1 Нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон» олимпиадасын


с. 1
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон» олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін, сонымен қатар жеңімпаздарды анықтау ережелерін айқындайды.
1.2. Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасын өткізудің негізгі мақсаттары – жалпы білім беру мекемелері қатысушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін айқындау және дамыту, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырып, олардың кәсіби бағдарлануы мен білім алуын жалғастыруға ықпалдасу.
1.3. Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасын өткізудің міндеттері:

- экономикадан білімін игеру дәрежесін анықтау, ойын қатысушыларының креативті ойлау қабілеттіліктерін дамыту деңгейін анықтау және де бизнес-жоба құру мен тестілеу;

- жалпы орта білім беру мекемелері қатысушыларында экономикаға деген кең шеңберін оқуға қызығушылықтарын дамыту;

- орта білім беру қатысушыларының танымдық іс-әрекетін, шығармашылық қабілеттіліктері мен дербестік қасиеттерін ынталандыру.


2. ЭКОНОМИКАДАН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МАРАФОН» ОЛИМПИАДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Жалпы әдістемелік, ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің «Экономикалық теория және МЖБ» кафедрасымен жүзеге асырылады.
2.2 Колледж студенттері үшін интеллектуалды олимпиада 2 кезеңде өткізіледі:

1 кезең: бизнес-жобаны тапсыру, қорғау бойынша іріктеу турын өткізу. Бизнес-жоба презентация, роликтер және т.б. материалдардың көмегімен жүзеге аса алады. Іріктеу кезеңінің қатысушылары бизнес-жобаларының ерекшеліктерін эмблема, логотиптер арқылы көрсетулері керек. Бизнес- жобаны қорғау бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған қатысушылар экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының 2 кезеңіне жолдама алады.

2 кезең: финал ойындарынан құралатын экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасын өткізудің 2-ші кезеңі тест сұрақтарынан тұрады. Тест сұрақтары экономикадан және экономикалық теория пәндерінен 30 сұрақ негізінде құралған, әр сұрақта бес нұсқадан, оның ішінде бір дұрыс жауап қана белгіленеді, тестілеу уақыты 1 сағ (60 мин).

ФИНАЛ ОЙЫНЫ АЯҚТАЛҒАН КЕЗДЕ ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ БИЗНЕС-ЖОБА ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ОЙЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРЫП, ОЙЫН ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАЙДЫ.


2.3 Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасын өткізу регламенті:

10.00 - 10.30 - ойын қатысушыларын тіркеу;

11.00 – бірінші іріктеу турының басталуы;

13.00 – бірінші іріктеу турының аяқталуы;

13.00 – 14.00 – түскі ас уақыты;

14.00–14.30 1 іріктеу турының қорытындыларын шығару;

14.30 – 15.30 – Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының 2 кезеңін өткізу;

15.30-16.00- 2 кезеңнін қорытындысын шығару;

16.00 – марапаттау.
3. ЭКОНОМИКАДАН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МАРАФОН» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
3.1. Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасына қатысуға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының колледж студенттері жіберіледі.
3.2. Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының қатысушылары колледж басқармасымен куәландырылған бекітілген мерзімде өтініш беру арқылы ойынды ұйымдастырушылармен бекітілген мерзімдерде Қарағанды экономикалық университетінде алдын ала тіркеуден өтуі тиіс.

3.3. Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасын өткізудің жұмысшы тілі болып мемлекеттік және орыс тілдері табылады.

3.4. Қатысу тәртібі, экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының бағыттарына сәйкес қатысушылар санының есебі туралы ақпарат ойынды өткізу басталғанға дейін 2013 жылдың 13 ақпанынан бұрын қатысушыларға хабардар етіледі.
4. ЭКОНОМИКАДАН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МАРАФОН» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ӨТКІЗУ МЕН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
4.1. Ойынның ашылуы, қорытындылар шығару мен қатысушыларды марапаттау «Экономикалық теория және МЖБ» кафедрасымен жүзеге асырылады.

4.2. Іріктеу туры қатысушыларының бизнес-жобасын (презентация мен роликтерін), тексеру үшін комиссия (тестілік тапсырмалар нәтижелерін тексеру үшін) және әділ қазылар алқасы (ойын қорытындыларын шығару үшін) тағайындалады.

Іріктеу турының 1 кезеңінің жеңімпаздары болып балдарының сомасы барлық қатысушылардың ішінде максималды болып танылатын қатысушылар саналады.

2 турдың қорытындылары бойынша әділ қазылар алқасы экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының жеңімпаздары арасында сыйлық берілетін орындарды анықтайды.

4.3. Экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының лауреаттары болып 1 және 2 турдың балдар сомасы бойынша бірінші төрт орынға ілікпеген, бірақ әділ қазылар алқасының ерекше пікірімен сипатталған қабілеттіліктері мен дағдыларын, белсенділіктерін көрсете білген қатысушылар танылады.

Сыйлық берілетін орындардың саны:

1 орын – 1 дәрежелі диплом + құнды сыйлық – бір қатысушы;

2 орын – 2 дәрежелі диплом + сыйлық – бір қатысушы;

3 орын – 3 дәрежелі диплом + сыйлық – екі қатысушы.


5. ЭКОНОМИКАДАН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ АМАРАФОН» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

5.1. Әділ қазылар алқасы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің өкілдерінің ішінен құрылады. Әділ қазылар алқасының мүшелері «Экономикалқ теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасымен анықталып, экономика және басқару факультетінің деканымен бекітіледі.

5.2. Әділ қазылар алқасы тапсырмаларды бағалау критерияларын бекітеді, қатысушыларды 1 іріктеу турының орындалған бизнес-жобасы тапсырмаларының нәтижелерімен таныстырып, экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының 2 туры бойынша қорытындыларын шығарады.

5.3. Әділ қазылар алқасы қатысушылар жұмыстарын бағалаудағы даулы мәселелерді шешіп, экономикадан «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының жеңімпаздарын анықтайды.


6. ЭКОНОМИКАДАН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МАРАФОН» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫ

Барлық ұйымдық шығындарды (дипломдар, марапаттау қағаздары, кеңсе заттарын даярлау) Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті қаржыландырады.

Ұйымдастырушы комитет – «Экономикалық теория және МЖБ» кафедрасы

Анықтама телефондары: 44-16-34, 44-16-24 (ішкі 143), ұялы 87003549193.



Атқарушылар: кафедра оқытушылары –Баткеева Д.Р., Аркенова Ж.Р., Ставбуник Е.А.

с. 1

скачать файл