Бекітемін сәулет-құрылыс факультетінің деканы Күдерин М.Қ. 2010ж


с. 1

Студенттерге арналған

пәннің бағдарламасын

бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11





БЕКІТЕМІН

Сәулет-құрылыс факультетінің деканы

________ Күдерин М.Қ.

2010ж. «___»_________

Құрастыған: аға оқытушы ____________Ш.Т.Такибай
Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы

« Топырақты сынау әдістері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының




СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама 200... ж «.....» ................ бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасы бойынша әзірленген

2010 ж. «___»_____________ кафедра отырысында ұсынылған №___хаттама.

Кафедра меңгерушісі ______________________Қ.Т. Сақанов
Факультет әдістемелік кеңесімен құпталған ____________________________

2010 ж. «___»_____________№ __хаттама

ӘК төрағасы ____________________ В.А. Козионо


Студенттерге арналған

пәннің бағдарламасы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы

«Топырақты сынау әдістері» пәнінен

050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар
1.Оқытушы туралы мәлімет:


Тәкібай Шайхислам Тәкібайұлы – «Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы. Дәрістер және практикалық сабақтар, тел. (8-7182) 54-60-02

Қабылдау сағаттары: Бейсенбі, сағат 12.05 – тен 14.00-ге дейін, ауд. В-209.


2.Пән туралы мәлімет:

Пәннің еңбек сыйымдылығы



Оқу түрі

Бақылау түрі

Студенттің жұмыс сағатының көлемі

Семестр және курс бойынша сағат бөлісі.

Емт

Есеп беру

К.жоб

К.жұм

М.б

Бақ.жұ

Барлығы

дәріс

Практ

Зерт.ж

СӨЖ

Жал- пы

ауд

СӨЖ

Күндізгі жплпы білім беру негізінде

6

-

-

-

-

-

90

30

60

6- ші семестр

15

15

-

60

« Топырақты сынау әдістері» пәні С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің ғылыми кеңесімен 050732 «Стандарттау, өлшемтану және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавр мамандарын даярлау үшін жұмыс жоспарына енгізілген және бекітілген.

Топырақты сынау әдістері жөніндегі осы пән 3-ші курстың 6-шы семестрінде 15 апта бойы оқытылады.Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 90 сағат, оның 30 сағаты аудитория сабақтарына бөлінген және 60 сағаты пәнді зерделеу бойынша студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) бөлінген. Аудиториялық уақыттың сабақ түрлеріне бөлінуі пәннің тақырыптық жоспарында келтірілген. Қорытынды бақылау түрі емтихан болады.

«Топырақты сынау әдістері » пәнінің мақсаты студенттердің ғимарат іргетасы және негіздерінің топырағы,бетон толтырғыштарының физикалық,механикалық қасиеттерін сынаудың ғылыми әдістерін зерделеуі және осы әдістердің негіздерін өндірісте практикалық қолдану болып табылады.

Пәннің негізгі міндеті студенттерге ғимарат негіздерін жобалауға арналған топырақтың негізгі көрсеткіштерін анықтау әдістерін үйрету іс жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.


  1. Әдебиеттер тізімі.


Негізгі әдебиеттер:

  1. Далматов Б.И., Бронин В.Н., Карлов В.Д. и др. Механика грунтов. --М.,2000 г

  2. Козионов В.А. Методы лабораторных испытаний грунтов.-- Павлодар. :НИЦ ПГУ им. С.Торайғырова,2006.

  3. Исаханов Е.Ә., Мұсаев Т.С. Топырақ механикасы. – Алматы,1994ж.


Қосымша әдебиеттер:


  1. ГОСТ 20276-90. Грунты.Методы полевого определения харектеристик прочности и деформируемости.—М.: 1999г

  2. Козионов В.А. Методы испытаний трещиноватых скальных грунтов.—Павлодар.: изд-во «Кереку»ПГУ им. С.Торайғырова,2006г

  3. Бекенов Б.,Өтенов Е.,Оразалин Е. Грунт механикасы. – Алматы,1991г



Пәннің тақырыптық жоспары




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10



4 Пәннің тақырыптық жоспары


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

дәріс

тәж

Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

6 семестр

1

Кіріспе.Топырақ туралы мағұлматтар.

2

2




5

2

Топырақты сынау әдістері,сынақ үлгілері.

2

2




5

3

Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау

3

3




15

4

Топырақтың механикалық қасиеттері

4

4




15

5

Құрамы тұрақты топырақты сынау.

2

2




15

6

Құрамы әр түрлі топырақты сынау әдістері

1

1




3

7

Жартасты жарықшақты топырақты сынау.

1

1




2




Барлығы

15

15




60


5 Курстың компоненттері
5.1 Дәріс сабақтарының мазмұны.

5.1.1 Кіріспе.Топырақ туралы мағұлматтар. Топырақтың құрамы ,түрлері және қасиеттері.

5.1.2 Топырақты сынау әдістері,сынақ үлгілері.Топырақты сынау мақсаты,сынақ үлгілерінің түрлері,оларды дайындау әдістері.Топырақты сынау стандарттары және сынаудың нормативтік есептік сипаттамалары.

5.1.3 Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау. Топырақтың және топырақ бөлшектерінің тығыздығын анықтау.Топырақтың табиғи ылғалдылығын және аққыштық шегіне сәйкес топырақ ылғалдылығын анықтау тәсілдері. Топырақтың табиғи ылғалдылығын ВИМС-1У аспабының көмегімен анықтау.Топырақтың су өткізгіштік қасиеттері,оны онықтау тәсілдері.

5.1.4 Топырақтың механикалық қасиеттері. Топырақ үлгілерін жүктемелеу және деформациялау шарттары.Топырақтың сығылғыштығы және нығыздалу заңдылығы.Компрессорлық қисықтар.Нығыздалған топырақтың негізгі параметрлері.

5.1.5 Құрамы тұрақты топырақты сынау. Топырақ үлгілерін сынау сұлбалары,сынау тәртібі,топырақты сынаудың автоматтандырылған тәсілдері.Бір және үш осьті қысу әдістерінің көмегімен топырақтың механикалық,беріктік қасиеттерін сынау.

5.1.6 Құрамы әр түрлі топырақты сынау әдістері.Топырақтың жылжуға кедергісін және механикалық қасиеттерін анықтайтын негізгі факторлар.Топырақ негіздерінің кернеулігін анықтау,топырақ негіздеріне түсірілетін шектеулі күш.Еңістердің орнықтылығы.

5.1.7 Жартасты жарықшақты топырақты сынау. Жартасты топырақтың негізгі қасиеттері,құрылысы,сынау тәсілдері.Топырақ ортасының моделі.
5.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны.

5.2.1 Топырақты сынау әдістері мен өлшеу құрал жабдықтары.Топырақ сипаттамаларын өлшеу дәлдігі.Топырақты сынау кезіндегі қателіктер.2сағ.

5.2.2 Топырақтың түйіршікті құрамын анықтау.Топырақтың сынақ үлгілерін дайындау,топырақтың тығыздығын,ылғалдылығын және иілгіштік қасиеттерінің шегін анықтау.

5.2.3 Құмның су өткізгіштік коэффициентін анықтау.Құмды топырақтың табиғи құламалық бұрышын анықтау.Топырақтың ығысу кедергісін сынау тәсілі. 2сағ.

5.2.4 Топырақтың механикалық қаиеттерін анықтау тәсілдері.Сынақ үлгілерінің түрлері мен сұлбалары.

5.2.5 Құрамы тұрақты топырақты сынау. Компрессорлық қысу әдісімен топырақтың механикалық қасиеттерін анықтау.Шөгу қысымын және салыстырмалы шөгу коэффициентін анықтау.

5.2.6 Алаңдық тәжірибелік әдіспен топырақтың қысуға.жылжуға, ығысуға беріктігін анықтау. Тұзды және шөгінді топырақтардың механикалық қасиеттері.

5.2.7 Жартасты жарықшақты топырақтарды сынау

Жарықшақты топырақтардың физикалық және механикалық қасиеттері, оларды басқа топырақ түрлеремен салыстырғандағы ерекшеліктері.


5.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны


5.3.1 СӨЖ құрылымы және жалпы мазмұны
Кесте 1 – СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15

2

Практикалық сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Аудитороиялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу.

Конспект және басқалар

Үй тапсырмалары және басқалар

37

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Семестрлік жұмыс

Семестрлік жұмысты қорғау

18

5

Бақылау шараларына дайындық




МБ1, МБ2 тапсырмалар және басқалар

5

Барлығы

90

5.3.2 Студенттердің өздік жұмысына ұсынылатын тақырыптар:
1.Сазды топырақтың механикалық қасиеттері.Топырақ ылғалдылығының өзгерістері.Оның іргетас негіздеріне әсері.Сынау тәсілдері мен құрал жабдықтары.

2. Шөгінді және тұзды топырақтардың физикалық қасиеттерін зерделеу.


5.4 Ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі үлкен балл

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

12,5

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

Бақ. түрі

КТ1

КТ2

КТ3

КТ4

КТ5

КТ6

КТ7

КТ8

24

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

3

3

3

3

3

3

3

3

Практикалық сабаққа дайындық

СӨЖ түрі

ҮТ1

ҮТ2

ҮТ 3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ 7

ҮТ8

32


Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4


4


4


4


4


4


4


4


СӨЖ қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ1

ҮТ2

ҮТ 3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ 7

ҮТ8

44

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

5,5

5,5

5,5

5,5

5,5

5,5

5,5

5,5

МБ 1

100

1І рейтинг (6 семестр)

Апталар

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі үлкен балл

14,28

14,28

14,28

14,28

14,28

14,28

14,32




100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

Бақ. түрі

КТ9

КТ10

КТ11

КТ

12


КТ13

КТ14

КТ15




21

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




Макс. балл

3

3

3

3

3

3

3




Практикалық сабаққа дайындық

Бақылау түрі

ҮТ9

ҮТ10

ҮТ 11

ҮТ

12


ҮТ

13


ҮТ

14


ҮТ

15





28

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4




СӨЖ қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ9

ҮТ10

ҮТ 11

ҮТ

12


ҮТ

13


ҮТ

14


ҮТ

15





51

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




Макс. балл

7,28

7,28

7,28

7,28

7,28

7,28

7,32




МБ 2

100


Шартты белгілер: ҮТ1 – №1 үй тапсырмасы, Қ – оқу процесіне қатысу, КТ – конспект тексеру, Т – тексеру, СӨЖ- студенттің өздік жұмысы, Бақ.-бақылау,МБ – межелік бақылау.

СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.Студент сабаққа дайындықпен кешікпей келіп, барлық сабақта белсенді түрде жұмыс істесе, тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындаса, ол ағымдағы оқу үлгерімінің бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген ең жоғарғы баллды жинай алады.


6 Курстың саясаты

6.1 Бақылау шараларын бағалау тәртібі

Курс бойынша білімді қорытынды бақылау түрі емтихан болады. Емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Емтихан парағында үш сұрақ беріледі, оның әрқайсысы ең жоғарғы 33 ... 34 баллмен бағаланады. Әрбір сұраққа жазбаша жауаптың толықтық дәрежесі және баллдар саны оқытушымен бағаланады.

Студенттің сабаққа қатысуын бақылауды оқытушы жүргізеді. Егер студент сабаққа қатысып, бірақ практикалық сабақтың тапсырмасын орындамаса, онда сабақ үшін жоғарғы баллдың жартысы қойылады. Кезекті практикалық сабаққа дайындалу тапсырмасын оқытушы алдыңғы сабақта береді.

Семестрлік жұмыс бойынша тапсырманы оқытушы бірінші тәжірибелік сабақта береді. Семестрлік жұмыстың орындалуын оқытушы тәжірибелік сабақтарда және консультацияларда күнтізбелік кестеге және консультация кестесіне сәйкес байқау түрінда бақылайды. Себепсіз уақытында орындалмаған жұмысқа баллдарды оқытушы 50 пайызға дейін төмендетіп қояды. Себепті дәлелдейтін құжаттар болған кезде семестрлік жұмысқа баға келесі сабақтар мен консультацияларда қойылады. Студенттің өзі зерделейтін курстық тақырыптары бойынша жұмысын бағалау студенттің жауабы және дайындалған қысқаша конспекті негізінде оқытушы жүргізеді.



6.2 Студенттің оқу тәртібін бақылау

Студенттер оқу процесіне белсенді қатысу, сабақтарға қатысу, топтың жұмысында және талқылауда белсенді болу қажет. Сабақтағы кез- келген тәртіп бұзушылық жазаланады, аудиториядан шығарып жіберуге дейін , ал белсенді жұмыс істесе, қолдаушылық табады. Сабақты босатқандыққа кешігушілікке келесі айып санкциялары орнатылады:



  • дәрістік сабақта себепсіз болмағаны үшін 3 балл азайту;

  • тәжірибелік сабақта болмағаны үшін 4 балл азайту;

  • аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін сабаққа қатысу баллдары азайтылады. Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті.

6.3 Босатқан сабақтарды өтеу

Студент тәжірибелік және дәрістік сабақты кешірімді себеппен босатқан болса және ол құжатпен расталса, онда сол сабақты оқытушының белгілеген уақытында өтей алады. Бұл кезде жұмыс нәтижесі жоғарғы белгіленген баллдан бір балл азайтылып қойылады.

с. 1

скачать файл