Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына


с. 1


Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ЕДШ және физиотерапия курсымен әскери-далалық хирургиясы бар

№1 хирургиялық аурулар кафедрасы



Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

Қаналмастырғылар. Химиялық құрамы бойынша жіктеу және олардың тағайындалуы. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі сынамалар. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі қабынулар, олардың алдын алу және емдеу тақырыбы

HRМІ - 3213 Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі бойынша

051101 – Мейірбике ісі мамандығы үшін

3 курс
Құрастырушы: ассистент Дарменов Е.Н.




Қарағанды 2010 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген


№ __ Хаттамасы «__» ______2010 ж


Кафедра меңгерушісі

м.а., доцент Бегежанов Б.А.




  • Тақырыбы: Қаналмастырғылар. Химиялық құрамы бойынша жіктеу және олардың тағайындалуы. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі сынамалар. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі қабынулар, олардың алдын алу және емдеу




  • Мақсаты: Қаналмастырғылармен және оның жіктелуімен студенттерді таныстыру, Қаналмастырғылардың әсер ету механизмімен игеру.. Қаналмастырғыларды құю ережелерін игеру.




  • Оқыту мақсаты:

  1. Қаналмастырғылармен және оның жіктелуімен студенттерді таныстыру

  2. Қаналмастырғылардың әсер ету механизмін түсіндіру.

  3. Қаналмастырғыларды құю көрсеткішті игеру.


Өткізу түрі: Медициналық құжаттаманы толтыру, жеке және топтық тапсырмаларды орындау шешімін талқылау


  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қаналмастырғылар деген не

  2. Қаналмастырғылар түрлері.

  3. Қаналмастырғыларды құю, әсер ету механизмін, оның белсенділігі, сәйкестілікке сынама.

  4. Траннсфузияға реакция, алдын алу және емдеу.




  • Таратылатын материал (қажеттілік кезінде немесе сілтеме)




  • Әдебиеттер:

  1. Евсеев М.А. Уход за больными в хирургической клинике:Учеб. пос. для вузов.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-192с

  2. Левитэ Е.М. Введение в анестезиологию-реаниматологию.-М. : ГЭОТАР- Медиа, 2007.- 256 с.

  3. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии.-М, 2000.

  4. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998.-360 с.

  5. Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008.-412 с.

  6. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии.-Ростов н/Д.:Феникс, 2000.-416 с.

  7. Барыкина Н. В., Зарянская В.Г. Сестринское дело в хирургии:Учеб. пособие.- Ростов н/Д:Феникс,2005.-448с.

  8. Фроленко С. Справочник по антисептике и асептике для медицинских сестер.- Ростов на Д.:Феникс, 2001.-188с

  9. Дмитриева З.В. Хирургия с основами реани­матологии. Общая хирургия:Учеб. пос.-СПб.:Паритет, 2001.-576 с.-(Сестринское дело)

  10. Дмитриева З.В., Кошелев А.А., Теплова А.И. Хирургия с основами реаниматологии. Частная хирургия: Учеб. пособие.-СПб.: Паритет,2002.-352с.-(Сестринское дело)

  11. Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела». Москва, 1998.

  12. Иванова В.И., Матвейчик Т.В. Организация сестринского дела. Минск, 2006.

  13. Василенко В. А. Справочник операционной и перевязочной сестры.-Ростов н/Д:Феникс,2007.-313с.

  14. Жданов Г.Г. Реанимация и интенсивная терапия. М.:Академия,2007.-400с.



  • Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

?

1. Плазма алмастырушы ерітінділерді енгізгенде дамымайды:



А- токсикалық реакция

В- аллергиялық реакция

С-гомологиялық қан синдромы

D- пирогенді реакция

Е- анафилактикалық шок

?

2. Аминокровинді қолдануда негізгі көрсеткіш:



А- шокпен күресу

В- анемия

С- бүйрек жеткіліксіздігі

D- гемостаз мақсатында

Е- парентеральды қоректенуге

?

3. Гемодинамикалық әсерге жататын қандай дәрілер заттарды сіз жатқызасыз:



А- натрия хлорида изотоникалық ерітіндісі

В- натрия хлорид гипертоникалық ерітіндісі

С- желатиноль

D- полиглюкин

Е- липомайз

?

4. Қай қан алмастырушы дегидратация мақсатында қолданады:



А- липофундин

В- 4% натрия бикарбонат

С- полиглюкин

D- маннитол

Е- протеин

?

5. Эндогенді интоксикациясы бар науқасқа құюға болмайды:



А- поливенол

В- гемодез

С- изонидез

D- қан плазманы

Е- бәрі дұрыс емес

?

6. Осмодиуретиктердің дұрыс емес әсер ету механизмін атаңыз



А- плазманың осмостық қысымын көтереді

В- бауырдың функционалды жағдайын жақсартады,гемодинамикасын реттейді

С- бас ішілік қысымды түсіреді

D- ішек перистальтикасын жақсартып,диурезді күшейтеді

Е- артериалық қысымды күшейтеді

?

7. Белоктық қан айырбастаушыларды құйған кезде келесі сынама жүргізіледі:



А- қан тобын анықтау

В- резус факторды анықтау

С-жеке қан тобы сәйкестігін анықтау

D-резус сәйкестігін анықтау

Е-жеке биологиялық сынама

?

8. Гемодинамикалық қан ауыстырғыштардың емдік әсерінің механизмі қандай:



А- артериялық қысымды төмендетеді

В- қандағы белок мөлшерін жоғарлатады

С- тамырда сұйықтықты ұстап тұрады

D- бауыр қызметін жақсартады

Е- ретикулоэндотелиалды жүйені күшейтеді

?

9. Дезинтоксикационды қан ауыстырғыштардың әсер ету механизмі қандай:



А- осмотикалық қысымды жоғарлатады

В- қандағы токсинді байланыстырады

С- артериялық қысымды төмендетеді

D- гемопоэзді күшейтеді



Е- қандағы белок мөлшерін жоғарлатады



с. 1

скачать файл