Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы


с. 1 с. 2 ... с. 4 с. 5


Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ



Алматы қ.

2011 жылғы «____» ____________

№ _____



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2006 жылғы қарашадағы № 16 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ереженің мақсаттары үшін сондай-ақ мынадай терминдер және ұғымдар пайдаланылады:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына қатысты, Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелетін бағамы;

3) валюталық бақылау құжаттары:

келісімшарт, оның ішінде келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің, талаптарының, сондай-ақ тараптардың өзгеруін растайтын құжаттар;

келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар, оның ішінде шетелдік банктердегі шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмелер, келісімшарттар шеңберінде шетелдік банктердегі шоттардан төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын растайтын және сәйкестендіретін төлем және өзге де құжаттар, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде тауарларға арналған декларацияның көшірмесі, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін растайтын құжаттар, экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлардың қозғалысын растайтын құжаттар;

лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;

мәміле паспорты, мәміле паспортына қосымша парақ;

мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі;

4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

5) кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуіші бойынша код (бұдан әрі – КҰЖЖ коды) – статистика жөніндегі уәкілетті орган кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішіне сәйкес заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне тағайындайтын сәйкестендіру коды;

6) келісімшарт – тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты немесе импорты көзделген валюталық шарт;

7) Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) – кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының кедендері және кеден бекеттері;

8) лицензия – резиденттің резидент емеске 180 күннен (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарлардың жеке тізбесі бойынша


365 күннен) астам мерзімге коммерциялық кредит беруіне Ұлттық Банк
2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;

9) мәміле паспорты банкі – мәміле паспортын ресімдеген және мәміле бойынша бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі – филиал);

10) мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі – мәміле паспорты банкі мен кеден органы арасында мәміле паспорты бойынша тауарлар қозғалысы бойынша жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ресімделген акт;

11) мәміле паспорттарын тіркеу журналы – мәміле паспорттарын тіркеу үшін мәміле паспорты банкі жүргізетін журнал;

12) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) – салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде жеке тұлғаға тағайындалған нөмір;

13) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:

тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде – сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсіммен тауарды орналастыруды растайтын тауарға арналған декларацияда көрсетілген тауар шығарылған күн;

басқа жағдайларда:

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс ұсынылған күн;

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс ұсынуды көздемейтін шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні;

экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының ішінде тауарлардың қозғалысын растайтын құжаттарда резидент емес келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаған күн туралы ақпарат болмаған жағдайда экспортер немесе импортер жазбаша растаған, резидент емес келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаған күн саналады;

14) экспортер немесе импортер – келісімшарт жасаған не келісімшарт бойынша резидент емеске қойылатын талап ету құқығы өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген дара кәсіпкер).»;

мынадай мазмұндағы 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

«2-2. Ереженің мақсаттары үшін – экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарларды өткізу деп:

өзара сауда статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) өткізу;

сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу түсініледі.

2-3. Экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлар өткізуді растайтын құжаттар мыналар:

тауарларды қабылдау-тапсыру акті;

Кеден одағына мүше мемлекеттің біреуінің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 276-7-бабының 3-тармағында айқындалған тауарлардың ілеспе құжаттары;

тауарларды жеткізушінің және алушының, келісімшарттың деректемелері, тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн және олардың құны көрсетілген нақты тапсырылған тауарлар үшін шот-фактура;

Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауардың экспортын растау үшін тауарды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз тасымалдауышта);

Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (Қазақстан Республикасының салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз тасымалдауышта) болып табылады.

Уәкілетті банк экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлардың қозғалысын растау ретінде осы тармақта аталған кез келген құжатты қабылдайды. Егер бірнеше құжат ұсынылса, резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау күні экспортер немесе импортер көрсеткен құжаттың негізінде есепке алынады.»;

3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе, резидент еместің орындалмаған міндеттемелерінің сомасы келісімшарт валютасында оны кейіннен келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларымен қайта санау арқылы есептеледі. Мәміле паспортын жабу мақсаттары үшін резиденттің орындалмаған міндеттемелері сомасын АҚШ долларымен қайта санау – мәміле паспортын жабу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін келісімшарттар бойынша тауарлардың кедендік тазартуын жасайтын кеден органының лауазымды тұлғасы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезеңінде:

1) мәміле паспортының, ал Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақтың болуын тексеруді;

2) мәміле паспортындағы ақпараттың, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтердің және Ұлттық Банк Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен жіберген ақпараттың сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

Ұлттық Банк Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен жіберетін мәмілелер паспорттары жөніндегі ақпарат болмаған немесе мәміле паспортындағы ақпаратпен сәйкес келмеген кезде, кедендік тазалау экспортер немесе импортер ұсынған мәміле паспортының негізінде жүргізіледі.»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәміле паспорты экспортер немесе импортер келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды бастағанға дейін және (немесе) экспорт немесе импорт үшін тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізгенге дейін ашылуы тиіс.»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мәміле паспорты келісімшартты жасаған күні жеткізілетін тауарлар құнының баламасы елу мың АҚШ долларынан асқан әрбір келісімшарт бойынша мынадай жағдайларда:

1) экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы, оның ішінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт шеңберінде тауарларды өткізгенде;

2) бұрын басқа кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты, осы тауарларға меншік құқығы резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) өтуіне байланысты кедендік рәсім экспорт (ішкі тұтыну үшін шығарудың) кедендік рәсіміне өзгергенде;

3) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы тоқтатыла тұрған не одан айырылған және мәміле паспортын жабу үшін негіз болмаған жағдайда, мәміле паспорты банкі болып табылмайтын уәкілетті банкке қызмет көрсетуге өткенде;

4) Ереженің 35-тармағында белгіленген жағдайда ашылуы тиіс.

11. Экспортер немесе импортер мәміле паспортын ресімдеу үшін:

1) Ережеге 1 және 2-қосымшаларда белгіленген нысан бойынша толтырылған мәміле паспортының екі данасын;

2) келісімшарттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

Резидент емеспен құжаттар жіберудің электрондық құралдарын пайдалана отырып келісімшарт жасаған жағдайда, экспортер немесе импортер уәкілетті банкке оның техникалық құралдар арқылы жасалған көшірмесін келісімшарттың барлық тараптарының қолдары мен мөрлері болған кезде ұсынады. Келісімшарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін экспортер немесе импортер мәміле паспорты ресімделген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде ұсынады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мәміле паспорты банкі мәмілелер паспорттары бойынша әрбір экспортер немесе импортер бойынша валюталық бақылау құжаттарынан келіп түсуіне қарай қалыптастырылатын іс қағазын жүргізеді. Іс қағаздарын электрондық нысанда жүргізуге жол беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Егер экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлардың қозғалысын растайтын құжаттарда келісімшарт бойынша жіберілген немесе келіп түскен тауарларды есепке алу үшін қажетті ақпарат болмаса, экспортер немесе импортер мәміле паспорты банкіне келісімшарттың және мәміле паспортының деректемелерін және, қажет болған жағдайда, резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау күнін жазбаша растайды.

Дұрыс емес ақпаратты бергені үшін жауаптылық экспортерге немесе импортерге жүктеледі.»;

20-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақшаны өткізген кезде;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) резидент еместермен жасалған және экспорт немесе импорт үшін тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізуді көздемейтін келісімшарттар бойынша;»;

32-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Есеп айырысудың вексельдік нысанын көздейтін мәміле паспорты бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты мәміле паспорты банкі Ереженің 43-тармағына сәйкес Ереженің осы тармағының 1)–3) тармақшаларында көрсетілген жағдайдың бірі басталған кезде жібереді.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Ақпарат жазылған ақпарат тасымалдауыштарды (магнитті дискілерді, магнитті таспаларды, компакт-дискілерді, флоппи-дискілерді және басқаларын) экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізген кезде мәміле паспорты, мәміле мәні көрсетілген тасымалдауыштарда жазылған ақпарат болып табылған жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасымалдауыштың құнына ресімделеді. Мәміле мәні көрсетілген тасымалдауыштарда жазылған ақпарат болып табылған жағдайда, мәміле паспорты келісімшарттың бүкіл сомасына ресімделеді.»;

35-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Келісімшарт бойынша одан әрі бақылауды резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк ақша және тауарлар қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ егер резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резиденттің алдында резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімі талап ету құқығын беру туралы келісімшартта көзделмеген болса, алдыңғы мәміле паспортының репатриациялау мерзімдерін ескере отырып жүзеге асырады.»;

35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35-1. Кедендік аумақта (аумақтан тыс), сондай-ақ ішкі тұтыну үшін кедендік қайта өңдеу рәсімімен орналастырылған тауарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуді көздейтін, жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) келісімшарты бойынша мәміле паспорты, егер келісімшартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) экспорты көзделсе, экспорт бойынша не егер келісімшартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) импорты көзделсе, импорт бойынша ресімделеді.»;

35-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35-3. Мәміле паспорты банкіне экспортердің немесе импортердің тиісті жазбаша өтініші негізінде экспортердің немесе импортердің таңдауы бойынша бұрын жабылған мәмілелер паспорттары жаңартылады не жабылған мәміле паспортының деректемелерін «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» бөлімінде көрсете отырып, жаңа мәмілелер паспорттары ашылады.»;

36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Келісімшарт бойынша мәміле паспортын жабуды мәміле паспортының банкі мәміле паспортын жабу үшін Ереженің 37-тармағында көрсетілген қажетті негіздемелер бар болған жағдайда, экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы өтініш жасаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде не Ереженің 26-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. Ереженің 37-тармағының 5)-8), 15), 16), 18)-20) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, мәміле паспортын экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішінсіз жабуға жол беріледі.»;

37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Мәміле паспортын жабу үшін мыналар негіз болып табылады:

1) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы, оның ішінде бас тарту төлемін беру, есепке алу арқылы, борышқор мен кредитор бір тұлға болған, орындау мүмкін емес жағдайда, мемлекеттік орган актісінің шығарылуы салдарынан міндеттемелердің тоқтатылуы, растайтын құжаттар және келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы экспортердің немесе импортердің жазбаша растауы болған жағдайда;

2) импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, резидент емеске бұрын алынған тауарларды не импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;

3) экспортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда бұрын тиеп жөнелтілген тауарлардың экспортерге қайтарылуы не экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспорт бойынша келісімшарттың ақысына экспортер алған валютаның резидент емеске қайтарылуы;

4) экспортер немесе импортер резидент еместің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің алдында өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент еместің тарапынан наразылықтардың жоқтығын растайтын құжаттардың ұсынылуы;

5) дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру орнына кетуі туралы уәкілетті органның растауы;

6) келісімшарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір жыл ішінде, тараптар міндеттемелерді балама орындаған немесе резидент еместің не резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығы болған жағдайда, мәміле паспорты бойынша ақша және тауарлар қозғалысының болмауы;

7) резидент еместі тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;

8) экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуы, құқықтық мұрагері болмаған жағдайда;

9) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемін алуы;

10) экспортердің немесе импортердің банктік шотына ақшалай талапты басқаға беруді қаржыландыру (факторинг) шарты шеңберінде ақшаның түсуі;

11) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;

12) тараптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығы болған жағдайда уәкілетті банктің келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған, резидент емес ұсынған вексельді есепке алуы;

13) экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент еместің алдындағы өз борышын басқа тұлғаға, резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне ұсынылған осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, аударуы;

14) растайтын құжаттар (талап ету құқықтарын басқаға беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстырып тексеру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауардың ілеспе құжаттары және т.б.) және экспортердің немесе импортердің осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, Ереженің 35-тармағын ескере отырып, экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талап ету құқығын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;

15) дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы, құқықтық мұрагері жоқ болған жағдайда;

16) мәміле паспорты жеке есепке жатқызылған күннен бастап үш жылдың өтуі;

17) экспортердің немесе импортердің Ереженің 26-тармағын ескере отырып, мәміле паспорты ресімделген келісімшартқа қызмет көрсететін мәміле паспорты банкін өзгертуі;

18) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысының
4-тармағында көзделген жағдайлар;

19) мәміле паспорты ресімделген күннен бастап бір жыл ішінде келісімшарт бойынша ақша және тауарлар қозғалысының болмауы.

Ақша және тауарлар қозғалысы болмаған мәміле паспортын, ол ресімделген күннен бастап бір жыл өткенге дейін экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, жабуға жол беріледі;

20) Ереженің 4-1-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төреліктің резиденттің пайдасына шығарылған резидент еместің резиденттің алдындағы келісімшарт бойынша берешегінің бүкіл сомасын өтеу жөніндегі шешімінің болуы;

21) араларында болған бастапқы міндеттеменің сол тұлғалардың арасында өзге мәнді немесе орындау тәсілін көздейтін міндеттемемен ауыстырылуы арқылы резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерінің тоқтатылуы;

22) экспорт және импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауар өткізуді болдырмайтын өзгерістер мен толықтырулардың келісімшартқа енгізілуі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) немесе 20) тармақшасы негізінде жабылған мәміле паспорты бойынша ақша қайтарылған жағдайда мәміле паспортын қайта ашу талап етілмейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5), 7), 8), 15), 16), 20) тармақшаларында көзделген жағдайларда мәміле паспортының жабылу мүмкіндігі туралы шешімді Ережеге сәйкес алынған ақпарат негізінде мәміле паспорты банкіне хабарлай отырып, экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркеу орны бойынша Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 20) тармақшасы негізінде мәміле паспортының жабылу мүмкіндігі туралы шешім, Ереженің 4-1-тармағын ескере отырып белгіленген репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін, қабылданады.

38. Мәмілелер паспорттары, оның ішінде уәкілетті банктер ресімдеген, экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркеу орны бойынша Ұлттық Банктің филиалында келесі жағдайларда:

1) мәміле паспорты банкі тарапынан одан әрі бақылауға жататын мәміле паспорты бойынша операциялар болмаған жағдайда келісімшарт бойынша жүргізілген операция бойынша репатриациялау талабын бұзғаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізу шеңберінде шешім қабылданғанда;

2) экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркеу орны бойынша болмағанда жеке есепке алынуы тиіс.

Ұлттық Банктің филиалы мәміле паспорты банкіне мәміле паспортының жеке есепке жатқызылғаны туралы хабарлайды.

Ұлттық Банктің филиалы жеке есепке жатқызылған мәміле паспорттары бойынша жыл сайын экспортерден немесе импортерден репатриациялау талабын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады, ал егер экспортердің немесе импортердің орналасқан орны анықталмаса, Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктерге, салық және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес экспортердің немесе импортердің жұмыс істеуі және (немесе) оның орналасқан орны туралы сұрату жібереді.

Келісімшарт бойынша, оның мәміле паспорты жеке есепке жатқызылған күннен бастап үш жыл өткенге дейін, операциялар қайта жаңғыртылған жағдайда, мәміле паспорты жеке есептен шығарылады.

Мәміле паспорты жеке есепке жатқызылған күннен бастап үш жыл өткен жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы мәміле паспорты банкіне Ереженің
37-тармағының 16) тармақшасына сәйкес мәміле паспортының жабылу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

39. Уәкілетті банктер, Ұлттық Банк және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасында ақпарат алмасу Ереженің 40-45-тармақтарына сәйкес электрондық түрде Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті банктермен келіскен форматта жүзеге асырылады. Уәкілетті банктер Ұлттық Банкке бұрын Ереженің 40 және 43-тармақтарына сәйкес жіберген ақпаратқа ақпарат жіберілген күннен бастап алты ай ішінде Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматқа сәйкес электрондық түрде түзетулер енгізе алады.»;

41, 42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Ұлттық Банк уәкілетті банктерден Ережеге 5-қосымшада белгіленген нысанда алынған мәмілелер паспорттары бойынша ақпаратты күн сайын кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган күн сайын Ұлттық Банктен мәміле паспорттары бойынша алынған ақпаратты тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтердің мәміле паспортындағы ақпаратқа сәйкестігін тексеру үшін кеден органдарына жібереді.

42. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он біріне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке Ережеге 6-қосымшада белгіленген нысанда мәмілелер паспорттары бойынша есепті айдағы тауарлар қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.

Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан мәмілелер паспорттары бойынша тауарлар қозғалысы туралы ақпаратты алғаннан кейін, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты мәмілелер паспорттарының банктеріне жібереді.

43. Уәкілетті банктер Ұлттық Банкке мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты Ережеге 4-қосымшада белгіленген нысанда мына мерзімдерде жібереді:

мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелер есепті айда экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттары арқылы, төлем карточкаларын қолданбай, төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы орындалған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде;

мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелер төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыру арқылы және (немесе) мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелерді орындаудың басқа тәсілімен орындалған жағдайда – растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды экспортер немесе импортер не мәміле паспортының банкі болып табылмайтын банк ұсынған айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде.

Импорт жөніндегі келісімшарт бойынша есеп айырысудың аккредитивті нысаны не банктік кепілдеменің орындалуы жағдайында деректер шетелдік жеткізушінің пайдасына төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылған кезде көрсетіледі.

Егер аккредитив немесе кепілдік беру мәміле паспортының банкінде ресімделмесе, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк мәміле паспортының банкіне төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін:

егер орындаушы банк болып табылса, төлем мен (немесе) ақша аударымы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, төлем мен (немесе) ақша аударымы туралы мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.

44. Уәкілетті банктер есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке Ережеге 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша келесі ақпаратты жібереді:

1) резидент еместің репатриациялау мерзімдерінде келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерін орындамауы;

2) Ереженің 49-тармағында көрсетілген жағдайлар.

45. Уәкілетті банк баламасы он мың АҚШ долларынан елу мың АҚШ долларына (қоса алғанда) дейінгі сомада жасалған және экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлар өткізуді көздейтін келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарының мониторингін жүзеге асырады (Ереженің 20-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер есепті айда осындай келісімшарттар бойынша экспортер немесе импортер алған (жіберген) ақшаның жалпы сомасы баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк есепті айдан кейінгі айдың он бесіне дейін Ұлттық Банкке Ережеге


8-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.»;

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшалар тиісінше осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.




Ұлттық Банк

Төрағасы




Г. Марченко

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі

2011 жылғы «____» __________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

2011 жылғы «____» __________


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы «___» _______

№___ қаулысына

1-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 86 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне

1-қосымша


Экспорт бойынша мәміле паспорты


Мәміле паспортының күні мен бұрынғы нөмірі

_____ жылғы «__»_________ ___________________________
Мәміле паспортының күні мен қолданыстағы нөмірі

_____ жылғы «__»_________ 1/______/________/___________

 

Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат:




Атауы

_______________________________

БСН/ҚҰЖЖ коды

_______________________________






Шетел банкінің атауы

_______________________________


Экспортер бойынша ақпарат:




Атауы немесе аты-жөні

_______________________________

БСН/ҚҰЖЖ коды

_______________________________

ЖСН/СТН

_______________________________

Мекенжайы

_______________________________







Үшінші тұлға бойынша ақпарат:




Атауы немесе аты-жөні

_______________________________

БСН/ҚҰЖЖ коды

_______________________________

ЖСН/СТН

_______________________________

Мекенжайы

_______________________________







Шетелдік сатып алушы жөнінде

ақпарат:




Атауы немесе аты-жөні

_______________________________

Елі

_______________________________

Мекенжайы

_______________________________







Келісім-шарт бойынша ақпарат:




Нөмірі

_______________________________

Күні

_______________________________

Сомасы

_______________________________

Төлем валютасы 

_______________________________

Есеп айырысу тәсілі

_______________________________

Келісім-шарт бойынша валюта

_______________________________

Валютаны келісу

_______________________________

Соңғы күні

_______________________________







Алдыңғы мәміле паспортының деректемелері:


_______________________________


Уәкілетті тұлғалардың қолдары:




мәміле паспорты банкінің атынан

экспортердің атынан

_________________________________

_______________________________







Аты-жөні, қызметі

Аты-жөні, қызметі

Мөр орны

Мөр орны







үшінші тұлға банкінің атынан

_________________________________

үшінші тұлғаның атынан

_______________________________







Аты-жөні, қызметі

Аты-жөні, қызметі

Мөр орны

Мөр орны







Репатриациялау мерзімі:

_______________________________


Ескерту. Резиденттің ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеуі және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінің 5 және 5-2-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбауы (уақтылы ұсынбауы) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 187 және 180-баптарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.





Экспортердің атынан қойылған қол


_______________________________





Аты-жөні, қызметі




Мөр орны


Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері:



_____________________________________________________________________



1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

 

1. Мәміле паспорты банкі «Мәміле паспортының бұрынғы күні мен нөмірі» бағанында Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін ресімделген мәміле паспортының күнін мен нөмірі көрсетеді.

2. Мәміле паспорты банкі «Мәміле паспортының қолданылып жүрген күні мен нөмірі» бағанында Ережеге сәйкес мәміле паспортына берілген күнін мен нөмір көрсетеді.

Бұл ретте мәміле паспорты көлбеу сызықпен бөлінген төрт бөліктен тұрады:

1) бірінші бөлікте 1 көрсетіледі;

2) екінші бөлікте Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына сәйкес Ұлттық Банк берген банктің коды не банк филиалының коды көрсетіледі;

3) үшінші бөлікте уәкілетті банктің ішкі анықтамалығына сәйкес төрт саннан тұратын мәміле паспорты банкінің коды көрсетіледі;

4) төртінші бөлікте экспорт бойынша осы мәміле паспортының рет нөмірі мәміле паспорттарын тіркеу журналына сәйкес көрсетіледі.

Мәміле паспортының банкі мәміле паспортының күні ретінде мәміле паспорттарын тіркеу журналында мәміле паспорты тіркелген күн көрсетіледі.

3. «Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат» бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) «Атауы» деген баған мыналар ескеріле отырып толтырылады:

егер мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банк болатын болса, уәкілетті банктің толық атауы көрсетіледі;

егер мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы болатын болса, филиалдың толық атауы көрсетіледі;

2) «БСН/КҰЖЖ коды» деген бағанда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мәміле паспорты банкінің БСН, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мәміле паспорты банкінің КҰЖЖ коды мыналар ескеріле отырып көрсетіледі:

мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банк әрекет етсе, уәкілетті банктің сегіз мәнді коды көрсетіледі;

мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы әрекет етсе, филиалдың он екі мәнді коды көрсетіледі.



4. «Шетел банкінің атауы» бөлімінде экспортердің шоты ашылған және Заң талаптарына сәйкес мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша экспорт түсімінің түсуі мүмкін шетел банкінің толық атауы көрсетіледі.

5. «Экспортер бойынша ақпарат» бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) «Атауы немесе аты-жөні» бағанында экспортердің толық атауы немесе аты-жөні көрсетіледі;

2) «БСН/КҰЖЖ коды» деген бағанда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің БСН көрсетіледі. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін осы бағанда экспортердің заңды тұлғалар үшін 8 мәнді немесе заңды тұлғалардың филиалдары және өкілдіктері үшін он екі мәнді КҰЖЖ коды көрсетіледі;



3) «ЖСН/СТН» деген бағанда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің ЖСН көрсетіледі. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін осы бағанда экспортердің (дара кәсіпкерлер үшін) СТН көрсетіледі;

4) «Мекенжайы» деген бағанда экспортердің толық почталық адресі көрсетіледі. Экспортердің нақты мекенжайы келісім-шартта көрсетілген кезде экспортердің заңды мекенжайын көрсетуге болады.

6. «Үшінші тұлға бойынша ақпарат» бөлімі үшінші тұлғаның қатысуымен мәміле паспорты (мәміле паспортына қосымша парақ) ресімделген жағдайда «Экспортер бойынша ақпарат» бөлімінің тиісті бағанына ұқсас толтырылады.

7. «Шетелдік сатып алушы бойынша ақпарат» бөлімі келісім-шартқа сәйкес толтырылады:

1) «Атауы немесе аты-жөні» деген бағанда экспортталатын тауарды шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі;

2) «Елі» деген бағанда шетелдік сатып алушының тұрған елінің коды
ҚР МЖ
06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 1-бөлік. Ел коды»,
ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеу үшін код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушіге сәйкес көрсетіледі;

3) «Мекенжайы» деген бағанда шетелдік сатып алушының мекенжайы көрсетіледі.

8. «Келісім-шарт бойынша ақпарат» бөлімі төмендегідей толтырылады:

1) «Нөмір» деген бағанда негізінде экспорт бойынша мәміле паспорты ресімделген келісімшарттың нөмірі көрсетіледі. Келісімшарттың осындай деректемелері болған жағдайда толтырылады;

2) «Күні» бағанында келісімшарт жасалған күн көрсетіледі;

3) «Сомасы» бағанында келісімшарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер келісімшарт бойынша болжамды баға белгіленетін тауар жеткізу көзделсе, онда мәміле паспортында «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» бөлімінде келісімшарттың болжамды және нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан аса алатындығын бір мезгілде көрсете отырып, болжамды бағаға жеткізудің белгіленген көлемін көбейту арқылы есептелген келісімшарттың сомасы көрсетіледі;

4) «Төлем валютасы» бағанында экспортталатын тауарға ақы төленетін валютаның ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталар мен қорларды белгілеу кодтары» мемлекеттік жіктеушіге сәйкес әріптік мәні көрсетіледі жүргізіледі;

5) «Есеп айырысу тәсілі» бағанында келісімшарт талаптарына сәйкес экспортталатын тауар үшін есеп айырысудың қолданылатын тәсілінің коды жіктеушіге сәйкес көрсетіледі:
Есеп айырысу тәсілі

Код

1. Төлем және (немесе) ақша аударымы:




аккредитив шеңберінде

11

банктік кепілдеме шеңберінде

12

экспортердің немесе импортердің шоты арқылы:




алдын ала ақы төлеу

13

тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу

14

2. Міндеттемелерді өзгеше орындау:




өзгелері

29

Есеп айырысудың араласқан тәсілдерін қолдануға жол беріледі, мұндай жағдайда екі және одан да көп код қойылады. «29» есеп айырысу тәсілінің коды келісімшарт бойынша есепке алуды, басқа резидентке резидент емеске қойылған талап ету құқығын беруді, резидент қарызының басқа тұлғаға аударылуды, вексель беруді, бағалы қағаздар беруді, резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, сақтандыру төлемінің алынуды, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) қоса алғанда, «11», «12», «13», «14» кодтармен белгіленбеген есеп айырысу тәсілдерінің пайдалану кезінде көрсетіледі;

6) «Келісім-шарт бойынша валюта» бағанында ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес келісімшарт валютасы сомасының әріптік мәні көрсетіледі;

7) «Валютаны келісу» бағанында келісімшарт бойынша валюта бағамының төлем валютасына есеп айырысу тәсілі көрсетіледі («Келісімшарт бойынша валюта» және «Төлем валютасы» сәйкес келмеген жағдайда ғана толтырылады);

8) «Соңғы күні» бағанында келісімшарт қолданылатын соңғы күн көрсетіледі. Келісімшартта осындай талап болған жағдайда толтырылады.

9. «Алдыңғы мәміле паспортының деректемелері» бөлімі Ереженің
35-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда толтырылады
. Бұл ретте орнына жаңа мәміле паспорты ресімделген алдыңғы мәміле паспортының күні мен нөмірі көрсетіледі.

10. «Уәкілетті тұлғалардың қолдары» бөлімін:

1) мәміле паспорты банкінің және үшінші тұлғаның банкінің атынан мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын қызметкер;

экспортердің атынан – экспортердің басшысы;

үшінші тұлғаның атынан – үшінші тұлғаның басшысы толтырады;

2) экспорт бойынша мәміле паспортының барлық даналары мәміле паспорты банкінің, экспортердің және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаның және үшінші тұлғаның банкінің мөрлерімен бекітіледі.

11. «Репатриациялау мерзімі» бөлімі нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте репатриациялау мерзімінің күн саны көрсетіледі;

екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің жыл саны көрсетіледі.

Егер келісімшарт бойынша тауарды Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізу көзделсе және экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін тауарды беру болса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне кедендік органдар тауарды шығарғаннан кейін тауарды беру орнына дейін жеткізу үшін қажетті бір жылдан аспайтын мерзімді қоса отырып есептейді.

Егер келісімшарт бойынша тауарды Қазақстан Республикасы және Кеден одағына мүше басқа мемлекеттер арасында өткізу көзделсе және экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін тауарды беру болса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзіміне тауарды беру орнына дейін тауарды жеткізу үшін қажетті бір жылдан аспайтын мерзімді қоса отырып есептейді.

Егер экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін тауарды беру болса, экспортер репатриациялау мерзімі ретінде шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындаудың келісімшарт бойынша ең ұзақ мерзімін көрсетеді.

Егер келісімшартта шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі бойынша міндеттемелерін орындауының түрлі талаптары көзделсе (экспортер тауарды тиегенге дейін тауарға ақы төлеу, экспортер тауарды тиегеннен кейін тауарға ақы төлеу), репатриациялау мерзімі экспортер тауарды тиегеннен кейін келісімшартта белгіленген шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі бойынша міндеттемелерін орындаудың мерзімдерін ескере отырып, есептейді.

Егер келісімшартта экспорт бойынша валюта түсімінің экспорт күні болғанға дейін (шетелдік сатып алушының алдын ала ақы төлеуі) не 180 күннен аспайтын мерзімде түсуі көзделсе, репатриациялау мерзімін экспортер 180 күн деп көрсетеді.

Репатриациялау мерзімін есептеу мақсаты үшін күнтізбелік күн пайдаланылады, бұл ретте 30 күн мерзімі бір ай болып, 360 күн – бір күнтізбелік жыл болып қолданылады.

Мысалдар:

1) келісімшартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауар Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік сатып алушының тауарға ақы төлеуі: ішінара – алдын-ала ақы төлеу, ішінара – экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі – 210 күн. Тауарды кеден органдары шығарған күн мен шетелдік сатып алушының тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада өткізу күні арасындағы экспортер болжайтын мерзім (тауарды өткізу фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді есептей отырып) – 30 күн.



Есеп: 210 күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 240.00 көрсетеді;

2) келісімшартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі тауар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттік аумағында орналасқан қалада өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік сатып алушы тауарға ақыны экспортер тауарды тиегеннен кейін төлейді. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі – 210 күн. Тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізу күні мен шетелдік сатып алушының тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттік аумағында орналасқан қалада өткізу күні арасындағы экспортер болжайтын мерзім (тауарды өткізу фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді есептей отырып) – 10 күн.

Есеп: 210 күн + 10 күн = 220 күн, яғни 220 күн, 00 жыл.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 220.00 көрсетеді;

3) келісімшартқа сәйкес тауар жеткізу бойынша экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі тауар 1-Алматы станциясына өткізілгеннен кейін орындалды деп саналады. Шетелдік сатып алушы тауарға ақыны экспортер тауарды тиегеннен кейін төлейді. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі – 210 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 210.00 көрсетеді;

4) келісімшартқа сәйкес шетелдік сатып алушы тауарға толық көлемде алдын ала ақы төлейді.



Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 көрсетеді;

5) келісімшартқа сәйкес шетелдік сатып алушы тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі –160 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 көрсетеді.

12. «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» бөлімінде мәміле паспортының бөлімдерінде көрінбеген, алайда Ережеде көзделген немесе мәміле паспорты банкінің жұмысын оңайлататын ақпаратты көрсетеді.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы «___» _______

№___ қаулысына

2-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 86 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне



2-қосымша

с. 1 с. 2 ... с. 4 с. 5

скачать файл