Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуын көрсету, оның


с. 1
Пән: Адам және қоғам

Класс:11 класс

Тарих пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева Раушангуль Турсынахуновна
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуы

Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуын көрсету, оның өзіндік ерекшелігін негізгі қағидаларын ашу, түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларды демократиялық құндылықтарды құрметтеуге, саяси мәдениетке, саналылыққа, белсенділікке тәрбилеу.
Дамытушылық: оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Оқыту әдісі: ақпараттық технологияны пайдалана отырып, әр оқушыға жеке көңіл бөліп, деңгейлеп оқыту.


Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап; әңгімелеу және түсіндіру; тест; тірек сызба; хронологиялық кестемен жұмыс; проблемалық сұрақтар туғызу, оларды шешу; кілтті сөздермен жұмыс; «Ойлан-тап» ойыны; «миға шабуыл»


Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, құқықтану
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.


Жаңа білімге даярлық :

Халық – билік қайнары болуы үшін қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?

Тұтқа болатын сөздер:

әділеттілік құқықтың сақталуы

халық билігі сөз бостандығы

еркіндік сайлауға қатысу



ІІ.Жаңа сабақ.

Демократия дамуының негізгі көрсеткіштері:

1.1990ж сайланған алғашқы парламент

2.1991ж 1.12. Бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев Қ.Р. Президенті болып сайланды.

3. 1993ж алғашқы Ата заң қабылдан.

4.1995 ж 30.08 Жаңа Ата заң қабылданды.

5. 1996 ж 30.01 Екі палаталы парламент.



Демократиялық қоғамның саяси саладағы белгілері қандай

1Саяси пікірдің әралуандығы;

2Көппартиялылықтың болуы;

3Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;

4Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;

5Оларды іс жүзінде қолдану;

6Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;

7Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;

8Оппозицияның болуы;

Қазақстан Республикасы Демократиялық мемлекет:

-Әділ сайлау,

-Көп партиялық,

-Пікір алуандығы,

-Республикалық құрлыс,

-Демократиялық басқару әдісі.
Халық билігі жөнінде айтылатын конституция баптарын атау

І-тапсырма.



Демократия белгілері Қазақстан Республикасының Конституциясында қалай жүзеге асырылады?

Жауабы: Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;

-қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).
-Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы –халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум арқылы және еркін сайлау арқылы жүзеге асырып,өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органға береді.

Ең алғаш, Серікболсын Әбділдин төрағалық еткен Жоғарғы Кеңес 1993 жылы Алматы қаласының сол тұстағы әкімі Заманбек Нұрқаділов Алатау ауданындық кеңесінің депутаттарын тартып жібергендіктен жыл жарым бұрын жұмысын тоқтатты. Серікболсын Әбділдин төрағасы болған Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация мен тұңғыш Конституцияны, мемлекеттік рәміздерді қабылдады.


1994- ші жылы сәуірде сайланған Қазақстанның тұңғыш көппартиялық кәсіби парламенті де кұрылғанына жыл толмай жатып Татьянаның хатында көтерілген талапқа сәйкес тарап тынды. Конституциялық сот Татьяна Квятковскаяның арыз-шағымына орай «Жоғарғы Кеңес заңсыз сайланды» деген шешім шығарды.
Ал 2007-ші жылдың жазында Нұрбах Рүстемов елуге жуық депутаттың Қазақстан президентіне арнаған үндеуін оқып берген соң 3-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі тарады. 2007 жылы да Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің өкілеттілігі мен мәртебесі туралы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп «демократиялық реформаларға тежегіш болып отырғымыз келмейді» деген депутаттар мерзімінен 2 жыл бұрын Парламент сарайынан «қол көтеріп» шыққан еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 16 қарашадағы Жарлығына сәйкес төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылды. Осы актіде 2012 жылғы 15 қаңтарда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіні белгіленді. Ал 16 қаңтар күні Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы белгіленді. Сонымен қатар 15 қаңтарда ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні де тағайындалды.

ІІ.тапсырма. Хронологиялық кестені толтыр.

ІІІ.Бекіту: Ойлан тап

1. Демократияның басты белгісі

Жауабы:


Еркін және әділ сайлау

2.Сенат депутаттарының саны қанша ?

Жауабы:

2007 жылы өзгертілген еліміздің Конституциясына байланысты Парламент Сенатында 47 депутат бар. Өзгеріс енгізілген негізгі заңымыз бойынша, Сенаттың 15 депутатын Президент тағайындайды. Ал 32 сенатор 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан екі адамнан жергілікті мәслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы сайланды



3.Қандай партиялар сайлауға түседі?

Жауабы:


Нұр Отан

Руханият


Азат

Ақжол


Коммунистік партия

4.Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімі қандай?

Жауабы:


Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі-бес жыл

5.1993ж .соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген қандай үш саяси партия болды?

Саны - 3

1) Социалистік партия

2) Қазақстан Халық Конгресі

3) Қазақстан республикалық партиясы

6. Қандай жас аралығындағы азаматтар Сенат пен Мәжіліске депутат бола алады?

Жауабы:

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады

7. Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланатын депутаттар саны?

Жауабы:

9

8. Қазақстан Республикасының Конституциясына қандай өзгерістер енгізілді? Қашан?

Жауабы:

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
9.Қазақстан парламентінің төменгі палатасы Мәжілісінің сайлауы қашан болады?

Жауабы:


2012жыл 15 қаңтар
Қазақстан парламентінің төменгі палатасы өзін-өзі таратты, неге? Депутаттар оны қалай түсіндіреді?

Жауабы:

-Конституцияның 63-ші бабына сәйкес 53 депутат Мәжілісті тарату туралы ұсынысты Президентке жолдаған. Экс-төраға Ораз Мұхамеджанов мәжіліс жақсы жұмыс істеді. Бірақ уақыт орнында тұрмайды.Соған байланысты көппартиялық мәжіліс құру талабы алдымызда тұр дейді.4-ші шақырылымның жұмысына «төрт» деген баға бергенін айтады. Сондай-ақ, депутаттар 4-ші шақырылымда барлығы 500-ден астам заң қабылдаса, оның 400-ден астамына Президент қол қойған.


-Қазақстан қуатты индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Депутаттар оны жүзеге асыру үшін парламентке жаңа заңдар қабылдайтын жаңа адамдар әкелу қажет деп санайды. Қазақстандықтардың 67,2% -ұсынысты қолдаған,12% қабылдамаған, 5% жауап беруге қиналған.
Осы жолы қандай өзгерістер бар ?

-Елдегі демократиялық және басқа да реформаларға жаңа серпін беріледі

-Қазақ тілін жетік білетін депутаттар сайланадыдеп ойлаймыз

- Ендігі Мәжіліс құрамы кемі екі партиядан жасақталуы мүмкін

-Саяси партиялардың жұмысы жанданады,күшейеді және саяси партиялардың арасындағы бәсекелестік артады

Мәжілістің мерзімінен бұрын тарауының себебі анықталды. Оның себебін Елбасымыз айтып берді.

- Бұл жыл қарбаласпен басталды, - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. - Біріншіден, төменгі жақтан ықылас білдіріліп менің президенттік өкілеттілігіміді ұзарту мәселесі көтерілді. Мен барлық қазақстандықтарға рахметімді айттым, бірақ референдумнан бас тартып шұғыл сайлауға түстім. Ақыры сайлау 3 сәуірде аяқталды. Сол кезде депутаттардың өзі Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату мәселесін айта бастады. Олардың басты уәжі: Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты Парламент кемінде екі партиядан сайлануы керек болды.

- Екіншіден, - дейді Елбасы, - біз бәріміз оқып, біліп жүрміз - дүниежүзілік қаржы дағдарысының екінші толқыны келе жатыр. Алайда оның болмауы да мүмкін. Әйткенменде, Еуропа мен Америкада, әлемнің өзге де елдерінде болып жатқан жайттардың бізді айналып өтпесі белгілі. Сондықтан 2012 жылы саясатпен емес, нақты іспен айналысу керек.

- Үшіншіден, елімізде индустрализациялау ісі қарқын алды. Кейінгі екі жылдың аралығында жұмыс жасап бастаған 350 кәсіпорын экономикамызға қазірдің өзінде ықпал етуде. Және бұл өзі бүтін еліміз бен әрбір азаматымыз үшін үлкен шаруа болғалы тұр. Депутаттар осынау игілікті игеру үшін парламентке жаңа заңдар қабылдайтын жаңа адамдар қажет деді. Мен бұндай талапты кері қайтара алмадым. Оның үстіне төртінші шақырылған Мәжілісіміздің мерзімі бір айдан соң аяқталатын да еді, - дейді Назарбаев РИАН агенттігінің тілішісіне берген шағын сұхбатында.



Тест сұрақтары
1.Парламенттің бірінші сессиясын кім шақырады?
А. Премьер-министр
В.Президент
С.Сенат төрағасы
Д.Конституциялық кеңес төрағасы
2. Қанша жасқа толған азамат мәжіліс депутаты бола алады?
А.18 В.20 С.25. Д.30
3. палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын кім шақырады№
А.сенат төрағасы
В. Мәжіліс төрағасы
С.Президент
Д.Премьер министр
4. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл
А.3 жыл В. 4 жыл С. 5 жыл Д.6 жыл
5.парламенттің кезекті сайлауын кім тағайындайды?
6. А.сенат В.конституциялық кеңес С.Мәжіліс Д.Президент
7.Парламент депутаты кімге ант береді
А.орт сайлау комиссиясына В.президентке С.Парламентке Д.Қазақстан халқына
8. парламентті таратуға кім құқылы
А.Президент В.Премьер-министр С.Сенат Д.Жоғар сот
ІVТест «Дұрыс па, бұрыс па?»

Сұрақ

Дұрыс

Бұрыс

1.Әр сайлаушы бір ғана дауысқа ие болады және өз еркін білдіреді.







2.Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алады







3.Жасырын дауыс беру, саяси партиялар және олардың арасындағы бәсекелестік демократияға тән







4.Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді.







ІV.Қорытынды:

1.Демократияны қалай түсінесің?

Жауабы:

-Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы.

-Конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

-Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.

-Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.

-Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.



2.Қарапайым Қазақстан азаматына мемлекетіміздің демократиясын көтеру үшін не істеу керек?

Жауабы:
V.Үйге тапсырма § 36

«5» баға үшін - «Адамдар демократиядан не күтеді?» өз ойын жазу.

«4» баға үшін § 36 тақырыптың сұрақтарына жауап беру

VI.Бағалау

Бағалау парағы:

Әр бір жауап - 1 балл

9 балл және одан жоғары «5», 7-8 балл – «4», 5-6 балл – «3»



Ойлан,тап

Сөз жұмбақ

«Дұрыс па, бұрыс па?» тесті

Хронологиялық кестемен жұмыс

Крос-сворд

Бар-лығы



















Электронды журналға оқушылардың бағасын қою

с. 1

скачать файл