«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына


с. 1




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН





«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда

алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ

Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті


(бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы,
Д. Қонаев көшесі, 181.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы
6-бабының 8) тармақшасы және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы
№ 523 қаулысы (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) негізінде көрсетіледі.

4. Осы Мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz


Интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде), Комитет үйінің холында орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты Комитеттің тегін анықтама қызметтерінде 8 (727) 244-95-00 телефоны арқылы алуға болады.

5. Өтініш берушіге Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитентінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы хабарлау (бұдан әрі – аудитке жұмсалған шығындарды эмитентке өтеу) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі болып табылады.

Осы Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда эмитентке мемлекеттік қызметтерден бас тартуға негіздемелер анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерден бас тарту себебі туралы дәлелді жауап беріледі.

6. Мемлекеттік қызметтер қаржылық есептілікке бұрын аудит жүргізбеген және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын орналастыруды жүзеге асырған заңды түлғаларға - қаржы құралдарының эмитенттеріне (бұдан әрі – эмитент) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі осы Стандарттың


11-тармағында айқындалған құжаттармен бірге өтініш ұсынылған сәттен бастап он бес жұмыс күнді құрайды;

2) құжаттарды тапсырған кезде, мемлекеттік қызметтер нәтижелерін алған кезде күтуге жұмсалатын ең көп уақыт – 15 минут.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі, заңнамалық актілерде белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметтер Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Комитеттің ғимараты дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген нысан бойынша аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш;

қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен шарттың көшірмесі;

аудитке жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (құжат көшірмесінің шынайылығы тексерілгеннен кейін түпнұсқасы эмитентке қайтарылады);

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметтерін реттеу жөніндегі уәкілетті орган қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын жіберу үшін белгілеген, аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына аудиторлық ұйымның сәйкестігін растайтын кұжаттар;

эмитенттің қаржы құралдарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;

аудиторлық ұйымның эмитентпен аффилиирленбегені туралы, бұдан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті – аудиторлық ұйым үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметтер туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйымда аудит жүргізуге құқықтарының шектелмегені туралы жазбаша растауы;

қаржылық есептіліктің халықаралық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған аудиторлық есебінің нотариат куәландырған көшірмесі;

бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

биржа куәліктерінің көшірмелері;

орталық депозитарийдің жазбаша растауы;

құжаттарды ұсыну және алу құқығына сенімхат.

Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар көшірмелері нөмірленіп, тігіліп және лауазымды тұлғалардың қолдарымен және соңғы парақтың артқы жағында, тігілген жіптің түйініне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырманың үстіне эмитенттің мөрімен куәландырылып ұсынылады.

12. Өтініштердің үлгілері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған не оларды Комитетте (№ 107-кабинет) алуға болады.

13. Құжаттарды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Комитеттің мына мекенжайдағы ғимаратында қабылдайды: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 103 кабинет.

14. Құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметтерді тұтынушыға Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде көрсетілген нысандағы талон беріледі.

15. Өтініш берушінің аудитке жұмсалған шығындарды эмитентке өтеу туралы жазбаша хабарламасы эмитенттің басшысына не өкіліне
(сенімхат бойынша) бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жүмыс күні ішінде мына мекенжайда беріледі: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181,
№ 107 кабинет не поштамен жіберіледі.

16. Мынадай жағдайларда:

осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың бірі болмаған;

осы Стандарттың 11-тармағы он үшінші абзацының талаптары сақталмаған;

ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметтерінде:

1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы және әдепті болуы;

2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;

3) қаржы орталығының қатысушысы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;

4) мемлекеттік қызметтерді тұтынушының құпиялы ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы түсініктемені, шағымды дайындауға көмек алу үшін тұтынушы мына мекенжайға: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 202 кабинет, Комитеттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бастығына хабарласа алады, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

21. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, телефон нөмірі:


8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар


050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Қызметтер жөнсіз көрсетілген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, кабинеттің нөмірі 205, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Тұтынушының қалауы бойынша шағымға қосымша құжаттар және материалдар қосыла алады.

25. Шағым берілген жағдайда тұтынушыға Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде көрсетілген нысандағы талон беріледі. Шағым Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында көрсетілген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты
8(727) 244-95-00 телефоны арқылы ала алады.

26. Мемлекеттік қызметтер туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған.

_______________

«Алматы қаласының өңірлік

қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметтер стандартына

ҚОСЫМША


Сапа және тиімділік көрсеткіштерініц мәндері


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің

нормативтік

мәні

Көрсеткіштің

_________

жылдағы

мақсатты

мәні

Көрсеткіштің _________

жылдағы

ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы




1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде

100%







мемлекеттік қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)











2. Сапасы




2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің

90%







сапасына қанағаттанған










тұтынушылардың пайызы (үлесі)










3. Қолжетімділік




3.1. Қызметтің сапасына және

100%







оны ұсыну тәртібі туралы










ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)










3.3. Электронды форматта қолжетімді болатын










қызметтердің пайызы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі




4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне

қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)



100%







1

2

3

4

5. Әдептілік




5.1. Қызметкерлердің

100%







әдептілігіне қанағаттанған










тұтынушылардың пайызы (үлесі)












________________

с. 1

скачать файл