәжірибелік дағдыларын келесілерді таңдай отырып тереңдетіп бекіту:

-Зерттеу объекттерін;

-Токсикологиялық мәні бар заттарды биологиялық нысандардан оқшаулау әдістерімен алынған сығындыларды тазарту әдістерін;

-Токсикологиялық мәні бар заттарды талдаудың химилық және инструментальдық әдістер комплексі негізінде индентификациялау тәсілдерін;

-Токсикологиялық мәні заттардың сандық мөлшерін анықтау әдістерімен тәсілдерін;
GLP принциптерімен талаптарына сәйкес, жүргізілген талдау қорытындысын құру бойынша алған білімі мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетіп бекіту:

-Зерттеу нәтижелерін химия-токсикологиялық және сот-химиялық тұрғыдан бағалау;

-Клиенттерге кеңес беру және мамандармен тұлғааралық қарым-қатынас машықтарын жетілдіру;
Өндірістік практика өтудің қорытынды нәтижелері.

1.Химик-сарапшы (химик-токсиколог) жұмысын регламенттейтін заңдылық және құқұқтық құжаттармен жұмыс істеу дағдылары.

2.Арнайы әдебиетпен жұмыс жасауды, кәсіби-мамандық мәселерін шешу үшін ізденіс жүргізуді (сот-химиялық сараптама және өткір уланулар мен наркоманияның аналитикалық диагностикасының мәселерін шешу үшін нақтылы қолдану табатын мағлұматтардың негізгісін таба білу, оладан шығатын ұғымдар мен қосымша түсініктемелерді ажырата білу).

3.Химия-токсикологиялық талдау жүргізуді, химиялық қосылыстың физика-химиялық қасиетіне және объетінің табиғатына байланысты, оны бөліп алуды және талдау әдісін тандап алуды.

4.Объект түрі мен сипатына байланысты алдын-ала сынамалар жүргізуді.

5.Биологиялық объектілермен сыртқы орта заттарынан табиғатты органикалық және бейорганикалық әр-түрлі химиялық қосылыстар мен олардың метаболиттердің оқшаулап бөліп алуды.

6.Биологиялық материалдан оқшаулап бөлініп алынған улар мен олардың метаболиттерін ішкі және сырттан енген қоспалардан тазарту және концентрлеуді.

7.Улы әсерлі заттар мен олардың метаболиттерін идентификациялау үшін химиялық, физика-химиялық, биологиялық әдістерді қолдана білуді, бұл әдістерді тиімді біріктіру амалдарын табу.

8.Зертханалық және сараптамалық зеттеулерді жүргізуді құжаттандаруды (қорытындысын құрастыруды және сот-химиялық зерттеулер актін жазуды).

Студенттердің оқу-өндірістік практиканың өту кезінде орындайтын жұмыстарының түрлерін
Танысу:

-Сот-химиялық бөлімінің (химия-токсикологиялық зертхананың) жалпы құрылысымен, оның орналасуы мен қолданылуымен, тазалық және лаборант бөлмелерімен, сараптама (аналитикалық диагностика) объекттерін қабылдау мен сақтау орындарымен;

-сот-химиялық бөлімінің (химия- токсикологиялық зертхананың ) мүлігімен: құралдар, аппаратуралар;

-Химик сарапшысының (химик-токсикологтың) жұмыс орнының ұйымдастырумен;

-Құжаттармен-тіркеу журналы, жұмыс журналы,акт журналы;

-Жұмыс журналы, тіркеу журналын толтыру ретімен, сот-химиялық сараптама қорытындысы актін және өткір улану аналитикалық диагностикасының нәтижелерін рәсімдеу тәртібімен.


Объект түрі мен сипатына байланысты жүргізу:

-Биологиялық объектілері мен сыртқы орта заттарынан табиғаты органикалық және биорганикалық әр-түрлі химиялық қосылыстар мен олардың метаболиттерін оқшаулап бөліп алуды;

-Биологиялық материалдан оқшаулап бөлініп алынған улар мен олардың метаболитерін ішкі және сырттан енген қоспалардан тазарту және концентрлеуді;

-Улы әсерлі заттар мен олардың метаболитерін идентификациялау және сандық мөлшерін анықтау үшін химиялық, физика-химиялық, биологиялық әдістерді қолдану, бұл әдістерді тиімді біріктіру арқылы қолдану;

Лабораториялық және сараптамалық зерттеулерді жүргізу құжаттандыруды (қорытындысын құрастыруды және сот – химиялық зерттеулер актін жазуды).

Қарғанды қаласының Соттық медициналық орталығының облыстық филиалы базасында жүргізіледі.






Орындалатын жұмыстардың атаулары

Күндер

1.

Сот-химиялық сараптау

Сот-химиктің жұмысын регламенттейтін негізгі ережелер жиынтығы, заңдылық құжаттарымен танысу.



0,5

2.

Экстракция және сорбция арқылы оқшауланатын заттар тобының химия –токсикологиялық (сот-химиялық) талдауы. Дәрілік заттар.

1

3.

Полярсыз органикалық еріткіштермен экстракциялау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия- токсикологиялық талдауы.Пестицидтер. Минералдау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы «Металдық улар».

Диализбен үйлестірілген, сумен экстракциялау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы.



1

4.

Диализбен үйлестірілген, сумен экстракциялау арқылы оқшауланатын улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы.

1

5.

Дистилляциялау арқылы оқшауланатың улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы. «Үшқыш улар».

1

6.

Өтқір уланулар аналитикалық диагностикасы.

Химик-токсикологтың жұмысын регламенттейтін негізгі ережелер жиынтығы және заңдылық құжаттары. Дәрілік заттармен өткір уланудың аналитикалық диагностикасы.



1

7.

Этил алкоголімен өткір уланудын аналитикалық диагностикасы.

1

8.

Көміртек оксидымен өткір уланудын аналитикалық диагностикасы.

1

9.

Қорытынды бақылау

1



Тәжірибе бойынша есепті дайындау реті және қорғау мерзімі.

Қорытынды бақылауға рұқсаттама алу үшін студентте болуы керек:

1.Практика жетекшісі немесе фармацевтикалық ұйымының жетекші маманы күнделікті қолдары қойылған практика күнделігі.

2.Өндірістік практика жетекшісінің және фармацевтикалық ұйым меңгерушісінің колдары койылған мінездеме.



3.Өндірістік практикаға қатысу журналы.
Кәсіби тәжірибе қортындысы бойынша дифференциалды сынақ студенттердің ситуациялық есептерді шешу дағдылары мен біліктіліктерін бағалау нәтижелеріне негізделеді.

с. 1

скачать файл