Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов


с. 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС- ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Физика, математика және техника институты

Қолданбалы механика және физика кафедрасы
«Сызба геометрия және машинажасау сызбасы» пәнінен

050728- «Өнімді өндіру технологиясы» мамандығына арналған

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Өскемен, 2005



Құрастырған: қолданбалы механика және физика кафедрасының оқытушысы, Тырнақбаева М. М.

ОӘК қолданбалы механика және физика кафедрасының отырысында талқыланды

хаттама№8 «02»ақпан 2005 ж.


ОӘК физика, математика және техникалық институтының әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды

хаттама№6 31наурыз 2005ж.



«Сызба геометрия және машинажасау сызбасы» пәні бойынша оқу әдістемелік кешені инженерлік, техникалық мамандық студентеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігімен және қажеттілігімен, курс саясатымен, студенттердің оқу процесі кезінде алатын дағды және біліктілікпен таныстырады. Оқу - әдістемелік кешені пәнді оқу барысындағы басшылықтың негізгі көзі болып табылады.


Сызба геометриясы пәні бойынша инженерлік – техникалық мамандық студенттеріне арналған оқу әдістемелік кешені / құрастырушы: Тырнақбаева М.М.- Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005.
С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005

I. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


(Syllabus)

1. Жалпы мағлұматтар:

1.1 Пәннің аты: Сызба геометрия және машинажасау сызбасы

1.2 Кафедра: Қолданбалы механика және физика

1.3 Оқытушының тегі, аты- жөні: Тырнақбаева Маржан Мәкенқызы

1.4 Хабарласу орны: телефон, 47-78-80, корпус № 7, ауд.301

1.5 Өткізу орны: корпус №7, ауд. 301

1.6 Кредит саны: 2

1.7 Оқу жоспарынан көшірме:

1 Кесте.


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Зертханалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

1

1

2

15

15

30

30

90

Емтихан

1.8 Курстың переквизиттері: инженерлік графика және сызба геометриясының тәсілдерін жетік білу.

Студент мыналарды елестете білу керек: проекциялық сызбаның әдістерін; конструкторлық тетік бөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектілердің кеңістіктегі кескін құрлысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, таблица құру ережелері мен диаграммасын, нормативті - техникалық құжатты, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін.

Пайдалана білу керек: құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыру, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана

біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгере білу керек.

1.9 Постреквизиттері (пәнді оқыту барысында алынған білімдерді қолданатын келесі пәндер тізімі): машина бөлшектері, материалдар кедергісі, теориялық механика және т.б.


2. Пәннің қысқаша мазмұны:

2.1 Пәннің мақсаты: студенттерге сызба геометрия және инженерлік графика пәнінен жүйелі білім беру болып табылады. Курсты оқып білудің мақсаты теориядан алған білімдерін машина жасау құрылысында және құрлыс сызбаларында практикада қолдана біліп, төмендегідей

КҚБЖ – нің стандартына сәйкес сызбаларды орындау;

тетік бөлшектердің эскиздерін және оның өлшемдерін түсіру;

құрлымның негізгі орналасуын ескере отырып өлшемдерін түсіру;

тік бұрышты проекция негізінде заттың кескінін оқып және орындау;

анықтамалық және стандарттық материалдарды қолдана білу және сызба пәнін оқыту әдістемесін меңгеру үшін қажетті практикалық дағдылар мен білімдерін дамыту.

Сызба геометрия және инженерлік графика пәндерін оқу барысында алған білімдерін, біліктілік пен дағдыларын, жалпы инженерлік және арнайы техникалық пәндерді оқуда, сондай-ақ технологиялық және инженерлік қызметтерді игеруге қажет.

2.2 Пәннің мамандықты даярлауға қатысты міндеттері: Берілген курсты оқу нәтижесінде студент проекциялық сызба көмегімен кеңістіктегі пішін кескінін тұрғызу әдістерін үйреніп және КҚБЖ-сі бойынша сызбаларды орындау ережелерін іс - тәжірибеде қолданып, әр түрлі сызбаларды орындай білуі керек.

Берілген “сызба геометрия және машинажасау сызбасы ” курстың “Негізгі пән” цикліне кіреді. “Өнімді өндіру технологиясы” мамандығының күндізгі оқитын студенттер үшін оқу жоспары жұмыс бағдарламасы мен сәйкес келеді. Студенттер сызу пәнінен алған білімдерін курстық жұмыс пен дипломдық жобада қолданады.

2.3 Курстың мазмұны:

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі керек:

1) проекциялық сызба әдістерін елестете білуі;

2) бөлшектер, түйіндер , машина мен механизмдер құрылысының принциптерін;

3) сызбада кеңістіктегі объекті кескінін тұрғызу әдістерін;

4) кескіндеу тәсілдерін, компьютерлік графика әдістерін,

стандарттау негізін және құрылымын;

5) ажырайтын және ажырамайтын біріктіру типтерін, диаграмма және кесте тұрғызу ережесін, нормативті – техникалық құжаттарды, оның өңделуі мен қолдану принциптерін;

6) құрастыру сызбасының жалпы түрі мен эскиздерін қолдана білуі керек;

7) проекциялық және өндірістік қызметтерде стандарттарды қолдана білуі керек;

8) техникалық өнімдер кескінін тұрғызуда, сипаттама құрастыруда тәжірибелері болуы қажет.


  1. «Сызба геометрия және машинажасау сызбасы» пәнінен тапсырмаларды орындау мен өткізудің кестесі

2 Кесте.





Жұмыс түрі

Тапсырма лардың мазмұны мен мақсаты

Ұсынатын әдебиеттер

Орындау мерзімі

Балдар (рейтинг-шкалаға сәйкес)

Бақылау түрі

Өткізу уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8



№1:Алғы бет. Жазбаша жұмыс

Сызба қаріпінің тағайындалған өлшемдерімен таныстыру.

[2,4, 10,

13, 24, 26]





1-2 апта

5

Жазба жұмысты тексеру.

2 апта

  1. 22

№2: Негізгі геометриялық үлгі.

Ағымдық бақылау тест бойынша



Геометриялық үлгілермен таныстыру.

[2,4,613, 24, 26]


3-4 апта

5

Тест жауабын тексеру.

5 апта



№3: Беттердің өзара қиылысуы.

Аралық бақылау№1



Беттердің қиылысу сызығын анықтауды үйрету.

[1,2,419, 20, 26]



5-6 апта

10

Сызбаны тексеру.

Бақылау жұмысын тексеру



7 апта



№4:Тілік және қима. Ағымдық бақылау.

МЕСТ бойынша тілікті және қиманы орындау.

[7,8,924,25,26]



7 апта

5

Бақылау жұмысын тексеру.

8 апта



№5: Ажырайтын біріктіру. Бұрандалы біріктіру.

Бұрандалардың түрлерімен, белгіленуімен таныстыру.

[2,4,6 26, 27]


8 –9 апта

5

Сызбаны тексеру.

10 апта



№6: Ажырамайтын біріктіру. МЕСТ бойынша жұмыс.



Пісірмелі біріктіру түрлерімен таныстыру.

[1,2,313, ,20, 21, 27]

10 апта

5

Сызбаны тексеру.

11 апта



№7: Тісті беріліс

МЕСТ бойынша жұмыс



Тісті доңғалақты салуды және оның модулін есептеуді үйрету.

[2,4, 13, 24, 26]


11 апта

5

Сызбаны тексеру.

12 апта



№8: Тетікбөлшектің сызбасы.

Ауызша сұрау.



Тетікбөлшекті өлшеуді және эскизін салуды дағдысын қалыптастыру.

[2,4, 13, 24, 26]


12 апта

10

Сызбаны тексеру.

13 апта



№9

Нормативті – техникалық құжат.

Аралық бақылау№2


Мәтінге қойылатын негізгі талаптармен таныстыру.

[2,4, 13, 24, 26]



13 апта

10

Сызбаны тексеру. Бақылау жұмысын тексеру.

14 апта

3.6 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі:


  1. Гордон В.О., и др. Курс начертательной геометрии. – М.:

Высшая школа,1998, с178

  1. Чекмарев А.А. Инженерная графика.- М.: Высшая школа, 1988, с 335

  2. Фролова С.А. Начертательная геометрия.- М: Высшая школа,

1987, с300

4 Боголюбов С.К., Черчение.- М.: Высшая школа, 1985, с 377



  1. Брилинг Н.С., Евсеев Ю.П. Задания по черчению.– М.:

Стройиздат, 1984,с 256

  1. Курманова Д.Т. Сызба геометрия. Көрнекті оқу құралы - Өскемен: ШҚМУ, 2001, 42 бет.

  2. Ақпанбек К. Сызба геометрия. – Алматы: Ы. Алтынсарин

атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық

баспа кабинеті,1998, 360 бет.



  1. Толубаева Қ.Қ. Сызба геометриясы. - Өскемен: ШҚМУ,

1999,70 бет.

  1. Қонақбаев Қ. Сызба геометрия.- Алматы: Мектеп 1971,

260 бет.

  1. Есмұханов Ж.М., Қонаев Қ.Қ. Сызба геометрия. – Алматы:

Мектеп 1968, 208 бет.

  1. Тастанбекова С.Б. Сызба геометриясынан есептер жинағы.- Өскемен: ШҚМТУ, 2001,75 бет.

  2. Набиев Ы.А. Сабақ барысында шығарылатын сызба

геометрия есептері.– Алма- ата: 1989, 31 бет.

  1. ЕСКД общие правила выполнения чертежей ГОСТ 2.301-68… ГОСТ 2.321-84 - М: 1988, 239 бет.

  2. ЕСКД обозначения условные графические в схемах ГОСТ 2.752-71…ГОСТ 2.797-81- М: 1988, 300 бет.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Годик Е.И., Хаскин А.М. Справочное руководство по

черчению – М: Машиностроение,1974, 695 бет.

  1. Федоренко В.А., Шошин А.И. Справочник по

машиностроительному черчению-Л: Машиностроение,1974,

303 бет.


  1. Суворов С.Г., Суворова Н.С. Машиностроительное черчение – М: Машиностроение,1984, 351 бет.

  2. Гордон В.О., Старожилец Е.Г. Почему так чертят ? – М: Просвещение, 1988, 173 бет.

  3. Белов Н.В., Виксель А.А. Начертательная геометрия – Л: 1969, 288 бет.

  4. Виноградов В.Н. Начертательная геометрия – М:

Просвещение, 1989, 239 бет.

21 Бубенников А.В. Начертательная геометрия – М: Высшая

школа, 1985, 288 бет.


  1. Матвеев А.А., Борисов Д.М. Черчение – М: Высшая школа,

1977, 238 бет.

  1. Фролов С.А., Воинов Е.Д., Феоктистова. Машиностроительное черчение – М: Машиностроение, 1981, 304 бет.

  2. Чекмарев А.А., Осипов В.К. Инженерная графика – М:

Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2002, 416 бет.

  1. Левицкий В.С. Машиностроительное черчение и

автоматизация выполнения чертежей – М: Высшая школа,

2000, 422 бет.



  1. Есмұхан Ж.М. Сызу – М: Мектеп баспасы, 2002, 272 бет.

  2. Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. – М: Высшая школа, 1984, 279 бет.

  3. Иванова Л. А. , Корепанов А.Н. Скаков М.К. Казбеков Т.М. Сызба геометрия және инженерлік графика. Оқу құралы. Курстық жұмысқа арналған: ВКГУ 2000, Өскемен, 45 бет.


3.7 Рейтинг – шкала :

3 Кесте.



Бақылау формасы

Ең жоғарғы бал

Ағымдық


40

Аралық

20

Қорытынды

40

Барлығы

100


3.8 Әртүрлі жұмыс түрлерін бағалау шкаласы:
1 Дәріс - 10 балл

2 Зертханалық сабақ – 10 балл

3 Тест – 10 балл

4 Бақылау жұмысы – 10 балл

5 Үй жұмысы – 10 балл

6 Эпюрлер – 10 балл



Барлығы: 60 балл
Әр апта сайын ағымдағы бақылау (2 ең жоғарғы бал бойынша) іске асады, әр 4 апта сайын – модуль немесе бөлім бойынша бақылау (4 ең жоғарғы бал). Семестр бойынша үш аралық бақылау өтеді. Әр аралық бақылауға - 20 ең жоғарғы бал жиынтығы (бұнда өткен аптадағы ағымдағы бақылау жұмыстарының қорытындылары есептеледі). Қорытынды бақылау, емтихан – бір рет периодтың соңында (40 бал).


4 Баға қою саясаты:
Үлгерімді тәртібі бойынша бақылау мына формада іске асырылады:

- ағымдық бақылау (әр апта сайын өтеді )

- аралық бақылау (5, 10 және15 аптада)

- қорытынды бақылау (бір рет семестірдің соңында өткізіледі, яғни емтихан).

Ағымдық бақылау дегеніміз – студенттердің практикалық және дәріс кезіндегі жұмысын (үй тапсырмаларының орындалуы, өз бетімен есептердің шығарылуы, дәріс курсы кезіндегі теориялық сұрақтарға жауап беруі) бағалау, жеке тапсырмалардың қорытындысын шығару.

Аралық бақылау дегеніміз – бұл аудиторияда оқытушының қатысуымен болатын коллоквиум, бақылау, тест жұмыстарының орындалуы.

Қорытынды бақылау - оқу кезіндегі өткен тақырыптардың соңында, студент пән бойынша алған білімінен емтихан тапсыруы.

4. 1 Курс саясаты:
1) Сабаққа кешікпеу.

2) Сабақ үстінде сөйлеспеу, сағыз шайнамау.

3) Сабақты босатпау, ауырған жағдайда анықтама алып келу.

4) Босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу.

5) Ұялы телефондарды өшіру.

6) Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

7) Үй жұмысын уақытында және тырысып орындау.

8) Оқу процесі кезінде белсенді қатысу.

9) Міндетті және уақытылы болу.

10) Оқытушылар мен әріптестерге сабырлы, ашық және адамгершілікті болу.



2. ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘРТІП МӘЛІМЕТТЕРІ
2.1 «Сызба геометрия және машинажасау сызбасы» курсының тақырыптық жоспары
Барлық кредит саны: 2

Тақырыптардың атаулары

Дәріс

Зерт.

жұмыс


СОӨЖ

СӨЖ

Негізгі геометриялық үлгі.

Қиюшы жазықтық.



2

2

4

2

Беттердің өзара қиылысуы.

Жайма.


2

2

4

4

Тілік. Қима.

2

2

4

4

Біріктіру.

Ажырайтын біріктіру.

Бұрандалы біріктіру.


2

2

4

4

Ажырамайтын біріктіру.

Пісірмелі біріктіру.



2

2

4

4

Тісті беріліс. Тісті доңғалақ.

2

2

4

4

Тетікбөлшектің сызбасы.

Тетікбөлшектің эскизі.

Тетікбөлшекті түрдің

сызбадағы орындалу

ерекшеліктері.


2

2

4

4

Нормативті - техникалық құжат.

1

1

2

4

Барлығы

15

15

30

30


2.2 Дәрістік сабақ тезистері:
1 Дәріс тақырыбы: Негізгі геометриялық үлгі.

Дәрістің негізгі сұрақтары: сызба геометрияның даму тарихы, сызба геометрияның пәні мен есептері, жазықтықтың кеңістіктегі проекциялаудың негізгі әдісі, центрлік және параллельдік проекциялар, Монжа эпюрі анықтамаларын білу.

[6], [7], [9], [19], [20], [21], [26].
2 Дәріс тақырыбы: Беттердің өзара қиылысуы. Жайма.

Дәрістің негізгі сұрақтары: Денелер беттерінің жалпы жағдай жазықтықтарымен қиылысуы. Беттердің түзу сызықпен қиылысуы. Екі беттің өзара қиылысу сызығын құру тәсілдері туралы жалпы түсінік. Айналу беттерінің өзара қиылысуы. Қиылған беттерді жаю.

[4], [8], [9],[19],[20],[21],[26], [27].

3 Дәріс тақырыбы: Тілік. Қима.

Дәрістің негізгі сұрақтары: Негізгі көріністер. Қосымша және жергілікті көрініс. Тіліктер. Қималар.

[2],[4],[13], [24],[25],[26], [27].
4 Дәріс тақырыбы: Ажырайтын біріктіру. Бұрандалы біріктіру.

Дәрістің негізгі сұрақтары: Жалпы мәліметтер. Бұранданың түрлері және олардың сызбада белгіленуі. Бұрандаларды сызбада ықшамдап кескіндеу. Тетікбөлшектерді бұрандаманың және ұстастырманың көмегімен біріктіру.

[2],[4], [13],[23] ,[24], [25], [26].
5 Дәріс тақырыбы: Ажырамайтын біріктіру. Пісірмелі біріктіру.

Дәрістің негізгі сұрақтары: Біріктірілген тетікбөлшектің кескіндері. Ажырамайтын біріктіру. Пісірмелі біріктіруді кескіндеу. Дәнекерлеу, желімдеу және тігу арқылы біріктірулерді кескіндеу.

[2],[4], [13],24],[25],[26].

6 Дәріс тақырыбы: Тісті беріліс. Тісті доңғалақ.

Дәрістің негізгі сұрақтары: тісті доңғалақтар, тегершіктер, серіппелер ,тісті беліліс.

[2],[4],[13], [16],[24], [26].

7 Дәріс тақырыбы: Тетікбөлшектің сызбасы. Тетікбөлшектің эскизі.

Дәрістің негізгі сұрақтары: тетікбөлшектің сызбасы, тетікбөлшектің эскизі, тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері.

[2],[4], [13], [17],[25],[26].
8 Дәріс тақырыбы: Нормативті - техникалық құжат.

Дәрістің негізгі сұрақтары: нормативті - техникалық құжаттар туралы жалпы мәліметтер, мәтінге қойылатын негізгі талаптар. МЕСТ 2.101-68, 2.108-73, 2.109-73

[2],[4],[13],[14], [15],[16], [23], [24],[25],[26],[28].
2.3 Жұмыстық оқу бағдарламасы бойынша семинар сабақтарының жоспары қарастырылмаған.
2.4 Зертханалық дәріс жоспары.

1 Тақырыбы: Негізгі геометриялық үлгі. Қиюшы жазықтық

Бақылау сұрақтары:


  1. Жазықтыққа нәрсе кескіні қалай салынады?.

  2. Центрлік проекциялау деген не?

  3. Параллель проекциялау деген не?

  4. Қиғаш бұрыштап проекциялау деп нені айтады?

  5. Тік бұрыштап проекциялаудың ерекшелігі неде?

  6. Инварианттар деген не?

  7. Қандай сызбаларды қайтымды немесе қайтымсыз дейді?

  8. Монжа эпюрі деген не?

  9. Проекция осі дегеніміз не? Қандай проекция остері бар,

таңбалары қандай ?

  1. Октанттар деген не? Ширек дегеніміз не?

Есептердің шығарылуы мен берілуі №3.6 әдебиеттер тізіміндегі №6, № 11, № 12, № 21, № 26 оқу құралында көрсетілген.
2 Тақырыбы: Беттердің өзара қиылысуы. Жайма.

Бақылау сұрақтары:

1) Беттердің жазықтықпен қиылысу процесіне жалпы түсінік беріңіз. Дене бетінің қимасына анықтама беріңіз.

2) Қисық беттің жазықтықпен қимасы контурының ерекше нүктелеріне қандай нүктелер жатады және оларды анықтаудың жолдары қандай?

3) Беттердің өзара қиылысу сызықтарына анықтама және оларды құру тәсілдері туралы жалпы түсінік беріңіз.

4) Беттің жазбасына жалпы түсінік беріңіз ?

5) Призма, цилиндр, пирамида және конус беттерінің жазбаларын қандай реттілікпен құрайды ?

6) Конустық бет деп қандай бетті айтады?

Есептердің шығарылуы мен берілуі №3.6 әдебиеттер тізіміндегі №6, № 11, № 12, № 20, № 26 оқу құралында көрсетілген.



3 Тақырыбы: Тілік. Қима.

Бақылау сұрақтары:

1) негізгі көрініс дегеніміз не? Негізгі көріністерді қалай орналастырады?

2) қосымша көрініс деген не? Ол қандай жағдайларда қолданылады және сызбада қалай белгіленеді?

3) қандай кескін жергілікті көрініс деп аталады?

4) қандай кескін тілік деп аталады? қарапайым тілік дегеніміз не?

5) қандай тілікті күрделі тілік деп атайды? күрделі тіліктер қандай жағдайларда қолданылады?

6) күрделі тілік пен қарапайым тіліктің айырмашылығы неде?

7) қандай кескінді қима деп атайды және оның белгіленуі?

8) сызба өрісінде орналасуына қарай қималар қалай аталады?

9) қабаттасқан және оңашаланған қима дегеніміз не?

[2],[4],[13], [25],[26].
4 Тақырыбы: Біріктіру. Ажырайтын біріктіру.

Бұрандалы біріктіру.



Бақылау сұрақтары:

1) қандай біріктірулер ажырайтын біріктіруге жатады?

2) болттық біріктірудің салыстырмалы өлшемдері қандай шамаға байланысты анықталады?

3) ұстастырма және сомын деп қандай тетікбөлшектерді атайды?

4) метрикалық, трапециялық және тіректік бұрандалардың өлшемдерін сызбаға қалай түсіреді?

5) конустық және құбырлық бұрандалардың өлшемдерін сызбаға қалай түсіреді?

6) бұрандама мен біріктірілген екі тетікбөлшекті сызбада салу ерекшеліктерін ата.

[2],[4], [13],[23] ,[24], [25], [26].



5 Тақырыбы: Ажырамайтын біріктіру. Пісірмелі біріктіру.

Бақылау сұрақтары:

1) қандай біріктірулер ажырамайтын біріктіру деп атайды?

2) біріктірілген бөлшектердің өзара орналасуларына қарай пісірмелі біріктіруді қандай түрлерге бөледі ?

3) түйістіре және бұрыштап пісірудің шартты белгілері қандай?

[13],24],[25],[26].

6 Тақырыбы: Тісті беріліс. Тісті доңғалақ.

Бақылау сұрақтары:

1) тісті берілістердің атқаратын негізгі қызметі қандай?

2) тісті доңғалақтың модулі мен тістерінің өлшемдері арасындағы байланыстар қандай?

3) айналмалы қозғалысты түзусызықты қозғалысқа айналдыратын берілісті қалай атайды?

4) тісті доңғалақтың сызбасында бөлгіш, дөңес және ойық шеңберлері қандай сызықтармен көрсетіледі?

[2],[4],[13], [16],[24], [26].


7 Тақырыбы: Тетікбөлшектің сызбасы. Тетікбөлшектің эскизі.

Тетікбөлшекті түрдің сызбадағы орындалу ерекшеліктері.



Бақылау сұрақтары:

1) тетікбөлшектің сызбасы деп қандай құжатты айтады?

2) тетікбөлшек сызбасы қандай талаптарға сай орындалады?

3) сызбада тетікбөлшектің бетінің кедір – бұдырлықты қалай көрсетеді?

4) эскиз деп қандай конструкторлық құжатты айтады?

[2],[4], [13], [17],[25],[26].


8 Тақырыбы: Нормативті - техникалық құжат.

Бақылау сұрақтары:

1) текстік құжаттарға талаптар.

2) МЕСТ 2.104-68 талаптары қандай?

3) МЕСТ 2.105-73 талаптары қандай?

4) МЕСТ 2.108-73 талаптары қандай?

5) МЕСТ 2.109-73 талаптары қандай?

[13],[14], [23], [24],[25],[26],[28].

Әдістемелік нұсқаулар: Әр практикалық сабақта студент тақырыпты негізгі мазмұнынан бастауы керек (кітап немесе конспект бойынша), дәріс немесе кітаптан қарастырылған бақылау жұмыстары және мысалдарды бөлшектеп жауап беруі. Кітаптағы текстен мысал ала отырып, оған қатысты барлық керекті есептеулерді жүргізіп, одан кейін оқулықтағы есеппен салыстыру өте пайдалы.

Негізгі есептер аудиториялық практикалық сабақтарда есептеледі. Бұнда есептердің толық және дәл шешілуі қарастырылады.

Әр тақырыптың мазмұнын қысқаша конспектілеп, негізгі анықтымаларды және барлық қорытындыларды жазып, олардың мағынасын негіздеу. Арнайы дәптерге жазба жұмыстарын жүргізу (яғни практикалық жұмыстарды). Осы дәптерге әр тақырыпқа негізделген типті есептерді шығару керек (есептің шешімін кітаптан жазуға болады). Бұл дәптер тек қана емтихан алдында үлкен көмек көрсетіп қоймай, одан кейін де әр түрлі математикалық әдістермен жұмыс істеген кезде анықтама ретінде де қолдануға болады.

Егер студент кітаптағы бақылау сұрақтарына жауап беру мен есеп шығару кезінде ешқандай қйналмаса, онда студент тақырыпты толық меңгерді деуге болады.
2.5 Студенттің оқытушының көмегімен жасайтын өзіндік жұмысының жоспары.

1 Топтама Сызба сызықтары. масштабтар. Сызба қаріптері.



  1. Қандай сызба сызықтарының түрлерін білесіңдер?

  2. Сызбадағы сызықтың жуандығы?

  3. Сызба қарпінің тағайындалған өлшемдері?

  4. Масштаб дегеніміз не?

  5. Кішірейтудің, нақты шаманың, үлкейтудің масштабтарын ата?

2 Топтама КӨрініс. Тілік. Қима.

1 Көрініс дегеніміз не?

2 Негізгі көріністі ата. Негізгі көріністерді қалай орналастырамыз?

3 Қосымша көрініс және жергілікті көрініс дегеніміз не?

4 Бөлікті шығару. Оларды қалай белгілейді және қайда қолданады?

5 Тілік дегеніміз не?

6 Қиюшы жазықтықтың орнына байланысты тіліктер қалай ажырап бөлінеді?

7 Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қалай бөлінеді?

8 Қима дегеніміз не?

9 Сызба өрісінде орналасуына қарай қималар қалай аталады?

10 Тілік пен қиманың белгіленуі.

11 Тілік пен қиманың айырмашылығы неде?

12 Сызбаға өлшемдерді түсіру тәртібі.


3 Топтама Бұрандалар.

  1. Қандай қосылыстар ажырайтын қосылысқа жатады?

  2. Бұранданың түрлері және олардың сызбада белгіленуі.

  3. Бұрама беттің қадамы деп нені айтады? Жасуша деп нені айтады? Осьі деп нені айтады? Ірі қадам, ұсақ қадам метрикалық бұрандалар қалай белгіленеді?

  4. Метрикалық, трапециялық және тіректік бұрандалардың өлшемдерін сызбада қалай түсіреді?

  5. Бұранда мен біріктірілген екі тетікбөлшекті сызбада салу ерекшеліктерін ата.

  6. Біріктіру тетікбөлшегін атап, олардың неге қажет екендігін айтып бер.

  7. Бұрандама деп қандай тетікбөлшекті айтады? Бұрандамалардың бастарының пішіндері бойынша қалай ажыратады?

  8. Ұстастырма деп қандай тетікбөлшекті айтады? Оның сұқпа және қыспа ұштарын көрсет .

  9. Сомын деп қандай тетікбөлшекті айтады? Тығырық деп қандай тетікбөлшекті айтады? Олар не үшін керек?

  10. Тетікбөлшектерді бұрандамамен біріктіру үшін қандай типтік тетікбөлшектер керек?

  11. Тетікбөлшектерді ұстастырмамен біріктіру үшін қандай типтік тетікбөлшектер керек?

4 Топтама КӨрініс



  1. Сызбадағы басты кескіннің таңдау ережесі және кескін санының таңдау ережесі.

  2. Білік дегеніміз не? Оның осьте орналасуы.

  3. Төлке дегеніміз не? Оның осьте орналасуы.

  4. Төлкенің басты кескіні не?

  5. Біліктің басты кескіні не?

  6. Кескіндердің қажетті санын қандай принцип бойынша таңдап алады?

  7. Эскиз дегеніміз не?

  8. Сызбаның эскиздан айырмашылығы.

СОӨЖ өткізу формасы: ауызша сұрау, коллоквиум түрінде өткізіледі. Ол тақырыпты тиянақты игеруіне септесе отырып, оқу процесін белсенді жүргізуге және студенттердің өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

СОӨЖ орындауға методикалық нұсқаулар: Сұрақтарға жауап беру үшін алдымен оқулықпен жұмыс істеген жөн. Көрсетілген мысалдарға қарап сызбаны оқи және сала білуі керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [4], [13], [14], [15], [16], [17], [18], [23], [24],[25], [26].



2.6 Студенттің өзіндік жұмысының жоспары:
Оқу тәртібі кезінде әр студент өздік жұмыс (ӨЖ) алады, бұл негізгі курсты студент қандай жағдайда, қаншалықты теориялық ережелермен және оларды практика жүзінде іске асыра алуын көрсетеді. Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: әр ӨЖ А3 форматта орындалуы керек, алғы бетте мамандығы, курсы, тобы, студенттің тегі және аты, нұсқа нөмірі мен жұмысты өткізген күні көрсетілуі керек. Жұмыс сызба қарпімен орындалуы тиіс.

Тапсырмаларды кешіктермей уақытында орындап, өткізген жөн. Кешіктіріліп өткізілген тапсырмалардың балдары төмендейді

Ұсынылған әдебиеттер: [6], [11], [12], [13], [14], [27].

2.7 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары.
№1 Бақылау жұмысы: Нүктенің комплекстік сызбасы.

№2 Бақылау жұмысы: Жазықтықтардың өзара орналасуы.

№3 Бақылау жұмысы: Түзудің нақты шамасының анықтамасы.

Орындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар:

Есептерді шешіп үйрену үшін алдымен есепті шешудің жоспарын құрып алған жөн. Сосын мысалдарды қарап, сол типтес өзіндік есептердің бірнешеуін шешу керек. Есепті шешудің дағдысы қалыптасу үшін кемінде 4-5 есеп шығару керек. Есептік-практикум оқулықтарын, мысалдары, нұсқаулары көбірек берілетін оқулықтарды пайдаланған жөн.
Ұсынылған әдебиеттер: : [2], [4], [6], [11], [12], [13], [14], [27].

2.8 Студенттің білімін тексеруге арналған тестік тапсырмалар.

1 Х осіне жататын нүктені анықта?


2 А нүктенің қайсысы π1 жазықтығында жатыр ?




3 А нүктенің қайсысы 4 ширекте орналасқан?

4 А нүктенің қайсысы 3 ширекте орналасқан?



5 Суреттегі проекция түрінің атын тап





  1. Параллель проекциялау

  2. Ортогональ проекциялау

  3. Центрлік проекциялау

  4. Тік бұрыштап проекциялау

  5. Қиғаш бұрыштап проекциялау

6 А нүктеден горизонталь проекция жазықтығына дейінгі арақашықтықты анықта
а) ААх

б) ААх

в) АА

г) ААу

д) ААу

7 Түзу сызықтың проекция жазықтығына қатысты орналасуын ата.


а) горизонталь-проекциялушы

б) профильно - проекциялушы

в) горизонталь түзу

г) фронталь түзу

д) профиль түзу

8 Қандай нүктелер фронталь проекция жазықтығынан алшақ орналасқан?




9 Қай сызбада түзу кесінді нақты шамаға проекцияланады?



10 Жазықтықтың атауын көрсет

а) плоскость общего положения

б) горизонтально-проецирующая

в) фронтальная

г) фронтально-проецирующая

д) профильно-проецирующая
11 Берілген төрт нүктелердің қайсысы π2 жазықтығында орналасқан?
а) А(10,20,20); б) В(20,0,10); в) С(0,20,10) г) Д(10,10,0)

12 Берілген нүктелердің кайсысы π1 жазықтығына жақын орналасқан ?

13 Берілген төрт нүктенің қайсысы π1 жазақтығында орналасқан?
1) А(0,20,10); 2) В(10,20,0); 3) С(0,10,-5) 4) Д(40,0,10)

14 Берілген нүктелердің қайсысы π2 жазықтрығына жақын орналасқан ?



15 Қай сызбада А нүктесі MN түзуі бойында жатады?

16 Қай сызбада АВ түзуі π1 жазықтығына перпендикуляр болады?

17 Берілген сурет бойынша проекция жазықтығына тиісті түзу сызықтың орналасу әдісін ата.




  1. Фронталь түзу

  2. Горизонталь түзу

  3. Горизонталь – проекциялаушы

  4. Түзудің жалпы орналасуы

  5. Профиль түзуі

18 АВ түзудің атауын анықта

а) горизонталь түзу

б) фронталь түзу

в) Түзудің жалпы орналасуы

г) фронталь-проекциялаушы

д) горизонталь-проециялаушы
19 А, В, С нүктелерімен қандай жазықтық берілген?


а) профиль

б) фронталь

в) горизонталь

г) фронталь-проециялаушы

д) горизонталь-проециялаушы


20 Қай сызбада АВС нақты шамаға проекцияланады ?



Дұрыс жауаптардың кілттері:




№ Сұрақ

Дұрыс жауаптар

№ Сұрақ

Дұрыс жауаптар

1

Б

11

Б

2

Д

12

Б

3

Б

13

В

4

Г

14

Б

5

В

15

В

6

А

16

А

7

В

17

Б

8

Г

18

Д

9

Б

19

Б

10

Г

20

А


2.9 Курс бойынша сұрақтар:

1 Сызба геометрия пәні. Сызба геометрияның даму тарихы.

2 Проекция әдісі. Центрлік және параллель проекциялар. Тік бұрышты (ортогональ) проекция.

3 Стандартты аксонометриялық проекциялар. МЕСТ 2.317.69.

4 Монжа эпюрі.

5 Кеңістіктегі координат системасы.

6 Нүктенің, түзу сызықтың және жазықтықтың эпюрлері.

7 Түзу сызық проекциялары. Түзу кесінді мен проекция

жазықтарының өзара орналасуы.

8 Түзу кесіндісінің нақты ұзындығы мен проекция жазықтықтарына көлбеу бұрыштарын анықтау.

9 Түзу сызықтардың өзара орналасуы. (өз ара параллель, өз ара киылысушы түзулер, өз ара айқасушы түзулер). Конкурентті нүктелер.

10 Тік бұрышты үш бұрыш тәсілімен түзу кесіндінің нақты шамасын анықта.

11 Кеңістік жазықтығының проекция жазықтықтарына қарағандағы орналасуы. (жалпы жағдай жазықтықтары, ерекше жазықтықтары)

12 Жазықтықтың ерекше түзулері.

13 Жазықтыққа тиісті түзу мен нүктені бейнелеу.

14 Түзудің жазықтықпен қиылысуы.

15 Жазықтыққа параллель түзу.

16 Жазықтыққа перпендикуляр түзу.

17 Проекция жазықтықтарын ауыстыру.

18 Жазық- параллель орын алмастыру.

19 Проекциялаушы түзуден айналдыру.

20 Деңгейлік түзуден айналдыру.

21 Қисық сызықтар мен беттер.

22 Конустық қима.

23 Қиылған беттерді жаю.

24 Айналу беттердің қиылысу сызықтарын анықтау.

25 Жазықтықтармен қиылған көпжақтарды кескіндеу.

26 Жазықтықтармен қиылған қисық беттерді кескіндеу.

27 Денелер беттерінің ерекше жағдайда жазықтықтарымен қиылысуы.


  1. Жазықтықтың іздері.

29 Сызба сызықтарының түрлері,сызбада сызықтың жуандығы, сызба қаріпінің тағайындалған өлшемдері

30 Масштаб дегеніміз не? Кішірейту, нақты шама, үлкейту масштабтарын ата?

31 Көрініс дегеніміз не? Негізгі көріністі ата. Негізгі көріністің орналасуы.

32 Қосымша көрініс және жергілікті көрініс.

33 Бөлікті шығару. Оларды қалай белгілейді және қайда қолданады?

34 Тілік дегеніміз не? Қиюшы жазықтықтың орнына қарай тіліктер қалай ажырап бөлінеді? Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қалай бөлінеді және оның белгіленуі.

35 Қима дегеніміз не? Сызба өрісінде орналасуына қарай

қималар қалай аталады және оның белгіленуі.



36 Қандай қосылыстар ажырайтын қосылысқа жатады?

37 Бұрама беттің қадамы деп нені айтады? Жасуша деп нені айтады? Осі деп нені айтады? Ірі қадам, ұсақ қадам метрикалық бұрандалар қалай белгіленеді?

38 Метрикалық, трапециялық және тіректік бұрандалардың

өлшемдерін сызбада қалай түсіреді?

39 Бірктіру тетікбөлшектін атап, олардың неге қажет

екендігін айтып бер.

40 Бұрандама деп қандай тетікбөлшекті айтады?

Бұрандамалардың бастарының пішіндері бойынша қалай ажыратады?

41 Ұстастырма деп қандай тетікбөлшекті айтады? Оның сұқпа және қыспа ұштарын көрсет.


  1. Сомын деп қандай тетікбөлшекті айтады? Тығырық деп

қандай тетікбөлшекті айтады? Олар не үшін керек?

  1. Тетікбөлшектерді бұрандамамен біріктіру үшін қандай

типтік тетікбөлшектер керек?

  1. Тетікбөлшектерді ұстастырмамен біріктіру үшін қандай

типтік тетікбөлшектер керек?

  1. Сызбадағы басты кескіннің таңдау ережесі және кескін

санының таңдау ережесі.

  1. Білік дегеніміз не? Біліктің басты кескіні және оның

осьте орналасуы.

47 Төлке дегеніміз не? Төлкенің басты кескіні және оның осьте орналасуы.



48 Эскиз дегеніміз не? Сызбаның эскиздан айырмашылығы.




с. 1

скачать файл