Менде мыжылған және жыртылған шетел валютасының банкноттары бар.


с. 1
Менде мыжылған және жыртылған шетел валютасының банкноттары бар. Көрсетілген банкноттарды мен қай жерде және қандай тәртіппен айырбастай аламын?
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі-Ереже) мынадай: «айналысқа жарамды», «айналысқа жарамсыз» және «төлемге жарамайтын» банкноттардың түрін айқындайды.

Ереженің 50-бабына сәйкес мынадай бүлінулері бар:

1) мыжылған және ласталған;

2) желімделген жыртық бұрыштары немесе кесегі бар (аумағы 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын), егер жыртылған бөлік осы банкнотқа сөзсіз тиесілі болса;

3) желімделген жыртықтары бар, егер олар банкнот енінің (ұзындығының) төрттен бірінен аспаса;

4) ұсақ майлы және басқа дақтары, жазбалар және мөртабандардың таңбасы (банкноттың өтелгені туралы немесе түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатыны туралы растайтын мөртабандардан басқа) бар, егер олар банкноттардың түпнұсқалығын айқындауға кедергі жасамаған және айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін (эмиссиялық банктің атауы, нөмірі мен сериясы, номиналын цифр және ажзабмен, негізгі суретті (портрет және сол сияқты) бет және сыртқы жағынан едәуір дәрежеде (50 пайыздан астам) жаппаса, сондай-ақ қолдан жасаудан қорғау элементтері (су белгісі, магниттік белгілер, қағазға енгізілген түрлі түсті талшықтар, ультра күлгін сәуледе көрінетін, конфетти, қорғау жіптері, микромәтін, люминесценттелген сүреттер және сол сияқты) бар;

5) диаметрі 0,5 миллиметрден аспайтын тесіктері бар ақша купюралары айналысқа жарамды банкноттар болып танылады.

Осылайша, Ереженің 50-тармағында көрсетілген бүлінулер болған кезде купюра айналысқа жарамды деп танылады.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-III Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді.

Сонымен, егер банкноттар айналысқа жарамды болып табылса, оларды ауыстыру үшін екінші деңгейдегі банктердің немесе уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттеріне өтініш жасауыңызға болады.

Ереженің 51-тармағына сәйкес банкноталар Ереженің 50-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе және (немесе) мынадай бүлінулері бар болса олар айналысқа жарамсыз болып танылады:

1) бөлшектеліп жыртылған және желімделген;

2) бастапқы түсін жоғалтқан немесе оңып кеткен;

3) күйген немесе шайналған;

4) тұтас немесе едәуір дәрежеде (айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін 50 пайыздан астамы) бояу, сия, май төгілген;

5) химиялық реактивтердің, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсінгенде қағаздың жалтырауына әкеп соғатын реактивтердің әсеріне ұшыраған;

6) қасақана сипаттағы едәуір бүлінуі (негізгі суреттері, атап айтқанда адамдардың суреттері өзгерген, қорғаныш жібі жойылған, едәуір жазбалардың болуы, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін);

7) баспадан кеткен анық ақауы бар банкнота (сутамғы белгілердің немесе қорғаныш жіптің болмауы немесе дұрыс орналаспауы, бейнелердің басылмауы немесе майлануы);

8) геометриялық өлшемдердің азаюы жағына және сол сияқты ұлғаюы жағына қарай 3 (үш) миллиметерден көп өзгеруі.

Тиісті шет мемлекеттің эмитент банкі жариялаған күннен кейін айналыстан шығарылған банкноталары төлем жасауға қабілетсіз ретінде танылады.


Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноттарды сатып алуды және ауыстыруды екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүзеге асырады.

Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноттарды сатып алу және ауыстыру бойынша операция инкассалық операция болып табылады. Шетел валюталарының төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарын инкассоға қабылдау Ұлттық Банк айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. Екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы клиенттерге комиссиялық сыйақының мөлшері (клиенттің барлық шығыстары кіретін) және эмитент банктердің көрсетілген банкноттарды айырбастаудан бас тарту мүмкіндігі, сондай-ақ клиенттен инкассоның талаптарына жазбаша келісім алу туралы ескертеді. Эмитент банк (шетел банкі) шетел валютасын айырбастаудан бас тартқан жағдайда екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы клиентке тиісті растайтын құжаттар ұсынады.



Төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноттарды ауыстыру, сатып алу, инкассоға қабылдау үшін комиссиялық сыйақыны екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы дербес белгілейді, бірақ айырбастауға (сатып алуға, инкассоға қабылдауға) ұсынылатын банкноттардың номиналдық құнының 10 (он) пайызынан аспауы тиіс.

Жоғарыда жазылған негізінде, егер банкноттар айналысқа жарамсыз немесе төлем жасауға болмайтын болып табылған жағдайда, Сіз Ереженің 51-тармағына сәйкес купюраларды инкассоға қабылдау үшін екінші деңгейдегі банкке немесе Ұлттық почта операторына жүгінуіңіз керек.

с. 1

скачать файл