Аннотация


с. 1 с. 2 ... с. 4 с. 5


ФК-03-3к2 тобы студенті Бегалиева Лейла Жанаталиевнаның «Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» тақырыбында орындалған дипломдық жұмысына

АННОТАЦИЯ


Бегалиева Лейла Жанаталиевнаның дипломдық зерттеуі білім беру жүйесінде қызмет атқаратын психологтің жеткіншек жасындағы оқушылардың эмоционалдық жағдайының ерекшеліктерін жете білу арқылы олардың сыйысымды мінезі мен қарым-қатынас қабілетін дамытуға ықпал жасау жолдары талданған.

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде жеткіншек жас кезеңіндегілердің жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне байланысты орын алатын мінезінің эмоционалдық тұрақсыздықтары туралы теориялық қағидалар талдау нәтижесінде эмоционалдық үйлеспеушіліктің даму заңдылықтары және көрініс беру ерекшеліктері, оған негіз болатын себептер анықталған. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде жеткіншектердің темпераменті, мінез ерекшеліктері, мазасыздануы зерттелініп, олардың эмоциаоналдық үйлесімді болуына әсер ететін психодиагностикалық және психокоррекциялық әістемелерді пайдалану арқылы балалардың қырсық мінезінің сыйысымсыздығын түсіндіріп, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға болатындығы дәлелденген

Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады.

Ф.4.7-007-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Институт __________________________________________
Кафедра____________________________________________
«БЕКІТЕМІН» Кафедра меңгерушісі

психология

(каф.аты)



____________________

(каф.меңгерушісінің аты-жөні)


«___»____________2007

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Диплом жұмысының тақырыбы ______________________________________

__________________________________________________________________



Нормобақылаушы: Дипломдық жұмыстың жетекшісі:

____________________ ________________________

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) (ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)

_____________________________ ___________________________________

(мерзімі, қолы) (мерзімі, қолы)


Рецензент Тапсырманы орындауға қабылдаған
_____________________________ Студент____________________________

(ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)

_____________________________

(мерзімі, қолы)


Шымкент – 2007

Ф.4.7-007-04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Институт__________________________________________

Кафедра ___________________________________________

Мамандығы ______________________________________________

«БЕКІТЕМІН» Кафедра меңгерушісі

психология

(каф.аты)



____________________

(каф.меңгерушісінің аты-жөні)

«___»____________2007

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМА № _____

Студент______________________________________ Топ_________________

Тақырыбы_________________________________________________________

__________________________________________________________________

Университет бұйрығының бекітілуі № ______«______»___________200__ж.

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі_________________________________

Жұмыстың негізгі мәліметтері_______________________________________ Жеке тапсырма____________________________________________________

ТҮСІНДІРМЕ ХАТТЫҢ МАЗМҰНЫ














































Тапсырма берілген мерзімі «_____»______________200___ж.



Дипломдық жұмыстың жетекшісі__________________________________

Тапсырманы орындауға қабылдаған студент____________________________



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.............................................................................................................3




1 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
1.1. Жекіншектердің тұлғалық даму ерекшеліктері.............................................................................................6

1.2. Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен...................19
1.3. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық

тұрақсыздықтың себептері....................................................................30
2 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
2.1. Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері...........................................................................................35
2.2. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты

мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау............................................53


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................65

ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................68

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А.Бек /46/, Л.С.Выготский /29/, Л.А.Орбели /46/, Г.Селье /87/, К.Роджерс /46/, К.Юнг /99/, В.Франки /94/, Р.Бэрон /24/, Перлз /74/, Изард /45/, З.Фрейд /91/, Қ.Жарықбаев /40/, С.Н.Ениколапов /43/ т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері талданған.



Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған. Жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігі орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.

Зерттеу мақсаты: жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктің теориялық негіздерін талдау арқылы оның алдын алу және коррекциялаудың жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • жеткіншектердің эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;

  • жеткіншектердің эмоцияларының көрініс беру түрлерін және себептерін анықтау;

  • жеткіншектерде орын алатын акцентуация, мазасыздану, депрессия жағдайларын диагностикалау;

  • мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін талдау.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясы және № 36 орта мектеп.

Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін, «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.

Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.

Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.



1 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
1.1. Жеткіншектерде кездесетін мінез ауытқулары және оның себептері
Жеткіншек жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларын зерттеу және оның негізінде мінез типологиясын жасау ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Бұл мәселені зерттеушілер мінез ерекшелерінің жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортаға икемделуіне және қарым-қатынас мәдениетіне үлкен әсер ететінін атай отырып, типология жасаудың қажеттілігін көрсеткен. Бірінші типологияны жасан неміс психиатры Э.Кречмер, кейінірек бұл проблеманы тереңірек зерттегендер У.Шелдон, Э.Фромм, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б. ғалымдар. Мінез типологиясын жасаушылар келесі ортақ пікірлерге сүйенген:

Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.

Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы АҚШ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.

Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тақырыптық апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жеткіншектер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында. Төмен реактивтілік психологиялық жағымсыз фактор болып табылады. Осыған байланысты жүргізілген Калифорниялық лонгютидтің зерттеу нәтижесі бойынша төмен эмоционалды реактив тән жеткіншектер мен жасөспірімдерге біршама мазасыздық тән, эмоционалды тұрақсыз, икемсіздеу және қарым-қатынассыздау болып келеді екен.

1. Мінез онтогенезде қалыптаса бастайды және адамның өмірінің барысында біршама тұрақтылықпен көрініс береді.

2. Мінез ерекшеліктерін сипаттайтын жеке тұлға көрсеткіштері кездейсоқ болмайды, олар анық байқалатын типтерді құратын болғандықтан осы ерекшеліктер негізінде типология жасауға болады.

3. Адамдардың басым көпшілігін типтерге жатқызып зерттеуге болады.

Э.Кречмер /29/ жеке тұлға құрылымындағы психологиялық және физикалық қасиеттердің бір-біріне тәуелді деп тұжырымдама жасап, барлық адамдарды дене құрылысына байланысты конституционалды типтерге бөліп, олард: астеникалық, атлетикалық және пикникалық топтарға бөлді. Әр тип өкілдері өздеріне тән ерекше темперамент иелері деп көрсетті. Сонымен қатар әр тип өкілдері психоз ауруына ұшыраса оның бір түріне жақындығымен сипатталатынын атап өтті. Кречмердің айтуы бойынша, психоз ол «нормадағы жеке тұлғаның келемежденген сипаты».

Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулерге осы типология негіз болды. А.Безумен /46/ жеткіншектердің өз-өзін бағалауындағы өзгерістердің динамикасын алты деңгейге бөліп көрсеткен. Солардың ішіндегі ең бағалыларын қарама-қарсы көрсеткіштермен бағалайды, мысалы: күшті-әлсіз; дені сау-ауыру; сұлу-ұсқынсыз. Жеткіншектерді осы қоршаған ортадағыларды бағалауын негізгі көрсеткіш ретінде анықтау арқылы типологиялау жолдарын К.Леонгард /46/ ұсынған. Леонгард жеткіншектік жас кезеңінде орын алатын акцентуация мәселесін жан-жақты зерттеді. Оның айтуынша акцентуация ол нормадағы мінездің шекаралық жағдайға дейін дамыған варианттары болып табылады. Акцентуация жеткіншектер алдына көптеген проблемалар қояды да баланың қоршағандармен қарым-қатынасында түсініспеушіліктер, дау-дамайлар мен қиындықтар туғызады. Безумен, Леоггард, Личко т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек жеткіншектердің жартысынан көбінің мінезінде акцентуация байқалады. К.Леонгардтың концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі.

Осы айтылған факторлардың себебі, Л.Е.Личко /65/ пікірі бойынша, осы ерекшеліктердің негізгі себебі, 12-18 жас аралығының психопатияға кризистік кезең болуында. Сондықтан да дәл осы кезеңде оларға аса көңіл бөлінбесе олардың мінез-құлқының эмоционалды үйлеспеушілігінің тереңдеп кетуі мүмкін. Бірақ, эмоционалды үйлеспеушілік тек қана гармоналды өзгерумен ашылмайды, сонымен қатар, әлеуметтік факторға және тәрбие шартына тәуелді және индевидуалды – типологиялық ерекшеліктерге де байланысты болады. Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың көлемін білу күрделі нәрсе. Сондықтан да есеюдің психологиялық қиындықтары «мен» бейнесі және талпыну еңгейінің қарама-қайшылығы сияқты жеткіншектерге тән эмоционалды күштену ерте жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. Сонымен қатар, балалардағы дисгармонияның жеткіншектік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің денесіне және сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі, тағы сол сияқты жағдайлар олардың эмоционалды үйлеспеуіне әкеліп соғады. Бірақ нормадағы оқушылардың эмоционалды үйлеспеушіліктің психопатиялық белгілері аз көлемде болады. Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік өтпелі кезеңнің барлық кезіне тән және олар қиын балалар қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың өзі қиын, үйде ешкім көмектеспейді, өздігінше өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік бағасы оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсетуге қысылады. Жеткіншектердің оқу әрекетінде апатия, ашушаңды, қаталдық, өкпе, түңілушілік кездесіп отырады, сонымен бірге, олардың мінез-құлқына тітіркенудің импульсивті формасы тән болып отырады.

Бұл мәселені толық түсіну үшін балада орын алған акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бүл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификациялардың бірі А.Е.Личко акцентуацияның түрлері мен олардың сипаттамасын ұсынған.

Личко ұсынған сыныптастыру бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі сипатта көрініс береді.

1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты – жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, үзақ уақыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын
ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз
орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда-эпилептикалық психопатия ретінде көрініс береді.

4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.

5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда -эпилептоидты психопатия.

7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.

8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.

9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі көрініс бергендер майда-шүйде сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін

10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге, экзальтацияға жақын, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект

Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады.

Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз, екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстермен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады.Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады.

Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бүл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай үлкендерге елеусіз себептерден басталады.

Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:

1. Биологиялық ерекшеліктер;

2. Әлеуметтік орта.

Жалпылап айтқанда эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын және одан шығу жолын В.М.Астапов /76/ келесі нұсқамен көрсеткен.

Осы нұсқа бойынша мазасыздану ыңғайсыз күй-жағдайдың орын алуына түрткі болады, сонымен қатар мазасыздану орын алғанда одан шығудың көптеген варианттағы жолын іздеу функциясын атқарады. Мазасыздану жеке тұлғалық (ағзада орын алған ішкі үйлеспеушілікке байланысты), және ситуативті (сыртқы ортада орын алған көптеген қайшылықтар, дау-дамай, келіспеушілік т.с.с. себептерге байланысты. Осы тұрғыдан талдағанда жеткіншектер мазасыздануы мектептік, отбасылық т.б. баланың өмір сүру ортасына байланысты орын алады. Мазасыздану агрессияның орын алуына негіз болады.




В.М.Астапов жасаған эмоционалдық үйлеспеушілік және одан шығу нұсқасы

Түрткі функциясы



Іздеу функциясыиска

Бағалау функциясы



Күй-жағдай. шығу


Субъективтік мүмкіндіктерді бағалау


Күй-жағдайдың өзгеруі



Қауіптің жоқтығы





Қашу

Қауіптің барлығы

Ступор

Жағдайдан артық белсенділік активность

Кризистік жағдайда болу


с. 1 с. 2 ... с. 4 с. 5

скачать файл